Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 19836 |
|
|
|
Тіркес екпіні
Сабақтың тақырыбы Тіркес екпіні
Сабақтың мақсаты :
а) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін артыру.Сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу ;
ә) Оқушылардың туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту,адамгершілікке баулу, халық даналығы,халық өсиеттерінен нәр алғызу,сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру ;
б) Ой еркіндігіне,ізденімпаздыққа баулу,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап
Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар,кітап.
Халықтық педагогика Нақыл сөздер
элементтерін қолдану :
Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1.Орфография дегеніміз не?
2.Орфоэпия дегеніміз не?
3.Екпін дегеніміз не?
4.Сөз екпіні дегеніміз не?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Кейде тілімізде бірнеше сөз тізбектеліп барып түгелімен бір ғана екпінге ие болады.Екпіннің мұндай түрі тіркес екпін деп аталады. Мысалы: тәлім-тәрбие’,ата-ана’,оқу үші’н,сен ғой’,қырық шақты’,ән са’л,көк ала’,қыпша бе’л,Абай көшесі’,ат үсті’,қас пен көздің арасында’,құлақ са’л,көп сөйледі’,тез жазды’,т.б.
Айтылуда тіркес құрамына енген сөздердің ара жігі үзілмей,бірігіп айтылады.
Жаттығумен жұмыс :345-жаттығу.Үлгі-сызбада көрсетілген бір тіркес екпініне бағынатын сөздердің тұсына соған тұлғалас бірнеше сөз жазыңдар.
Жүн-жұрқа
үйге дейін
еңбек ет
ну орман
биік шың
ұзақ сөйлесті
жүрек жұтқан
Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Білімді бағалау: Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : Бірнеше сөйлемдер жазып екпін қай тіркеске түсіп тұрғанын анықта.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
|
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |