Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ежелгі дәуір әдебиетін қорыту


Ежелгі дәуір әдебиетін қорыту

Тақырыбы: Ежелгі дәуір әдебиетін қорыту

Сабақтың мақсаты: 
1) білімділік: оқушылардың ежелгі дәуір әдебиеті туралы алған білімдерін тексеру. 
2) Дамытушылық: шығармалардың көркемдік ерекшелігін көрудегі әдеби теориялық білімдерін дамыту.
3) Тәрбиелік: ұлтжандыллыққа, құндылықтарды сақтауға тәрбиелеу. 
4) Танымдылық: оқушы ойын белгілі мәліметтер арқылы дәлелдеуге үйрету және  сөз мәнін түсінудегі танымдылығын байыту. 
Типі: жүйелеу.
Пәнаралық байланыс. Қазақ тілі
Сабақтың барысы.
І Ұйымдастыру кезеңі 
Блиц сұрақтар.  (1 минут)
- «Әдебиет» сөзі қай тілден енген және қандай мағынаны білдіреді?
- Теңеу қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
- Жүз жасаған жыр алыбы.
- Ертегі әдебиеттің қай түріне жатады? 
- Ал ежелгі дәуір әдебиеті қай уақыт аралығын қамтиды? 
- Ежелгі дәуір әдебиетінің дәуірлері. 
«Миға шабуыл» әдісі. Фото-дерек. (1 минут)
 (тақтада ежелгі дәуір әдебиетінің өкілдерінің портреттері)
- әл-Фарабидің туған жері және өмір сүрген жылдары. (870-950 ж.ж. Отырарда туған.)
- Ахмет Йасауи (ХІІ ғ. Сайрамда туған)
- Жүсіп Баласағұни (1015-1016 ж.ж. Баласағұн қаласында туған.)
- Махмұт Қащқари (1029-1030 ж.ж. Барысханда туған.)
Сабақтың кезеңдерімен таныстыру. 
І кезең- «Ғұламалар әлеміне шолу» 
ІІ кезең – «Ғұламалардың тіл көркемдігі» 
ІІІ кезең – «Қастерлеп – қадірлейтін қазына»  
(Оқушылар өздерінің бағаларын жазып отырады, ортақ баға қойылады). 
Ғұламалар әлеміне шолу жасайық (білім деңгейі тексеріледі). (2 минут)
 
 
Шығармалары
әл – Фараби 
А. Йасауи Ж. Баласағұни М.Қашқари Рабғұзи Сайф Сараи
1 «Диуани лұғат ат-түрік» +
2 «Музыканың үлкен кітабы» +
 3 «Диуани хикмет» +
4 «Құдатғу білік» +
5 «Түркіше Гүлстан» +
6 «Лұқман Хакім» +
2-нұсқа
 
Шығармалары әл – Фараби 
А. Йасауи Ж. Баласағұни М.Қашқари Рабғұзи Сайф Сараи
1 «Құдатғу білік» +
2 «Түркіше Гүлстан» +
3 «Диуани хикмет» +
4 «Музыканың үлкен кітабы» +
5 «Лұқман Хакім» +
6 «Диуани лұғат ат-түрік» +
 
(Оқушылар бір-бірінің жауабын тексереді)
Бағалау критерийі.     Қате жоқ – «5», 1 қате – «4», 2 қате – «3»
 
Келесі тапсырма. 1-нұсқа (3 минут)
Реті Елеулі оқиғалар Кімнің өміріне қатысты?
1 16 жасында  оқу іздеп Бағдатқа барады. әл -Фараби
2  63 жасында қылуетке түседі. Ахмет Йасауи
3 Кітабында төрт кейіпкер бар. Ж.Баласағұни
4 Түркі даласы мен қалаларын аралап, мақал-мәтел, жырларын жинаған. М.Қашқари
5 Ол кісінің мазары Қармақшы стансасынан 18 шақырымдай жерде тұр. Қорқыт ата
2-нұсқа 
Реті Елеулі оқиғалар Кімнің өміріне қатысты?
1 Діндар, тақуа, адалдықты ұстанған қасиетті жан А.Йасауи
2  Оның еңбегі сегіз тараудан тұрады. С.Сараи
3 Оның 72 қиссасы бар. Кітабы ежелгі шығыс мифтері мен аңыздары, өлең-әңгімелерінің жинағы болып табылады. Рабғұзи
4 Оның Барысхан атты ұлы, Қаз есімді қызы болған. Алып ер –Тұңға
5 Оның кеңесшісі – Ұлық Түрк Оғыз қаған
(Оқушылар өздерінің  жауаптарын тексереді)
Бағалау критерийі. 
Қате жоқ – «5», 1 қате – «4», 2 қате – «3» (неше- 5. неше- 4. неше- 3 сұрау)
 
Тест. (5 минут)
Толықтыруды қажет ететін тест. 
1. Қорқыт __________ Сыр бойында өмір сүрген атақты күйші, жырау, аңыз кейіпкері.
2. Оғыз батырдың жер қайысқан қолын жеңістен-жеңіске _________    бастап жүреді.
Еске салушы тест. 
1. Ахмет Йасауи Түркістанға қай жылдары оралды? 
2. Күлтегін неше жасынан бастап жаумен шайқасты және қанша рет соғысты?
Балама жауаптары бар тест 
1. «Қорқыт ата кітабы» Дрезден қаласында 12 жырдан тұратын қолжазба күйінде, ал Италияда 6 жырдан тұратын қолжазба күйінде сақталған. 
А) ИӘ                   Б) ЖОҚ
2. Күлтегін 684-731 жылдары өмір сүрген ежелгі  түркі мемлекетінің әскери қолбасшысы, белгілі қоғам қайраткері болған. 
     А) ИӘ                   Б) ЖОҚ 
Таңдамалы тест
1. Ежелгі түркі дәуірінің қоғамдық, әдеби, мәдени өмірін жыр еткен дастандар. 
А) Алпамыс батыр     Ә) Тоныкөк      Б) Ер Тарғын 
2. «Оғыз-нама» қанша хикаядан тұрады? 
     А) 70-тен аса                Ә) 100-ден аса        Б) 40-тан аса
Сәйкестік тест.
1. Трактат                                                  а) Алланың ақ жолы туралы жинақ 
2. Қаған                                                      ә)   шағын ғылыми еңбек
3. Диуани хикмет                                      б)   хан
Реттік бірізділікке берілген тест
1. Оғыз балаларын рет-ретімен орналастыр, (Ай, Көк, Жұлдыз, Тау, Күн, Теңіз)
                                   Тест жауаптары: 
Толықтыруды қажет ететін тест. 
1. ҮІІІ ғасырда
2. Көкжал Бөрі
Еске салушы тест.
1. 1119-1120
2. 16 жасынан 23 рет соғысты.
Балама жауаптары бар тест
1. А) ИӘ
2. Ә) ИӘ 
Таңдамалы тест
1. Ә) Тоныкөк
2. Б) 40-тан аса
Сәйкестік тест
     1 - Ә
2 – Б
3 – А
Реттік бірізділікке берілген тест
Күн, Ай, Жұлдыз, Көк, Тау, Теңіз. 
Бағалау критерийі. 
Қате жоқ – «5», 1 қате – «4», 2 қате – «3»
ІІ кезең – «Ғұламалардың тіл көркемдігі» (әдеби теориялық білімді дамыту)
(4 минут)
1-қатарға - Сағди Ширазидің шығармасын аударған кім? (Сайф Сараи 41-беттегі  әңгімелерінен антоним сөздерді табу) 2-әңгімеде – ұзын-аласа, ақылды-ақымақ, 6-әңгімеде - әдепті -әдепсіз, дәулетті –дәулетсіз           Жүсіп Баласағұни мен Абай үндестігі 
2-қатарға - «Хас Хажып» атағын кім алды?  (32-беттегі «Ақыл, білім, тілмашы - тіл» өлеңіне талдау жасау) Тақырыбы – тілдегі сөз құдіреті туралы.   Идеясы - әр сөздің мәнін түсіну.  Шумақ – 3 шумақты.   Тармақ – 4 тармақты.   Бунақ – 3 бунақты.  Буын – 11 буынды   Ұйқас – егіз ұйқас 
3-қатарға- (24-бет) «Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған кім?» әл – Фараби өлеңдерінен аллитерация, теңеу, эпитет, метафораны табу. 
     Теңеу – сызықтай, құрыштай.   Эпитет – нұрлы бейнең, аққан жұлдыз, тылсым түнге. Метафора – жанымды ой жарығы аймалаған.
ІІІ кезең – «Қастерлеп – қадірлейтін қазына» (толғандырған ойлар). (3 минут)
«Тәтті болмақ та тіл мен жүректен, ащы болмақ та тіл мен жүректен» Лұқман Хакім (14 ғасыр)
«Сөзіңді бақ, басың кесіп алмасын,
Тіліңді бақ, тілің сынып қалмасын!» Ж.Баласағұни (11 ғасыр)
«Жанашыр ағайын-туған көрікті».   Қорқыт ата (8-9 ғасыр)
«Жаттың майлы бөкпенінен 
Жақынның жұдырығы жақсы»   Махмұт Қашқари (11 ғасыр)
(бүгінгі күнмен байланыстыру)
Сабақты қорыту. 
- Ежелгі дәуір әдебиетінде қозғалған тіл құдіреті де, туған жерге, елге деген сүйіспеншілік, парасат, қанағат ұғымдары  бүгінгі күнде де өз құндылығын жоғалтқан емес. 
Бағалау. 
Бағалардың ортақ бағасын қою. 
Үй тапсырмасы. Тест құрастыру 10-сұрақ.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қожа Ахмет Йассауи «Диуани хикмет» кітабы
Жүсіп Баласағұни "Құтты білік" дастаны
Ежелгі дәуір әдебиеті
Ғылым мен білімнің дамуы
Ежелгі дәуір әдебиетін қорыту
Ислам дәуіріндегі әдебиет
Ежелгі мұралар
Құтып. «Хұсрау-Шырындағы» мақал-мәтелдер
Орта ғасырлардағы қазақ даласында туған тарихи шығармалар және қазақ жерінен шыққан даналар
Қазақстанда ғылым мен өнердің дамуы
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 4362 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык