Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » К дыбысы мен әрпі


К дыбысы мен әрпі

Сабақтың тақырыбы: К дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: Дауыссыз К дыбысы мен әрпін таныту, жаңа сөздерді оқи, жаза білуге үйрету.

Міндеттері:

 1 Дауыссыз К дыбысы мен әрпін таныту, жаңа сөздерді оқи, жаза білуге үйрету.

 2 Оқушылардың сөйлеу мәнерін, байланыстыра сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

 3 Кітап оқуға, кітапты құрметтеуге, табиғатты қорғауға баулу.

Көрнекілік:интерактивті тақта,К-дыбысына байланысты заттардың макеті,

Сабақтың типі:аралас

Сабақтың түрі:жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері:ойын технологиясы,АҚТ,сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:
 1. Ұйымдастыру.

                            Біз біргеміз

                            Сөгілмесн іргеміз

                            Ізденсек бірге бәріміз

                            Жетерміз білім шыңына

ІІ.Өткен сабақты еске түсіру.

 - Өткен сабақта кандай дыбыспен, әріппен таныс болдық?

 - Ее дыбысымен, әрпімен.

 - 76-шы бетті оқыту. Тез әрі сауатты оқиық.Е дыбысына қатысты тақпағымызды еске түсірейік.      Жарға шығып ойнайды,

                                                       Ойынға бір тоймайды.

                                                        Болса-дағы сақалы

                                                        Секеңдеуді қоймайды

                                                                                              (ешкі)

ІІІ. Жаңа сабақ.

  1. Ой қозғау. (жұмбақтың жауабын шешу)

 

Буынға бөлу:Көбелек. Көбелек сөзі қай әріптен басталып қай әріпке аяқталып тұр? (К)

Бүгін к дыбысымен танысамыз.

  2. К- баспа әрпі көрсетіледі.  К-деп 3 рет айтып, тілдің ортасы таңдайдың орта шетіне нық жабысып бірден кілт ажырап кетеді.

      К – дауыссыз дыбыс, өз алдына буын жасай алмайды.

  3. Мынау не? –

      Мынау киіз үй. Сендер киіз үй туралы не білесіңдер ме? (Ол таулы жерлерде құруға ыңғайлы). Жаз мезгілінде тауда шопандар киіз үйде тұрады.

  • Мынау не? –мынау- кесе
  • Мынау не? – мынау-  кәмпит
  • Мынау не? – мынау-  күріш
  • Мынау не? – мынау-  кебеже. Кебежеге тағамдар, ыдыстар салынады.

(кесе, киіз үй, күріш, кәмпит) сөздері қай әріптен басталып тұр? К-ден басталады.

К сөздің басында келеді.

  • Мынау не? – мынау-  мектеп. Мектепте білім аламыз.
  • Мынау не? – мынау-  сөмке.
  • Ал, мынау қай сан? – екі. Екі қандай баға?

К сөздің қай жерінде кездеседі? (ортасында).

  • Мынау не? – мынау-  шелек.
  • Мынау не? – мынау- шәйнек.
  • Мынау не? - мынау-  әйнек.

К әрпі сөздің қай жерінде кездеседі? К- сөздің соңында кездеседі.

Өте жақсы. К дыбысы сөздің барлық буынында кездеседі.

  5. Енді бағандағы сөздерді оқиық.

Кеме – кеме суда жүзеді. Ол ағаштан жасалады.

Кесе – ыдыс.

Терек – ағаш.

Шелек – ыдыс.

Мереке – мейрам.

Береке – ырыс   

Кебеже – ыдыс, тамақ салады.

Текемет – еденге жаяды. Ол киізден жасалған.

         «Орным қайда?» ойыны.

Тақтадағы                      буындардан сөз құрайық.

Ке  ме  - к дыбысы қай буында кездескен? (к 1 буында)

Те   рек  - (2- буында, сөз соңында)

Ше  лек – (к- сөздің екінші буынында тұр)

Ке  се – (к- сөздің басында, 1- буында тұр)

  6. Сергіту сәті.

           Қызыл, сары, қоңыр, көк

         Алуан-алуан көбелек.

         Торға түсіп қалмашы

         Торғайға жем болмашы.

  7: Дәптермен жұмыс.

  - К әрпін жазып үйренейік. К – балалар қаламды қолға алып, к әрпін ауада жазайық. Енді дәптерге жазыңдар!

  Интерактивті тақтамен жұмыс. Тақтаға сөздік диктант жазу. Кесе, кеме, кебеже, шелек.

  8. Оқулықпен жұмыс. «Кеме» мәтінін оқу.  Мынау- кеме. Кеме- ағаштан жасалады. Кеме- суда жүзеді. Кемені балықтарға қарап жасаған.

  9. Мәтін мазмұнын сұрау.

Қорытынды:

Көбелектерді гүлдерге қондыру арқылы оқушылар сұраққа жауап береді.
-Бүгін қандай дыбыспен таныстық? (К)
-Қай әріпті жазып үйрендік? (К)
-К қандай дыбыс? (дауыссыз)

-К дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі? (басында, ортасында, соңында)
 Бағалау (мадақтау)
 Үйге тапсырма. К дыбысы. Кеме мәтінін оқу.
 Тосын сый (кітап


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қ дыбысы мен әрпі
"Пп"дыбысы мен әрпі
Г дыбысы мен әрпі
«Л» -дыбысы мен әрпі
Өө дыбысы мен әрпі
А а дыбысы мен әрпі
Х дыбысы мен әрпі
Ә ә дыбысы мен әрпі
Г г дыбысы мен әрпі
С с дыбысы мен әріп таңбасы
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 18184 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык