Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Күрделі сөздер


Күрделі сөздер

Күрделі сөздер

Сабақтың тақырыбы: Күрделі сөздер
Сабақтың мақсаты: 1. Күрделі сөздер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру,
күрделі сөздердің бір ғана мағынаны білдіріп, бір сұраққа жауап беріп, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратының ұғындыру.
2. Күрделі сөздерді туынды түбір, еркін сөз тіркесінен айыра білуге үйрету.
3. Сөйлем ішіндегі күрделі сөздерді таба білу, сөйлем құрастыруда күрделі сөздерді пайдалана білу біліктерін арттыру. Оқушылардың ғылым – білімге деген құштарлығын арттыру; А. Байтұрсынов туралы білетіндерін толықтыра түсу;
Сабақтың әдісі: түсіндіру, практикалық сабақ, жаттығу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кесте интерактивті тақтада дайындалған слайдтар
VI. Барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқу құралдарын түгел алғызып, сабаққа назар аудартамын.
- Балалар бүгінгі қазақ тілі сабағымызға қонқтар келіпті қонақтарға жылы лебіздерімізді білдірейік.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Барша жанды құрметтеп,
Бас иеміз біз
II. «Ой қозғау»
- Балалар, бүгінгі қазақ тілі сабағына «Сөзстан» елі хат жіберіпті. Хат ішінде әр түріл, ойындар, тапсырмалар бар екен.
- «Сөзстан» елі сендердің білімдеріңді байқамақшы.
- Кезектестіре отырып тапсырмаларды орындаймыз. Алғашқы (1) тапсырмасы «Жасырынған суретті тап» суретті табу үшін сұрақтарға жауап беруіміз керек.
1. Сөз дегеніміз не?
2. Сөз мағынасына қарай нешеге бөлінеді? Қандай?
3. Жаңа сөз қалай жасалады.
4. Сөз тіркесі дегеніміз не?

- Жасырынған сурет кім екен?
- А. Байтұрсынов туралы не білеміз?
- Ендеше мектебіміздің осындай дана, данышпан, кемеңгер кісінің атында болғанын мақтан тұтайық.
- 2 - тапсырма Математикалық ребус шешу
Шешуі күрделі сөздер
Дәптермен жұмыс
Күннің реті
Көркем жазу
Ахмет Байтұрсынов - жүз қырық жаста.
III. Жаңа сабақ
Күрделі сөздер
1 - жаттығу. Екі бағандағы қарамен жазылған сөздерді салыстыр. Оларға сұрақ қой. Қандай айырмашылықтары бар?
1. Мылтық даусын естіген арқар ------------------ 1. Әжей сырмақтың ортасына
лезде жоқ болды.---------------------------------------- арқармүйіз оюын салыпты.
2. Жол жүргенде ол үнемі серік --------------------- 2. Жолсерік біздің билетімізді
болып ілесетін.-------------------------------------------- тексерді.
3. Малшы қойларды қораға кіргізді.---------------- 3. Байдың қора - қора қойы болыпты.
Қорыта келе ережемен таныстырамын
2 - жаттығу. Екі бағандағы сөздерді салыстыру. Қай бағанда күрделі сөздер, қай бағанда сөз тіркесі берілгенін дәлелдеу.
отыз қой --------------------------- отыз сегіз
қызыл шар ----------------------- қызыл ала
ақшыл мата -------------------- ақшыл сары
Күрделі сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жазу.
IV. Сергіту сәті
«Лездеме» тез жауап беру
1. Жиегі көгерген кілем қайдан көрінген? (көкжиек)
2. Нені қазып қала болған? (Жезқазған)
3. Екі сөз бірігіп қалай сайрайды? (бұлбұл)
4. Екі қазанның бірі сатылып кеткенде, неше қазан қалады? (бірқазан)
5. Баққаным әрі құс, әрі түйе. (түйеқұс)
6. Суы да ала, тауы да ала,
Бар ма екен осыны білетін бала? (Алакөл, Алатау)
3 - тапсырма. 3 - жаттығу. Топтық, жұмыс.
1 - топ ------------------------------------- 2 - топ ---------------------------------------- 3 - топ
Біріккен сөздер ---------------------------- Қос сөз -------------------------- Түбірлердің тіркесуі
Шекара, асатаяқ,--------------------- Алуан - алуан, жарқ - жұрқ,-------- Жол сілтеуші, жылы
Итбалық, қолбасшы,-------------- бума - бума, бірте - бірте,------------- шырай, қара торы,
Егеуқұйрық, саңырауқұлақ.------------ ауызба - ауыз.---------------------- алпыс тоғыз.
4 - тапсырма Терме диктант. Күрделі сөздерді теріп жазу.
Үйдің айналасы тап - таза, жып - жинақы. Ауласында шоқ - шоқ гүл өсіп тұр. Ауыл Шымбұлақ өзенінің бойына орналасқан. Бұл аймақты Көктоған деп атайды. Дауылдан кейін теңіз қара көк түске енді. Жарысқа біздің мектептен он бес спортшы қатысты.
5 - тапсырма. Сөзжұмбақ шешу. Күрделі сөздерді тауып орналастыру, қандай сөз пайда болды.
1. Жандос сабақ оқыды.
2. Серік тас жолмен жүрді.
3. Атасының үйінде қора - қора қой бар.
4. Бірқазан көлге қонды.
5. Айгүл сөмкесін алды.
6. Әжем пешке таскөмір салды.
7. Мен Қызылордада тұрамын.
8. Байқоңырда ғарыш айлағы бар.
«Сөзстан» елінен келген хаттағы тапсырмаларды жақсы орындағандарың үшін сендерге «жарайсыңдар» деп риза екендігін білдірді.
V. Қорыту
Бүгінгі сабақта не үйрендік, нені білдік?
VI. Үйге тапсырма
5, 6 - жаттығу
VII. Бағалау
Сабаққа жақсы араласқан оқушыларды мадақтау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Дара және күрделі сын есім.
Сөз және оның мағынасы
Біріккен сөздер
Дара және күрделі етістік
Күрделі сөздер
Қос сөздер. Қайталама қос сөздер
Қос сөздер
Сөздердің түрлері
БӨЛЕК ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕР
Қос сөздер
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 6968 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык