Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Күрделі сөздер


Күрделі сөздер

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Бегімбет ауылы

 Күрделі сөздер

Сабақтың тақырыбы: Күрделі сөздер

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың  біріккен сөз, қос сөз туралы білетіндерін пысықтап, білімдерін кеңейту.

  2.тапсырмаларды тиянақты орындап, өз бетінше ойланып,шығармашылықпен  жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

  3. ұқыптылыққа, ынтымақшылыққа  тәрбиелеу. 

Сабақтың көрнекілігі: ребус, сызба, таблица, Венн диаг.интер.тақта

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, өздік жұмыс, шығармашылық жұмыс

 Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру

                 II Сабаққа даярлық

Мұғ. –Балалар, бүгінгі сабақты  2 топқа бөлініп, жарыс түрінде  өткенді қайталау мақсатында  өткіземіз.Ол үшін топтың атын белгілеп алайық.

1-топқа тапсырма:

Әлемнің төрт бұрышын араладым,

Палуанның неше түрін жараладым.

Қажымұқанмын қазақта күшім асқан

Туған жердей ыстық жер таба алмадым.

(өлең шумағы интерактивті тақтада)

-Өлеңде қандай күрделі сөз бар? Топ солай аталады.(Біріккен сөз)

2- топқа  тапсырма:  Ребус  шешу

 

( ребусты  шешкенде  Айгүл сөзі  шығады)

Ребустың шешуі қай күрделі сөзге жатады?Топ солай аталады. (Қос сөз)

  III. Жаңа сабақ

А. Ой толғау. Топтың атын қорғау.   Ойын :«Мен саған, сен маған»

1-топ:-Қос сөз дегеніміз не? Оның неше түрі бар? Мысал келтіріп айтыңдар.

2-топ: - Біріккен сөз дегеніміз не? Ол қалай жасалады? Мысал келтіріңдер.

Ә. Ойын «Әрі қарай жалғастыр»

1-топ: «Әсемпаз болма әрнеге,

           Өнерпаз болсаң арқалан...»

-Бұл кімнің өлеңі?Түсіндір. Өлеңде қандай күрделі сөз бар?

2- топ «Ат, айғырлар, биелер,

      Шалғыннан  жүні қылтылдап..

       Арасында  құлын – тай,

       Айнала  шауып бұлтылдап.

       Жоғары –төмен  үйрек-қаз

       Ұшып  тұрса  сымпылдап.»

-Бұл өлең қалай аталады? Қандай  күрделі сөз бар? Түсіндір.

(екі топ өздері тапқан күрделі сөздерді  Венн диаграммасына  түсіреді.Соңынан таблица бойынша анықтама а Б. Таблица  бойынша  жұмыс.

 В. Оқулықпен жұмыс:  

586-жаттығу (екі топ күрделі сөздердің өздеріне тиесілісін теріп жазады, қалай жасалғанын түсіндіреді.)

Г. Сергіту сәті:  «Кім  тапқыр?»

1-топ .біріккен сөзден тұратын 10кісі атын табу.

2-топ.қос сөздің әр түрінен тұратын   10  мысал табу.

  

 Ғ. Шығармашылық жұмыс:

    Өздері ойлаған  күрделі  сөздерді пайдаланып шағын мәтін құрап жазу.     

    Әр топтың жұмысы оқытылып, тексеріледі.

    V. Сабақты бекіту.

-Сонымен, балалар, күрделі сөздің 3 түрі бар еді, (сызбасын көрсетіп) біз бүгін  соның 2түрін қайталап, білетіндерімізді еске түсірдік. Анықтамасын қорыттық. Ал келесіде қысқарған сөз туралы қайталаймыз.

VI. Үйге  тапсырма: 587-жаттығу.Күрделі сөздер туралы пысықтау

VII. Оқушылар  білімі  бағалау парағы  бойынша  бағаланады.

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Дара және күрделі сын есім.
Күрделі сөздер
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер.
Қос сөздер. Қайталама қос сөздер
Сөздердің түрлері
Біріккен сөздер
Сөз тіркесі, күрделі сөз, тұрақты тіркестен өткенді қайталау
Қос сөздер
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 2130 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык