Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Морфология. Сөз тұлғасы


Морфология. Сөз тұлғасы

Морфология. Сөз тұлғасы

Морфология-сөз бен оның формалары тұралы тіл білімінің бір саласы. 
Сөз түрлі бөлшектерден тұрады. Сөз бөлшектерінің өзіне тән белгілі бір мағынасы және қызметі болады. Мысалы, жолдастыққа деген сөз мынадай төрт бөлшектен тұрады: жол-дас-тық-қа. Бірінші жол бөлшегі "салған із" немесе "сапар" деген мағынаны білдірсе, оған -дас қосымшасы қосылған жолдас сөзі "серік" деген мағынаны беріп тұр. Бұл сөзге -тық қосымшасы жалғанып, адамдар арасындағы қатынас мағынасын білдіретін сөз жасалған. Соңғы -қа бөлшегі бұл сөзге жаңа мағына үстеп тұрған жоқ, басқа сөзбен байланыстыру қызметін атқарып тұр.
Сөйтіп, сөздің тұлғасы деген ұғымға түбір мен қосымша деп аталатын бөлшектер кіреді. Сөз жалғыз бір түбірден де (мысалы, үй, әке, бала, т. б.), қосымшалы түбірден де (мысалы, маңдай-ша, өнер-паз, біл-ім, т. б.), екі түбірден де (мысалы, некен-саяқ, жақсы-жаман, аққу, Марқакөл, т. б.) құралады.

1. Сөздерді оқып, олардың құрамын ажыратыңдар да, ауызша талдаңдар.
Үлгі: күзетшілік: күзет - тубір; оған -ші жұрнағы қосылғанда, кісі мағынасын білдіреді; -лік жұрнағы қосылғанда, қызмет түрін білдіреді.

Күзетшілік, адамшылык, сәнқой, аспаз, бақташы, білімпаз, беделді, ақылды, білгіш, сулық, ақтау, ынталы, жүгіргіш, балықшы, жазушы, күзем, белдік, сенімді.
20.Түбір мен қосымша.

Сөздің мағына беріп бөлінбейтін ең түпкі бөлшегін  түбір дейді. Мысалы: жолдастық, сауыншылар, мектептердің, көрінген деген сөздердің түбірлері - жол, сау, мектеп, көр. Себебі бұлар қосымшасыз тұрып та белгілі бір мағынаны білдіреді: жол - із немесе сапар, сау - сүт алу, мектеп -оқитын орын, көр - көзбен байқау.
Осы түбірлерге жалғанған -дас, -тық (жолдастық де-ген сөзде), -ын, -шы (сауыншы деген сөзде), -тер, -дің (мектептердің деген созде), -ін, -ген (көрінген деген созде) болшектері қосымша деп аталады. Демек, түбірге жалғанған сөз бөлшегін қосымша деп атайды. 
Қосымша жеке түрғанда ешбір мағына білдіре алмайды. Жоғарыдағы -дас, -тық, -ын, т. б. қосымшаларда ешбір мағына жоқ. Кей қосымша түбірге қосылғанда сөзге жаңа мағына қосады.

1.Мақал – мәтелдердегі түбірлерді ажыратыңдар.
1) Ел ағасыз болмас,
Тон жағасыз болмас 2) Ақылды адам елге қарайды,
Ақылсыз адам өрге қарайды. 
3) Берекелі елдің бетін ешкім қақпайды.
4) Жолдасын таппаған ер азады.

2. Оқып шығып, мәтіндегі негізгі ойды анықтаңдар. Қарамен жазылған сөздерді құрамына қарай талдаңдар.

Адамға өмір бойы естен кетпейтін жақсылық  істеу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Құлнияз ағам мен Кәмила апам маған үй салып, әкемнің құлаған шаңырағын көтеріп берді. Мұның өзі сыртқы елге пәлендей бір керемет болып көрінбес те. Бірақ бұл оқиғаға мен ерекше қараймын. Осы бір ересен жақсылықтың түпкі төркінін ағам мен апамның адамгершілік асыл қасиеттерінен, биік ақыл – парасаттарынан іздеймін.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Түбір мен қосымша
Сөз құрамы. Түбір мен қосымша. Қара шаңырақ
Лексика
Жалғау
Қосымша түрлері. Жұрнақ
Морфология
Сөздердің түрлері
«Қазақ тіл білімі» бойынша тест сұрақтары
Түбір мен қосымша
Қазақ тілінен тест
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 10213 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык