Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Оғыз-нама жырын талдау


Оғыз-нама жырын талдау

Сабақтың тақырыбы: Оғыз-нама жырын талдау

Сабақтың мақсаты: 
а) Білімділігі: Аңыздың тарихи мазмұнына, кейіпкерлеріне тоқталу, ортақ идеясын табу.
ә) Тәрбиелілігі: Оқушыларды адамгершілікке, әділдікке баулу, өз бойларына ізгілік қасиеттерді жинай отырып, даналықты қастерлеуге үйрету.
б) Дамытушылығы: Әдеби –теориялық білімдерін арттыруға, кейіпкердің ой-түйіндеулерін,іс-әрекетін тауып, өз пікірлерін айтуға дағдыландыру,ойлау,жүйелеу, салыстыру қабілетін жетілдіру.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: салыстыру, сұрақ-жауап,венн диаграммасы, инсерт әдісі.
Сабақтың типі: білімді жетілдіру.
Пәнаралық байланыс: тарих,қазақ тілі
Көрнекілігі: схема ,карта,оқулық
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі
-Сәлеметсіздер ме ,балалар? 
- отырыңыздар
- Бүгін бізде ерекше сабақ.Мен сендер сабаққа жақсы жауап береді деп сенім артамын. Сынып төрт топ болып жұмыстанамыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген тапсырманы топ –топтан айтып берейік.
1-топ. Оғыздың дүниеге келуі.
2-топ. Оғыздың үйленуі.
3-топ. Оғыздың жорығы.
4-топ. Оғыздың ұлдарына мұра беруі.
Үйге берілген тапсырманы айтқан оқушыларды бағалаймын.
ІІІ. Жаңа сабақ.
(Оғыз –нама дастанын тарихи тұрғыдан түсіндіру).
   ІХ ғасырдың аяғы мен Х ғасырдың басында Сырдарияның орта және төменгі ағысында Оғыз мемлекеті құрылды. Орталығы осы өзеннің бойындағы Янгикент (Жаңа Гузия) қаласы болды. Жалпы оғыз сөзінің пайда болуы туралы әр түрлі пікірлер бар. Кейбір ғалымдар «уыз» сөзінен шықты десе , екінші біреулері «садақтың оғы» деген сөзден пайда болған дейді. Ал үшінші ғалымдар «өгіз» деген тотемдік сөзден пайда болған деп дәлелдеуге тырысады.
   Оғыздар- ертедегі түркі тайпаларының бірі. Оғыздар жайында оның ханы Оғыз қағанның әскерей жорықтары, ерлік істері туралы көркем жыр. Оғыз-наманың ұйғыр әріпімен жазылған нұсқасы Париж қаласында сақталып келген. Оны зерттеген ғалымдар В.В.Радлов, Ә.Марғұлан, М.Жолдасбеков, Н.Келімбет.
   Оғыз-нама жыры 40-тан астам хикаядан тұрады. Әрбір хикаяда Оғыз қаған туралы ұзақ хикаялы шығарма. Оғыз қаған құтты мекен еткен Сарыарқа 16 жыл мекен еткен. 
ІV. Талдау.
1-топ.Теңеулерді табу.
2-топ. Композициялық құрылысын жазу.
3-топ. Венн диаграммасы.
4-топ. Синкуин. (Бес жолды өлең құрау).
1-топ. 
Көзі оның аспаннында мөлдір көк,шаштары оның толқындай өзеннің, тістері оның бейне маржан секілді.
2-топ.
1. Оғыз қағанның тууы және балалық шағы.
2. Оғыз қағанның жігіт шағы және ерлік көрсету үшін аттануы.
3. Оғыз қағанның үйленуі.
4. Балаларының өмірге келуі.
 
5. Оғыздың қаған болуы.
6. Оғыз қағанның Үрім қағанмен соғысуы.
7. Үрім қағанды жеңуі.
8. Оғыз қағанның Етіл суынан өту амалын тапқан Орду бекке «Қыпшақ» деп ат беру.
9. Оғыз қағанның Көк бөрі бастап Сынду, Таңғұт,Шағам жұртына аттануы және жеңуі т.б
 
3-топ. Венн диаграммасы
Оғыз-нама жыры Ұқсастығы Ер Төстік ертегісі
1. Батырлық эпос
2. Көкжал бөрі 1.Батырлықты  дәріптейді
2. Қиын сәттерде көмекке келу 1. Қиял-ғажайып ертегі
2.Желаяқ,Таусоғар, Саққұлақ
 
   4-топ. Синкуин (Бес жолды өлең ).
1. Зат есім. Оғыз .
2. Сын есім. Ержүрек,ақылды.
3. Синоним. Батыр. Ержүрек.Батыл.
4. Етістік. Ер жетті,көк шашты қызға үйленді,ұлдары болды.
5. Сөйлем құрау. «Оғыз-нама- эпостық туынды».
 
V. Ойтолғау.
«Оғыз-нама-эпостық туынды».
Оны оқып үйрену мен үшін ата-бабалар тарихын білу. Сондықтан көркем жырдан үзінділер жаттап, кездесетін нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерді өзіме үлгі өнеге тұтып, өмірде қолдануым керек.
 
VІ. Инсерт әдісі.
Білемін Білдім Білгім келеді
 
 
VІІ. Бекіту.
(Компьютерге тест жұмысы арқылы сабақты бекітемін)
1. Оғыз мемлекеті қашан ,қай жерде құрылды?
А) 
Ә)
Б)
В)
Г)
     2. Оғыз мемлекетінің орталығы қай қала болды?
А)Қарнақ 
Ә) Суяб
Б) Янгикент
В) Испиджаб
            Г) Сүткент
     3. Оғыздарда жоғарғы билік иесі қалай аталады?
А) күл-еркіт 
Ә) атабек
Б) инал
В) жабғу
            Г)  сюбашы
     4. Оғыздарда кәсіпшілік пен қолөнердің басты дамыған түрі?
А) Құмыра жасау  
Ә) Малдан алынған өнімді өңдеу
Б)  Зергерлік бұйымдар жасау
 
В)  Темір ұсталығы
            Г)  Егін егу
    5. Оғыздардың әскербасы қалай аталады?
            А) күл-еркіт 
Ә)  атабек
Б)  инал
В)  жабғу
            Г)  сюбашы
VІІІ.Бағалау.
№ Оқушының
аты- жөні Өзін бағалау Топ басшысының бағалауы Мұғалімнің бағалауы
ІХ. Үйге тапсырма.
1-2 топқа. Географиялық атауларды жазу.
3-4 топқа. Ежелгі наным,сенім,әдет-ғұрып,салт-сана (буклет жасау).

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тізімдерді нөмірлеу және маркерлеу. Мәтінді бағандарға бөлу
Оғыз-нама жыры
Қимақ қағанаты (ІХғ.аяғы – ХІ ғ басы)
Қимақ қағанаты
Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер.
Сиқырлы сандықша ойыны
Ежелгі дәуір әдебиетін қорыту
Оғыз қаған жыры
Оғыз қаған жыры
Түрік қағанаты дәуіріндегі әдебиет
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 3504 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык