Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Г г дыбысы мен әрпі


Г г дыбысы мен әрпі

Сабақтың тақырыбы: Г г дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:
Г дыбысы мен әрпін оқуды жалғастыру.Г дыбысын сөз ішінен табуға, г дыбысы арқылы берілген сөздерді оқуға, жазуға үйрету.
2.Дамыта оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, оқушылардың есте сақтау қабілетін, логикалық ойларын  ,сөздік қорларын, танымдық дағдыларын дамыту.Оқушыларды дұрыс оқи алуға, әдемі жазуға машықтандыру.
3.Оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Қолданылатын әдістер:Түсіндіру, сұрақ-жауап,мәнерлеп оқу, 
                                         дидактикалық ойындар 
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, гүлдер
Түрі : аралас ,қайталау сабақ
Пәнаралық байланыс: музыка      
 Сабақ барысы:
І. Бағдарлау- мотивациялық кезең:
-Балалар бүгін біздің сабағымызға көптеген қонақтар қатысып отыр екен.
-Олай болса сәлем сөз анасы, сондықтан оның мағынасына мән беру әдептіліктің,адамгершіліктің баспалдағы.Ал, балалар барлығымыз мына отырған қонақтармен сәлемдесіп алайықшы.
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз
Бәріне де ізетпен,
Біздер сәлем береміз.
-Өте жақсы,балалар, олай болса сабақ бастамас бұрын бір-бірімізге сәттілік тілеп жіберейік.
Ойланайық бір мезет,
Абайлайық қарайық.
Бірімізге біріміз.
Күннің нұрын сыйлайық.
-Қазір бізде қандай сабақ?
Әліппе сабағы қандай сабақ, не үйреніп жатырмыз?
-Әріп пен дыбыстың  айырмашылығы қандай?
-Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Дауысты дыбыс қалай жасалады?
-Дауыссыз дыбыс қалай жасалады?
-Өткен сабақта қандай әріппен таныстық?
 
а)Г дыбысы туралы білетіндерін топтастыру.
-Г дыбысы  қандай дыбыс?
-Қалай айтылады?
-Қандай дауыссыз?
-Сөздің қай жерінде кездеседі?
-Үйге қандай тапсырма берілді?
«Көгершін» туралы білетіндерін айтқызу.
-Көгершін не?
-Қандай құс?
 Сергіту сәтіне «Ақ көгершін» әнін айтқызу.
-Қазір балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын сендер ойланып дұрыс жауабын табасыңдар.
«Ойлан» тап
Келеді  сапар тартып алуан жолдан,
Тамаша қызығы көп түспес қолдан.
Қызығып оқысаңыз тамшалап.
Қаласыз хабарласып барлық жайдан.
                                 (газет)
-Балалар біз газетті не істейміз?
-Оқимыз, жаңалықтар білеміз.
-газет деген сөзде бірінші қандай дыбыс естіп тұрсыңдар?
-газет сөзін буынға бөлгізу.
Оқулықпен жұмыс:
Оқулықтағы 1-қатардағы сөздерді түсіндіру. К-ден кейін дауысты дыбыс жалғанғанда К дыбысы Г дыбысына айналады .
Мысалы:
а)Терек-терегі                                                       Ілгек-ілгегі
Білек-білегі                                                         Етек-етегі
Шелек-шелегі                                                     Жәшік-жәшігі
ә)2-ші қатардағы сөздерді түсіндіру.
Бәйге-жарыс,ат жарысы
Мәре-жарыста 1-ші болып келген адамды мәреге жетті дейді.
Мерген-атқанда дәл тигізетін адамды мерген адамдейді
Дәрігер-адамдарды емдейді
Ертегі, әңгіме-әңгімелеуді айтады
Жүгері-өсімдік
Жүген –ат әбзелі
Б) «Ақан сері»  сері оқу, түсіндіру, мағлұмат беру.
Ақан әнші ,әрі ақын
Ақан –Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданында Қоскөл ауылында дүниеге келген.Сері деп айтатын себебі, қасына өнерлі адамдарды жинап алып, бір ауылдан екінші ауылға барып, өнерлерін көрсеткен, сондықтан сер деп атаған.
Сұрақ-жауап арқылы мәтінді әңгімелеу.
-Ақан кім?
-Қандай тұлпраы болған?
-Ол бәйгеден ұдайы нешінші орын алып келген.?
-Бүркіті не деп аталады?
-Қараторғай туралы не шығарған?
а)тізбектей оқыту
 
                      ІІ. Операциялық – орындаушылық кезең: 
Сергіту сәті:
Орнымыздан  тұрайық,
Көгершінге ұқсайық.
Көгершін боп ұшып ап.
Қане, қанат қағайық.
Орнымызды табайық,
Әдемі етіп жазайық
 -Балалар тақтадағы сөздерден қалдырып кеткен әріптерді жазу.
.... ақа,    кө...елек,  с...біз,   мысы...,  ба...даршам
а)Суреттерге қарап , әріптерден сөз құрастырыңдар.Торларға сөздерді жазу.
    ІІІ. Рефлекциялық –бағалау кезеңі.
Суреттерге қарап сөздерден сөйлем құрастырыңдар.
1.Атам әлемін зерттейді аспан
2.Түнде ай береді жарық
3.Тұр әдемі гүлдер гүлсалғышта
 
Ә)Суреттерге сәйкес сөздерді тап.
Жүзеді,үреді,өседі, ұшады, мияулайды, кісінейді.
«Сөз ойла, тез ойла» ойынын ойнату.
Оқушылардың сөздер ойлатып, сол айтылған сөздерге сөйлем айтқызып талдату. 
Бағалау: Оқушылардың білімдерің қарай қызыл ,сары гүлдермен бағалау.
Үйге тапсырма: Г г дыбысы мен әрпі
 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қ дыбысы мен әрпі
"Пп"дыбысы мен әрпі
Г дыбысы мен әрпі
А а дыбысы мен әрпі
Х дыбысы мен әрпі
Ә ә дыбысы мен әрпі
Г г дыбысы мен әрпі
С с дыбысы мен әріп таңбасы
Н н дыбысы мен әріп таңбасы.
Г дыбысы мен әрпі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 2842 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык