|
|
С. Бегалин Бала Шоқан
«Туберкулезге қарсы балалар санаторийі» ММ
Ашық сабақ Қазақ әдебиеті
С.Бегалин «Бала Шоқан»
(Әдеби талдау)
Қазақ тілі мен
әдебиеті мұғалімі
Г. С. Давледбаева
Павлодар қ.
Пәні Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: С. Бегалин Бала Шоқан
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: шығармадағы бала Шоқан арқылы ұлы ғалымның бейнесін таныту;
Дамытушылық: шығарманы композициялық құрылысына қарай талдау дағдыларын, кейіпкерлерге мінездеме беру дағдыларын, шығарманың тілі,өз ойларын еркін жеткізе білуге, өз бетімен ізденіп, ой қорытындысын жасауды дамыту;
Тәрбиелік: оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, адалдыққа, бауырмалдыққа, кішіпейілдікке, бүкіл адамзатты сүйе білуге, достыққа адал, уәдеге берік болуды үлгі етіп тәрбиелеу.
Құрал–жабдықтар,көрнектіқ – құралдары: Портреті,оқулық , тірек - сызба .
Сабақтың түрі:дәстүрлі.
Сабақтың типі:талдау сабағы.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ – жауап.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу,сабаққа көңіл аударту.
Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен.
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
-Сәлеметсіздер ме,балалар!Сабағымызға қонақтар келіп отыр,қонақтармен де амандасып алайық.
ІІ.Үй жұмысын пысықтау.
1.Үйге қандай тапсырма берілді?
- Сапарғали Бегалиннің «Бала Шоқан» әңгімесі бойынша сұрақтарды талдап келу.
- Жақсы,олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы болмақ екен?Қалай ойлайсыңдар? (Әңгіме бойынша талдау ).
Ал,сабаққа қандай мақсат қоямыз?
- Әңгімесіне бойынша талдау;
- Кейіпкерлер әлемін тану.
- Дұрыс айтасыңдар,бүгін біз «Бала Шоқан» әңгімесіне әдеби талдау жасаймыз.
- Әңгімедегі жазушы тілі,кейіпкерлерге мінездеме береміз.
- Қане дәптерлерімізді ашамыз,бүгінгі күнді жазамыз.Тақырыбымыз:Әдеби талдау.
ІІІ.Жаңа сабақ кезеңі:
І. Келесі талдауымыз – жазушы тілін талдау.
- Сөздіктер сөйлейді: Осы сөздердің ішінен қандай сөздер сендерге таныс бір сызықпен сызып қоямыз,ал қандай сөздер таныс емес екі сызықпен сызып қоямыз.
- Бала Шоқан әңгімесінде жазушы қандай теңеулер берілген соны анықтайық. (Жолбарыстай, балалардай, күміс қарғылы тайдай)
ІІІ.Жазушы тілі (талдау). Мәтінмен жұмыс.
Сөздік жұмыс:
І бөлім: Мүсінші Мысық.
- Күзек - күзгі жайылым;
- Тұғыр - қолға үйретілген саят құстың қонақтайтын орны.
ІІ бөлім: Уәде.
- Пәуеске - төбесін,сыртын былғарымен жапқан күймелі арба;
ІІІ бөлім: Достық пейіл.
- Қотан - мал қамайтын қора;
- Қыстау - қысқы мекен.
Теңеулер:
- Балалардай;
- Жолбарыстай;
- Күміс қарғылы тайдай тазы;
- Әдеби талдаудың бірінші түрі - композициялық құрылысына қарай талдау.
- Қане балалар еске түсірейік, әңгіме неден басталдаы?
- Әңгіменің дамуы қай жерден көрініс алған?
- Ал, байланысуы ше?
- Оқиғаның шиеленісуі ?
- Шарықтау шегі?
- Шешімі?
ІІ.Әдеби талдау.
1.Әңгіменің басталуы
Сары бала қуанышы.
2. Дамуы
Мысықтың жасаған ойыншықтары.
3. Байланысуы
Бала Шоқанның үйіне ертіп әкелуі.
4. Шиеленісуі
Ерке, тентек Жақыптың мінезі.
5. Шарықтау шегі
Мысықтың Шоқанды мазасыздана күтуі.
6. Шешімі
Шоқанның қайырымдылығы.
- Шоқан қандай қасиетімен сендерге ұнады? (Қамқорлығы,жан ашырлығы,
адамгершілігі)
- Өте жақсы!
- Шығармадағы кейіпкерлерді атаңдаршы? (Шоқан,Садық,Кәмилә,Мысық,Жақып,Шоқанның әкесі,анасы,әжесі Айғаным)
- Ал,бас кейіпкерлері кімдер деп ойлайсыңдар? (Шоқан,Мысық,Жақып)
- Қазір балалар сендерге тапсырма:Кейіпкерлерге мінездеме бере отырып әңгімеден мысал келтіру арқылы дәлелдейсіңдер де семантикалық картаны толтырасыңдар.
ІІІ.Кейіпкерлерге мінездеме. Семантикалық картаны толтыру.
№ |
Кейіпкер |
Мінездеме |
Шығармада |
Шоқан |
|
|
|
Мысық |
|
|
|
Жақып |
|
|
- Ал,Мысық қандай мінезімен сендерге ұнады?
ІҮ.Демалыс кезеңі
Сахналық көрініс, рөлмен ойнау. (Әңгіменің І бөлімі: Бала Шоқан,Мысық,Жақып)
Шоқан: - Ей,Мысық,аман ба?Мына ойыншықтарды кім істеді?
Мысық: - Өзімдікі,өзім істедім.
Шоқан: - Бермейсің бе?
Мысық: - Иә,бермеймін!
Шоқан:- Ей,Мысық немене,өзің сонша қорқақасың?Алмаймын,көрейін!
Мысық: - Жоқ,сенің құнаның бар,алып қашып кетесің.Мен жаяумын.Кеше әлгі бір тентек бала өзімді сабап кетті.Сен тимейсің бе?
Шоқан:- Жоқ,мен алып қашпаймын.Тек көремін.
Мысық: - Рас айтасың ба?
Шоқан: - Сен,немене мені жатырқап қалғансың ба?Сен мына ойыншықтарыңды маған бересің бе?
Мысық: - Жоқ,бермеймін,кешегі балалардай сен алып қашасың!
Шоқан: - Қорықпа, мен тимеймін.Қане, көрсетші, өзің ұстасың ғой!Ақысына не аласың,маған ана балшық атыңды берші.
Мысық: - Не бересің,бауырсақ бересің бе,қант бересің бе?
Шоқан: - Беремін,сен маған ойыншығыңды бер.Біздің үйге жүр,апамнан көп қант,бауырсақ әперемін.
Мысық: - Жоқ,мен қорқамын,мені ұрсады.
Шоқан: - Жоқ,мен тигізбеймін,өзім ертіп барамын.
Мысық:- Иә,апаң ұрсады,қорқамын.
Шоқан: - Ей,кәдуілгі түйе? Өй,өзің шеберсің ғой!Жүр менімен.Апама ұрыстырмаймын
Жақып: - Ей,мынау кім,қайдан еріттің,түу өзі сап - сары.
Шоқан: - Өй,жынды,әрі кет,мұнда нең бар?
Шоқан: - Мысық, неге жылайсың?Жүр,бері жүр менімен.
- Мұғалім: - Балалар!Сендерге Жақыптың мінезі ұнады ма? Неге? Қалай ойлайсыңдар,ол өскенде мінезі өзгереді ме,жоқ па?
ҮІ. Бекіту кезеңі.
- Айтыңдаршы балалар, осы кейіпкерлердің мінезіндегі қасиеттер барлық адамдарда да болады ма? Қалай ойлайсыңдар? (..............)
- Мүмкін,тек қана Шоқан, Мысық, Жақыптарға ғана тән мінез?
- Иә, дұрыс айтасыңдар,барлық адамдарға тән қасиеттер.Сабағымызды қорыта келе Шоқан атамыздай ұлы адам болу үшін біз бүгін «Адамтану диаграммасын» құрастырып көрелік. Халықта айтады «Тәні саудың, жаны сау». Әрине тән мен жан сабақтас, егіз бір бірімен айырғысыз. Ал осы адам бойындағы қасиеттерді қанағаттандыратын шын асыл - ол бас амандығы, ал адамның негізгі байлығы - денсаулығында.
Адамтану диаграммасы. (Венн диаграммасы бойынша).
Жақсы қасиеттер
Жаман қасиеттер
- Адам болған соң бізде жақсы қасиет те, жаман қасиет те болады. Ал Адамтану диаграммасын толтырамыз. Қане оқиық, қандай қасиеттерді көп жаздық.
- Адамгершілік, кішіпейілдік, татулық, парасаттылық, мейірімділік, жарасымдық қайырымдылық, инабаттылық. Бұл қасиеттер адамның жанын жадыратады, көңілін көтереді.
- Қызғаншақтық, кекшіл, сараң, ұрысқақ, ашуланшақ, тәртіпсіздік. Бұл қасиеттер адамның жанын аздырады, ішкі дүниесін тоздырады, адамға дерт әкеледі.
- Осы жақсы қасиеттерді жанымызға жақын ұстап, жаман қасиеттерден аулақ болайық. «Жақсы тілек, жарым ырыс» - дейді халықта, арайлап атқан таңымызды жақсы тілекпен бастайық дегім келеді. Бүгінгі сабақта барлықтарың да белсенді қатыстыңдар: Есембек Болат бес, Оралов Ризабек төрт, Акимберлин Сұлтан бес, Изатова Гүлзат төрт деп бағаланды.
- Үйге: Есембек Болат «Шоқан - ғалым» деген реферат жазып кел;Акимберлин Сұлтан «Шоқан - саяхатшы» деген тақырыпша бойынша ізденіп кел;Оралов Ризабек «Шоқанның шығармашылылық өмірбаяны» туралы деректер жинап келу.
ҮІІІ. Бағалау кезеңі.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |