Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 9887 |
|
|
|
Ежелгі мұралар
Ежелгі мұралар
Түсініктеме
Ұсынылып отырған бағдарлама «Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына» сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010 жылғы № 367 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламасының негізінде жасалынды.
Бағдарламада бүкіл қазақ әдебиеті тарихының тұтас күйін ойда ұстай отырып, ежелгі дәуір әдебиетінің тарихи орнын, мән-маңызын аңғарту, сөйтіп оқушы бойында біртұтас әдеби сананы қалыптастыру міндетін жүзеге асыру мақсат етіліп қойылды. Ежелгі дәуір әдебиеті ұғымын оқушылар ертедегі ауыз әдебиетінен ажырата білуге, ежелгі дәуір әдебиеті деп оқылатын шығармалар қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі халықтарының ортақ қазынасы екенін пайымдауға тиіс болады. Ежелгі дәуір әдебиеті қазіргі қазақ тілінен едәуір өзгешеліктері бар көне түркі тілінде жазылғандығын, солай бола тұра оның болмысы, мазмұн-мәні қазақ әдебиеті тарихының іргетасы болып табылатындығын меңгертуді көздейді.
Әдебиеттегі кереметтердің бірі болып табылатын Орхон және Енисей өзендері бойынан табылған айналасы ат шаптырым жерді алып жатқан мол көлемді құлыптастарға ойылып жазылған жырлар біздің төл жазба әдебиетіміздің басы болуымен де аса құнды екені меңгертіледі. Күлтегін жырларының табылу тарихынан, оның қазіргі қазақ тіліне аударылып баяндалу тарихынан мағлұматтар беру оқушылар қызығушылығын арттыра түседі. Мұндай жыршы тастардың, ақын тастардың Талас бойынан да табылғаны қазақ жазба мәдениетінің әріден келетін тарихының орнықты, дәйекті екенін көрсететініне көңіл бөлінеді.
«Қорқыт ата кітабы» деп аталатын жинақтың ішінде он екі жыр топтастырылғанын, олардың әр түрлі дербес жырлар бола тұра ерлік пен ізгілік мәселелерін қатар өріп отыратыны көрсетіледі.
Ежелгі дәуір әдебиеті үлгілері ішінде «Оғыз нама» сияқты қара сөзбен жазылған шығармалардың да бар екені қазақ жазба прозасының желісі сонау бұрынғы замандардан таратылатынын ұғындыруға назар аударылды. Бұның өзі ұлттық сананың жан-жақты қалыптасуына әсер етеді.
Ежелгі дәуір әдебиетінің көрнекті өкілдері Ахмет Иассауи, Әбу Насыр әл-Фараби, Махмұд Қашқари т.б. мұраларын оқыту оқушылар түсінігі үшін аса күрделі екені ескерілді. Ежелгі түркі дәуірінің қоғамдық, әдеби, мәдени өмірін жыр ететін ғажайып дастандардың озық үлгілері қамтылды.Бұл әдебиет үлгілерінде ақыл-парасат, өнер-білім, әдептілік, тәлім-тәрбие, мінез-құлық, кішіпейілділік, жомарттық, тіл мәдениеті, әке-шешені құрметтеу т. б. кең көлемде сөз болады. Мұның бәрі бала тәрбиесіне оң әсерін тигізері сөзсіз.
Мақсаты:
Ежелгі дәуір әдебиетінің мән-маңызы мен өзіндік ерекшеліктері, көркемдік сипатын таныту. Оқушы бойында тарихи сананы қалыптастырып, ұлттық рухты егу. Ежелгі мұраларымызды өнер табиғатына сай оқи білуін, оның идеялық-эстетикалық мән-мағынасына терең бойлап, тебірене қабылдауына мүмкіндік туғызу.
Міндеті:
Танымдық бағыт бойынша:
1.Көркем шығармалардағы сөз тереңдігін түсініп, бағалай білуге баулу.
2.Оқушыларға әдеби білімнің әр жақтылығын, жүйелілігін, мақсаттылығын түсіндіру.
3.Туындының адамгершілік түпкі мазмұн-мәнін түсіндіру.
4.Шығарманың тілдік, стильдік ерекшеліктерін, жеке сөз қолданыстардың шығармадағы көркемдік-эстетикалық жүгін түсіне білулерін қамтамасыз ету.
5.Шығарма әлеміне оқушыны енгізе отырып, ой қозғалысына жетелеу, көркем туындыға қызығушылығын арттыру.
Практикалық бағыт бойынша:
1. Оқушыларды өз бетімен ізденуге дағдыландыру.
2. Оқушылардың жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол ашу,
шығармашыл тұлға қалыптастыру.
3.Өзіндік ой пікірін айта білуге, дәйекті, жүйелі айта білуге, ұтымды, шешен сөйлеуге баулу.
Күтілетін нәтиже:
Ежелгі дәуір әдебиеті үлгілерін ұлттық құндылық ретінде бағалап, құрметтей білетін білімді әрі мәдениетті тұлға.
Пәнді меңгеру деңгейінің талаптары
1. Ежелгі дәуір әдебиеті үлгілерін өз бетімен ізденіп оқу.
2. Әдебиет үлгілерінің мән-маңызын, ерекшіліктерін тани білу.
3. Берілген деректерді жинақтап қорытынды шығара білу.
4. Шығармалардың тарихи-әлеуметтік мәні мен әдеби сипатын дұрыс аңғара білу.
5.Ежелгі мұралардың сюжетін, композициялық құрылысын, стильдік ерекшеліктерін, идеялық- көркемдік маңызын түсіне білу.
6. Жырлардың поэтикалық тіліне талдау жасау .
7. Тақырыбы бір-біріне үндес шығармалардың кейіпкерлерін, оқиғаларын салыстыру жұмыстарын, сөздік жұмысын жүргізу.
Аптасына – 1 сағат. Барлығы – 34 сағат
№ Тақырыбы Сағат саны Мерзімі
І Ежелгі дәуір әдебиеті – ата-баба мұрасы
1. Ежелгі дәуір әдебиеті туралы жалпы шолу 1
ІІ Көне түркі әдебиеті (VІ-ІХ ғ. ғ.)
2. Орхон-Енисей жазба мұралары түркі халықтарына ортақ мұра 1
3. Орхон-Енисей жазба ескертіштерінің тілі 1
4. Көне сөздер құпиясы 1
5. Ежелгі түркі жазулары 1
6. Орхон-Енисей ескерткіштерін зерттеушілер 1
7. Күлтегін жыры (бірінші жазу) 1
8. Күлтегін жыры (үлкен жазу) 1
9. Тоныкөк 1
10. Қорқыт ата 1
11. Қорқыттың нақыл сөздері 1
12. Дерсе хан ұлы Бұқашхан туралы жыр 1
13. Оғыз қаған жыры 1
ІІІ Ислам дәуіріндегі әдебиет 1
14. Әбу Насыр әл-Фараби 1
15. Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат 1
16. Әл-Фараби өлеңдері 1
17. Махмұд Қашқари өмір жолы, шығармашылығы 1
18. Түркі тілдерінің жинағы 1
19. Жүсіп Баласағұни. «Құтты білік» 1
20. Ахмет Иассауидің танымдық өмірі 2
21. Даналық кітабы 1
22. Кітаптағы сопылық хикметтер 1
23. Сүлеймен Бақырғани. «Бақырғани кітабы» 1
ІІІ Алтын Орда – қыпшақ дәуіріндегі әдебиет
(ХІІ-ХІV ғ.ғ.)
24. Кодекс Куманекус 1
25. Жұмбақтар 1
26. Рабғузи. Лұқман хакім хикаялары 1
27. Хазрет Сүлеймен хикаялары 1
28. Харут пен Марут хикаясы 1
29. Құтып. «Хұсрау-Шырындағы» мақал-мәтелдер 1
30. Хорезми. «Махаббатнама» 1
31. Хұсам Кәтиб. «Жұмжұма сұлтан» 1
32. Сәйф Сараи хикаяттары 1
33. Жинақтау. Қорытындылау 1
Оқу курсының тақырып мазмұны
1. Ежелгі дәуір әдебиеті – ата-баба мұрасы
Ежелгі дәуір әдебиетіне жалпы шолу жасалады.
2. Көне түркі әдебиеті Орхон-Енисей жазба мұралары түркі халықтарына ортақ мұра екендігі ұғындырылып, көне сөздер құпиясы туралы сыр шертіледі. Қорқыт атаның нақыл сөздерінен нәр алады.
3. Ислам дәуіріндегі әдебиет Ислам дәуірі әдебиетінің көрнекті өкілдері Әбу Насыр әл-Фараби, Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұни сынды ұлы ғұламалардың өмір жолымен танысып, шығарамаларының мазмұны ұғындырылып, талдау жасалады.
4. Алтын Орда – қыпшақ дәуіріндегі әдебиет
Алтын Орда – қыпшақ дәуірінде өмір сүрген шайырлардың шығармаларымен танысады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. «Ежелгі дәуір әдебиеті» Алматы «Ана тілі» 1991 жыл
2. Ә.Әбіласан. «Көне сөздер құпиясы» Алматы 1995 жыл
3. Ә.Қоңыратбаев. «Қорқыт ата кітабы» Алматы «Жазушы» 1986 жыл
4. Ә.Дербісалин. « Қорқыт ата» Алматы 1993 жыл
5.Б.Ысқақов. «Қорқыт ата» Алматы «Жазушы» 1994 жыл
6. «Орхон жазбалары» Алматы «Атлас» 2001 жыл
7.Қ.Бітібаева. «Қазақ әдебиетін тереңдетіп оқыту әдістемесі» Алматы 1997 ж.
Оқушыларға ұсынылатын әдебиеттер
1. «Ежелгі дәуір әдебиеті» Алматы «Ана тілі» 1991 жыл
2. Ә.Әбіласан. «Көне сөздер құпиясы» Алматы 1995 жыл
3. Ә.Қоңыратбаев. «Қорқыт ата кітабы» Алматы «Жазушы» 1986 жыл
4. Ә.Дербісалин. « Қорқыт ата» Алматы 1993 жыл
5.Б.Ысқақов. «Қорқыт ата» Алматы «Жазушы» 1994 жыл
6. «Орхон жазбалары» Алматы «Атлас» 2001 жыл
7.Қ.Бітібаева. «Қазақ әдебиетін тереңдетіп оқыту әдістемесі» Алматы 1997 ж.
Оқу деңгейін бақылау
1.Шығармашылық жұмыс түрлерін жүргізу.
2.Өтілген тақырыптарға байланысты тест жұмыстарын алу.
3.Деңгейлік тапсырмалар орындау.
Пәнді оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету
1.Әдістемелік оқу құралы. 8-сынып Алматы . «Атамұра» 2009 ж.
2.Ұ.Байсақалова. «Шығармашылық жұмыстың түрлері». Алматы. «Мектеп» 1989ж.
3. М.Балақаев. «Қазақ тілінің мәдениеті». Алматы 1989ж.
4.«Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы
5. «Білім шуағы» газеті
6.Ұ.Байсақалова. «Әдебиет сабағындағы шығармашылық жұмыстың түрлері» Алматы – 1991 ж.
7. Қ.Бітібаева. «Әдебиетті оқытудың инновациялық технологиясы»,
Өскемен -2002ж.
8.З.Ахметов. «Әдебиеттану». «Рауан». Алматы- 1998 ж.
9.С.Мақпырұлы. «Әдебиеттану». Алматы – 2000 ж.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |