Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Менің мектебім. Синоним, антоним, омоним


Менің мектебім. Синоним, антоним, омоним

Тақырыбы: Менің мектебім. Синоним, антоним, омоним

Мақсаты:
1.Білімділік: Оқушылардың синоним, антоним, омонимге  тән белгілері мен ұқсастықтарын игеруіне, тақырып аясында сөздік қорларының арттырылуына ықпал ету. 
2.Дамытушылық:  Оқушылардың тақырып аясында ауызекі сөйлеу, сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын арттыру.
3. Тәрбиелік:            Оқушыларды тіл өнеріне, сыйластыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Түйінді идеялары:  Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер әр түрлі деңгейдегі балалардың диалогтік әңгіме, топпен жұмыс, өзін-өзі бағалау, сыни тұрғыдан ойлау стратегияларын пайдалану арқылы қол жеткізетін білім, білік, дағдыларының дамуын көздейді. Берілген жұмыс формалары оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерінің дамуына, өздерін бағалай білу, реттеу қабілеттерінің дамуына, оқуға деген ынталарының артуына ықпалын тигізеді.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: әңгімелесу, топпен жұмыс, сыни тұрғыдан ойлау, «Айналмалы шеңбер» ойыны, рөлдік ойын, өзін-өзі бағалау.
Көрнекілігі: интерактивті тақта (Power Point презентациясы), магнитті тақта, түрлі-түсті стикерлер, ватман, маркерлер, үлестірме кеспелер.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Пайдаланылған әдебиеттер: Мұғалімге арналған нұсқаулық «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012, Үшінші (негізгі) деңгейге арналған оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, «Қазақ тілі» 5-сынып, Алматы «Атамұра» 2010.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
Кезеңдері Жоспар 7 модульді іске асыру Қосымша
Ұйымдас-тыру кезеңі:
Ауызекі сөйлесу - Сәлеметсіздер ме, балалар!
- Көңіл-күйлерің қалай?
- Қане, балалар сабақты бір-бірімізге жақсы сөз айтудан бастайықшы!
- Өте жақсы, жарайсыңдар!
- Сыныпта бүгін кім кезекші?
- Сыныпта бүгін кім жоқ?
- Үй жұмысы қандай болды?
- Рақмет, отыра ғой. (2 минут) Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
(Диалог: мұғалім-оқушы, 
оқушы-оқушы)
Үй жұмысын тексеру Өткенді қайталап алу мақсатымен «Ыстық орындық» ойынын ойнау. (Оқушылар өткен тақырып бойынша орындықта отырған оқушыға сұрақ қояды, ол оқушы дұрыс жауап берсе орындықта отыра береді (5 сұрақ), егер қате жауап берсе, оның орнына сұрақ қойған оқушы отырады). Өзін-өзі реттеу.
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер 
(Диалог))
Жаңа сабақ (Тақтаға бүгінгі күнді жазу)
Оқушыларға түрлі-түсті қағаз тарату.
-Балалар, сендерге түрлі-түсті қағаз таратылды. Бірдей түстер бір топқа жиналыңдар.
- Мінеки, 4 топ пайда болды. Өте жақсы, бүгін сендер осылай жұмыс істейсіңдер.
- Балалар, бүгін сабақта сендер өздеріңді бағалай аласыңдар. Ол үшін әр топ қазір  1 минут ойланып, 2 бағалау критерийлерін тақтаға жазасыңдар. 
- Алдарыңда бағалау парақтары жатыр, сол парақтарда көп нүктенің орнына өздерің ойлап тапқан критерийлерді жазып алыңдар. (2 минут)
- Сабақ барысында сендер, 4 тапсырма орындайсыңдар, оған қоса, үй жұмысына қатысу тағы бар, сол бойынша өздеріңе 5 баға қоясыңдар. Соңғы қорытынды бағаны мұғалім, яғни, мен қоямын.
1-тапсырма
- Алдарыңда флипчарт жатыр, сол флипчартта Венн диаграммасы сызулы, бір жақта «мектеп», екінші жағында «мектеп өмірі» деп жазулы тұр. Екі жақтың өзіне тән ерекше белгілерін жазып, ортасына ұқсастықтарын жазыңдар. (1 минут)
Тапсырма: Сабақтың лексикалық және грамматикалық тақырыбы қандай? 
(Топтан спикер немесе бірнеше спикерлер шығып флипчарттарын қорғайды) (2 минут)
- Ендеше, сабақтың мақсаты қандай? (Осы сұрақтарға жауап іздеп, табу)
2-тапсырма
- Алдарыңдағы үлестірме кеспелерде жауаптар қатары берілген. 
Тапсырма: жауапқа сай сұрақ құрастырыңдар, сол сұрақтарды оқып, басқа оқушылардың жауаптарымен салыстырыңдар. (4 минут)
1-топ 2-топ 3-топ 4-топ
Зат немесе құбылыс атауы.
(Сөз дегеніміз не?) Бірнеше сөздің мағыналық байланысқа түскен тобы.
(Сөз тіркесі дегеніміз не?) Түсіндірме сөздіктерде берілетін сөздің мағынасы.
(Сөздің лексикалық мағынасы дегеніміз не?) Сөздің түбірін, жұрнағын, жалғауын анықтайтын мағынасы.
(Сөздің грамматикалық мағынасы дегеніміз не?)
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
(Формативті бағалау)
Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету. 
(Венн диаграммасы. Сабақ тақырыбы мен мақсаттарын анықтай білу)
 
Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету.
(Негізгі дерекөздерге сәйкес сұрақтар қою)
Бекіту кезеңі 3-тапсырма
- Алдарыңдағы үлестірме кеспелерде «мектеп» тақырыбына негізгі сөздер қатары берілген. Сендер сол қатардан тыс сөзді таңдап, таңдауларыңды түсіндірулерің керек. (4 минут)
1-топ 2-топ 3-топ 4-топ
Кітапхана, қабат, мұражай, асхана. Парта, перде, орындық, шкаф. Оқулық, қарындаш, сөмке, күнделік. Мұғалім, сынып жетекші, оқушы, ата-ана.
Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету.
Талантты және дарынды балаларды оқыту.
Қорыту кезеңі 4-тапсырма
- Әр топта 4 рөл бар: 1.мектеп диреткоры; 2. Сынып жетекші; 3. Мұғалім; 4. Оқушы
Сөздіктерді пайдалануларына болады. 
Тапсырма: Тақырып аясында сөздік қорларыңды пайдаланып, мектеп өмірінен үзінді көрсетіңдер. (Дайындыққа 10 минут; үзінді көрсетуге төрт топқа 2 минуттан)
Қорыту
-Ал енді балалар сабақтың басында сендер бүгінгі тақырып бойынша тақтаға сұрақтар жаздыңдар. Сол сұрақтарға жауап таптыңдар ма? Егер, «иә» десеңдер, сұрақтарды өшірулеріңе болады. Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету.
(Рөлдік ойын)
Үй жұмысын беру «Менің  арманымдағы мектеп» тақырыбына презентация жасап келу. (1 минут) Оқыту мен оқуда АКТ қолдану. (Power Point презент-сы)
Бағалау кезеңі Бағалау парақтарын оқушылардан алып, соңғы қорытынды бағаны қойып, түсініктемелер айту.
(5 минут) Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Негізгі және туынды зат есім
Негізгі және туынды зат есім
Қан айналым, қанның түрлері қызметі
Әлеуметтік-мәдени ая
Мен соғысты жек көрем!
9-сынып ұзақ мерзімдік жоспар
Біліміңді пайдаға асыр
Орта мерзімді жоспар 5 - сынып, ағылшын тілі
"Математикалық кокпар" ойыны
Абай Құнанбайұлы
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 5696 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык