Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 6013 |
|
|
|
Сөздікпен жұмыс
Сабақтың тақырыбы Сөздікпен жұмыс
Сабақтың мақсаты :
а) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін артыру.Сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу. ;
ә) Оқушылардың туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту,адамгершілікке баулу, халық даналығы,халық өсиеттерінен нәр алғызу,сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру ;
б) Ой еркіндігіне,ізденімпаздыққа баулу,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі : Аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,іздендіру.
Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар
Пәнаралық байланыс : әдебиет
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген жаттығуды тексеремін.
1. Омонимдер дегеніміз не? 2.көп мағыналы сөздерден омонимдердің қандай айырмашылығы бар? 3.Мәтін дегеніміз не? 4.Ауызша тіл дегеніміз не?
б) Жаңа сабақты тсіндіру :
Тақтамен жұмыс :
1) Сөздің оң жақта бір бөлігі,сол жақта екінші бөлігі берілген.екі бөлікті қосып,күрделі сөз жасау.Сөз мағыналарын түсіндіріп көру.
бел құлақ
қырық қосақ
саңырау аяқ
кемпір қазық
темір бақа
тас беу
2) Оңынан оқылса да,солынан оқылса да өзгермейтін үш әріптен тұратын он сөз ойлап жазу ( а-дан басталмайтын болсын)
Нан қақ көк тұт іні
шаш кек тот сұс құқ
3) Берілген буындардан сөз құрап жазу.
найзағай ұршық көше терезе орындық жалау балапан
Білімді бекіту: 1. Табу дегеніміз не? 2.Көп мағыналы сөздерді қалай түсінесің?
4. Мәтін дегеніміз не? 4.Лексика нені зерттейді?
Үйге тапсырма : Оңнан солға қарай оқылса да,солдан оңға қарай оқылса да өзгермейтін 5 әріптен тұратын 7 сөз ойлап жазу.
Бағалау: Оқушылар білімдеріне қарай бағаланады.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
|
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |