Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Үндестік заңы Кейінді ықпал


Үндестік заңы Кейінді ықпал

Сабақтың тақырыбы Үндестік заңы Кейінді ықпал

 Сабақтың  мақсаты:
1.Оқушыларға үндестік заңын ,кейінді ықпал түсіндіру
2.Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту,пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білуге дағдыландыру
3.Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, әдеби тілде көркем сөйлеуге тәрбиелеу.
 Сабақтың түрі:Аралас сабақ
 Сабақтың әдісі:Сұрақ – жауап ,түсіндіру,әңгімелеу
 Сабақтың көрнекілігі:Тірек сызба ,интерактивті тақта             
Сабақтың барысы: 
І Ұйымдастыру кезеңі 
 ІІ Үй тапсырмасын пысықтау
1.Қайталау –оқу анасы
 ІІІ Жаңа сабақ
2.Жаңа сабақ құпиясы
Бозжан сені көргеніме қуаныштымын!
Баланың атын қалай жазылады?
Қалай естіледі?
Неліктен олай естіледі, қалай ойлайсыңдар?
 
Бір сөз ішінде немесе екі сөз аралығында кейінгі дыбыстың өзінен бұрынғы дыбысқа әсер етіп, ықпал жасауын кейінді ықпал дейміз.
1.Қ, к, п дыбыстарының біріне аяқталған сөздерге қосымша дауысты дыбыстан басталып жалғанса олар ұяң ғ,г,б әріптеріне айналып кетеді.
                Мысалы: жүрек-жүрегі, доп-добы, төк- төгілді
2. Түбірдің соңғы н дыбысы к,қ,г,ғ дыбыстарының алдынан келсе, айтуда н дыбысы өзгеріп, ң дыбысына айналады
                 Мысалы: Бір күнгі-бір күңгі ,Дүйсенғали- Дүйсеңғали         
3. С, З дыбыстары ш дыбысының алдынан келсе, айтылуда олар ш болып айтылады                  
                Мысалы: жұмысшы- жұмышшы, сөзшең-сөшшең                  
4.Сөздің соңғы дыбысы з болып, одан кейінгі сөз ж дыбысына басталса ,онда з дыбысы ж болып айтылады.
               Мысалы: Бозжан- Божжан, Боз жігіт- бож жігіт
ІV Сабақты меңгерту
2. Кітап досың, ақылшың
Мәтіннен кейінді   ықпалды табыңдар
Ол қансыраған аяғын қайта-қайта сипай берді.
Жанғазы ән десе ішкен асын жерге қояды.    Қорлықтарыңызға көне алмаймын.
 
 
4.Тапқыр болсаң, тауып көр.
Сөзжұмбақты шешіңіз.
1. Өлең өлшемі
 2. Ер қаруы
 3. Мемлекеттік рәміз
 4. Ауыз әдебиетінің түрі
  V Сабақты қорыту  
                                                             5. Батыр қыз
5.Сауатты болу  арманым  
Жаңылпаштарды жаздырып , тез айтуға үйрету.
Сөз арасындағы ілгерінді кейінді ықпалдарды табу 
Біреуі көрікті кісі,
    Біреуі бөрікті кісі.
    Көрікті кісі – зорықты,
    Бөрікті кісі – қорықты.
 
 
         Пимашы кісінің,
     Сыйласы бар ма?
     Сыйласы болса,
     Пимасы болар еді.
 
  Құрылтайда 
     Бурыл тай мен
     Қызыл тай бәйгеден келді.
  Мәкетті кім әкетті,
      Жәкетті кім әкетті?
      Мәкетті Мәлік әкетті,
      Жәкетті  Тәліп әкетті.       
 Мынау өзі,
       Жусан ба?
       Изен бе?
       Күйбеңдеген
       Изен іздеген
       Иден бе?
 
      
      
      Оралда бар бес ешкі,
      Оңалда бар бес ешкі.
      Бәрін қосса, неше ешкі?
      Бәрін қосса  он ешкі,
      Он ешкі де бос ешкі.
   Сабақта  Санаттың ұйқысы келді,
      Санатқа  Қанаттың күлкісі келді.
VІ Үйге тапсырма
6. Қоржындағы сарқыт
VІІ Бағалау
7.Жүйріктен жүйрік озар, шабысқанда

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Буын үндестігі. Дыбыс үндестігі
Үндестік заңы
Ықпалдың түрлері
Дыбыс үндестігі
«Кейінді ықпал», «Орфография және орфоэпия» тақырыптары бойынша
Тұрақты тіркестер
Көнерген сөздер
Біріккен сөздер
Дауысты дыбыс
Үндестік заңы Ілгерінді ықпал
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 7793 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык