Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Етістікті қайталау.


Етістікті қайталау.

Етістікті қайталау.

Сабақтың тақырыбы: Етістікті қайталау.

Сабақтың мақсаты: 1. Етістік туралы алған білімдерін, білік дағдыларын бекіту,өз ойларын дұрыс жеткізе білуге дағдыландыру. Дарынды оқушыларды анықтау.

Сабақтың түрі: қайталау сабақ

Әдісі: Диалогтік оқыту, сын тұрғысынан ойлау, деңгейлік оқыту, бағалау.

Көрнекі құралдар:  күннің суреті, интерактивті тақта.

Күтілетін нәтиже: Етістік туралы білімдері тиянақталып бекітіледі. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрену, дарынды балалар қабілеттерін анықтау.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. (3 мин.)

Психологиялық ахуал.

  • Қазір кімнің көңіл-күйі өте тамаша, қол көтерсін!
  • Кімнің досы осы сыныпта отыр, қол шапалақтасын!
  • Кім өз-өзіне сенімді, қол көтерсін!
  • Бүгін біздер сабақта не істейтінімізді білетін бала, қол шапалақтасын!
  • Қазір не істейтінімізді білмейтін бала, қол көтерсін!

Үй тапсырмасын тексеру. «Автор орындығы» (3 мин)

ІІ. Ой шақыру. (5 мин)

Стикер арқылы топқа  бөліну. Қызыл гүлдер 1-топ. Сары лимон 2-топ.Қызыл гүлдер артында (жүгірді, отырды, жазды), сары лимон артында (күлді, секірді, оқыды) сөздер жазылған. Тапсырма сол сөздерді қимылмен бір топ көрсетеді. Ал келесі топ сол сөзді тауып атайды.

  • Ал енді осы сөздерге сұрақ қоямыз?
  • Сабақтың мақсаты қандай деп ойлайсыңдар?

Мағынаны тану. (12мин)

«Етістік» деген сызба дөңгелектің артында бір сурет жасырылған. 1-слайд.

  • Ненің суреті деп ойлайсыңдар?

Оқушылар бірнеше ойларын айтады. Жасырылынған сурет күн болып шығады. Күн тапсырмасын орындау. 2 слайд.

  1. Егер сағат 10-да мен жарқырап тұрсам. 24 сағаттан кейін жарқырап тұруым мүмкін бе? (Иә, мүмкін, себебі 24 сағат бұл 1 тәулік)
  2. Бүгінгі тақырыппен күнді қалай байланыстыруға болады?

Күнге байланысты бірнеше етістіктер айтуға болады. Мысалы: жылытады, шығады, батады, күлімдейді, шашады.

  1. Шығармашылық жұмыс. Осы етістіктерді пайдаланып, «Мен күнмін» тақырыбына 1-топ өлең құрастыру.

2-топ әңгіме құрастыру.

Сергіту сәті. (2 мин)

Ойын. Мақсаты: түрлі-түсті стикерлерге жазылған әрекетті қимылмен жеткізу.

Шашыңды тара, тісіңді тазала, бетіңді сүрт, қолыңды жу, бетіңді жу, қолыңды сүрт, құлақпен естиді, ауызбен тамақтану.

Деңгейлік тапсырмалар. (10 мин) 3 слайд.

1 деңгей.  Көп нүктенің орнына етістікті қойып жаз.

Оқушылар аулаға гүл ......... . Балалар гүлге су........  . Гүл тез ........ . Гүлге көбелек ......... .

2 деңгей.

Дара етістіктіктерді  күрделі етістікке айналдырып жаз.

Көрді, келді, оқыды, салды, лақтырды.

3деңгей.

Жалғасын тап.

Өнерлі өрге  ........  .

Досы көпті жау ........  .

Сын түзелмей, мін ....................  .

4 деңгей.

Шығармашылық жұмыс.

Жаңбыр жауады қалай?

Нелер? жүр ебелеп.

Гүлдерге не? қонады.

Көрінбей лезде не істейді?

 

Сабақ қорыту. (3 мин)

Жылдам жауап.

1-топ. Кез келген сөз таптарына қатысты сөз айтады

2-топ. Сол айтылған сөзге жылдам сұрақ қояды.

Рефлексия. (3 мин)

  •  Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің қандай?

Алған әсерлерін жазып, күннің шуағына жабыстыру.

  • Міне, күнімізде жарқырап шыға келді.

Бағалау. Әр топ басшысы бағалайды. (2мин)

Үйге тапсырма:  4-жаттығу Сөйлемдерді аяқтау. Тиісті етістікті орнына қойып жазу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Етістік
Зат есімді қайталау.
Дара және күрделі етістік
Етістік
Сан есімнің зат есіммен байланысы. Дене тазалығы
Көктем. Етістікті қайталау
Етістікті қайталау
Етістіктен өткенді қайталау
«Етістіктің түрлері» тақырыбы бойынша
Етістік
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 3718 | Қосты: Онайбекова Айман Сансызбаевна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык