Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қос сөздер


Қос сөздер

Сабақтың тақырыбы: Қос сөздер

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға қос сөздердің тұлғалық ерекшелігі мен жасалу жолындағы ерекшелігін түсіндіру. Сөйлем ішінен қос сөздерді таба білуді, сөздерді қос сөздерге айналдыра білуді, арасына дефис қойылатынын меңгереді.
 
Дамытушылық:ой – өрісін, байланыстыра сөйлеу дағдысын өз беттерімен бірлесіп жұмыс істеуді қалыптастырады шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Тәрбиелік:мейірімділікке, Отан сүйгіштікке, қайрымдылыққа тәрбиелейді.
Түрі: жаңа білімді меңгерту.
Әдіс – тәсілдері: жеке, топтық жұмыстар, ББҮ, Венн сызбасы, ой қозғау, еркін жазу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, кесте, сызба, слайдтар.
Сабақтың өтілу моделі:(2-слайд)
І. Сабақтың ұраны.
ІІ. Өткенді пысықтау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІV. Мақсаты.
V. Ойын жаттығулар.
VІ. Қортынды.
VІІ. Бағалау.
 
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық  дайындық
 
а) Сәлемдесу
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпен біз
 
ә) Жұмбақ шешу.(3-слайд)
Үлкен алтын табақтан
Әлемге нұрын таратқан
 
- Бұл жұмбақтың шешуін не деп ойлайсыңдар?
- Бұл жұмбақтың шешуі – Күн.
- Балалар, неліктен сабағымызды күнге қатысты бастап тұрмыз?
- Күн мемлекеттік нышанымыз тудың ортасында орналасқан.
- Күн – тіршіліктің, байлықтың, тыныштықтың белгісі.
- Күннен адамға қандай қасиеттерді алуға болады?
- Мейірімділік, жылылық, әлемге ортақ, шуағы мол.
  (4-слайд)
Хормен:Бола білсең күндей бол, 
Жұрттың бәрін бірдей көр
Мейіріміңді аямай
Жылуыңды төге бер!
 
- Балалар, біз өз Отанымызды күнге теңей аламыз ба?
- Иә, себебі біздің Отанымыз да күн сияқты бізге бақытты, молшылықты, тыныштықты, мейірімділікті сыйлайды.
- Жақында біз қандай мерекені тойлаймыз?
- Тәуелсіздігіміздің 22 – жылдығын.
- Балалар бүгінгі сабақта біз топтасып, жұмыс істейміз. Сондықтан сендерді 4 топқа бөлемін.
 
І топ, ІІ топ, ІІІ топ, ІV топ өткенді қайталау
- Біз алдыңғы сабақтарымызда қандай  сөздермен таныстық?
- Күрделі сөздермен.
- Күрделі сөздер дегеніміз не?
- Тіркескен сөздер, біріккен сөздер, қос сөздер, қысқарған сөздер. 
(5 слайд)
 
Жаңа сабақ. 
 
                                    І. Қызығушылықты ояту.
 
Ат, айғылар биелер
Шалғыннан жүні жылтылдап,
Арасында құлын-тай
Айнала шауып бұлтылдап,
Жоғары – төмен үйрек – қаз
Ұшып тұрса сымпылдап
 
- Бұл қай ақынның өлеңі?
- Қазақтың бас ақыны, кемеңгерАбай атамыздың өлеңі.
- Өлеңді күрделі сөздердің қай түрлері бар?
- Қос сөздер.
- Олай болса, бүгінгі сабағымыз күрделі сөздердің бірі  қос сөздермен және олардың түрлері, жазылу жолдарымен танысамыз.
 
Көркем жазу. Күн – түн шуақ, Отан – Ана, Тәуелсіздік.
 
- Балалар біз төменгі сыныптарда қос сөздермен танысқан болатынбыз, қос сөздер жайлы не білеміз?(кесте толтырамыз)
 
                        ІІ.  Мағынаны тану
Топпен жұмыс.Слайдттағы қос сөздерді оқып, сол сөздердің айтылуы бойынша ереже шығару. (6 слайд
1. Әке – шеше, аға – іні, туған – туыс
2. Жылы – жылы, сөйлей – сөйлей, қилы – қилы.
3. ап – анық, жап – жасыл, әп – әдемі
4. өте – мөте, мө – мө, у – шу.
(7 слайд).Қос сөздер. Мақал – мәтелдер айту.
(8 слайд).Жаттығу.
 
І топ – 1 жаттығу. Жазып, талдау.
ІІ топ – 2 жаттығу. 2 сөйлем жазу.
ІІІ топ – 3 жаттығу. 2 сөйлем құрап, талдау.
ІV топ – 4 жаттығу. Жазып талдау.
 
(9 слайд).Сергіту сәті. «Жұптарыңды табыңдар»
 
құрт -                               үлкен – 
бақа -                              ар – 
өте -                                 төртеу – 
бірте -                             қалт – 
қатар -                            бестен – 
будақ -                           биік – 
зәулім -                          тату – 
 
- Міне, балалар, біз биыл 16 желтоқсанда Бейбітшілік пен жасампаздықтың 22 – жылдығын тойлағалы отырмыз. Бұл тәуелсіздік бізге оңайлықпен келгені жоқ. 
- Тәуелсіздік құрбандарынан кімдерді білесідер?
- Ләззат Асанова, Ербол Спатаев, Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова.
- Міне осы сияқты көптеген аға, апаларымыздың арқасында біз егеменді ел болдық. Отанымыз қазір экономикасы дамып, жан– жақтама өркендеп келуде.
 
(10 слайд).Тапсырма.   «Еркін жазу»Отанымыз – бақыт ордасы
 
ІІІ.  Ой  толғаныс
 
(11 слайд).Әр топ қос сөздерді қатыстыра отырып жұмыс жүргізеді.
 
І топ – эссе жазу.
ІІ топ – тақырыпқа сай ертегі жазу.
ІІІ топ – 5 жолды өлең (Отан).
ІV топ  - бір шумақ өлең жазу.
Қортынды:
Үйрендім кестесін толтыру.
(12 слайд).Венн сызбасын толтыру
Бағалау:Әр топ жетекшілері өз тобындағы баларды бағалайды.
 
Үйге тапсырма: 5-жаттығу, 71- бет
Қос сөздерді оқу.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Күрделі сөздер
Біріккен сөздер
Сөз және оның мағынасы
Сөз.
Зат есімнің тәуелденуі.
Күрделі сөздер
Оқшау сөздер
Қос сөздер
Қосарлама қос сөздер
Етістік
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 4797 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык