Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Фразеологиялық тіркестер


Фразеологиялық тіркестер

Сабақтың тақырыбы Фразеологиялық тіркестер

Сабақтың мақсаты : а)  Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру.Сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;
                                  ә)  Оқушылардың туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту,адамгершілікке баулу,халық даналығы,халық өсиеттерінен нәр алғызу,сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру ;                                                                                                           б) Ой еркіндігіне,ізденімпаздыққа баулу,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі :                                Аралас сабақ
Сабақтың әдісі :                               сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі :                   үлестірмелі кеспе қағаздар
Халықтық педагогика                    сақтықта қорлық жоқ.
элементтерін қолдану :                   
Пәнаралық байланыс :                   әдебиет
Сабақтың барысы :  
                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :
   Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
                                    ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :
   Үйге берілген жаттығуды тексеремін.
1.Эвфемизм дегеніміз не?                     4.Мәтін дегеніміз не?
2.Дисфемизм дегеніміз не?                   5.Эвфемизм мен дисфемизмнің әдеби тілдеен айырмашылығы неде?
3.Табу дегеніміз не?                               6.Омоним дегеніміз не?
                                   б)  Жаң сабақты түсіндіру :
      «Фразеология» термині кең мағынада алғанда,белгілі бір тілдегі тұрақты сөз тіркестерінің барлық түрлерінің жиынтығы деген  ұғымды білдіреді.
   Тілімізде қолданылатын және сөздермен бірге көптеген ерекше қалыптасқан сөз тіркестері және сөйлемшелер бар.оның сөз тіркестерінің екі не одан да көп компоненттері болады,бірақ сөз тіркестері семантикалық бірлікте болып,тұтас бір ұғымды білдіреді.
   Мысалы: көз бояу,жүрегінің түгі бар,қу бастан қуырдақтық ет алған т.б.Мұндай тұрақты сөз тіркестерінің мағынасы ғасырлар бойы қалыптасып,ел аузында көп айтылып жалпы халыққа түсінікті болып кеткен.
   Мағынасы жалпыға белгілі, грамматикалық байланысы жағынан бір бүтін еденица болып қолданылуы дәстүрге айналған тұрақты сөз тіркестерін тіл білімінде фразеологизмдер деп атайды.
Тақтамен жұмыс: фразеологиялық сөздердің синонимдерін тапқызу.
 Телегей теңіз, көл-көсір (көп)
 Ит жанды,жылқы мінезді (төзімді)
 Маңдайы ашылған,қыдыр дарыған,бақ қонған (бақытты)
 Сағы сыну,шағылу,жүрегі шайылу (беті қайту)
Білімді бекіту: 1.Фразеологиялық тіркестер дегеніміз не?
                           2.Тұрақты тіркестер дегеніміз не?
                           3.Эвфемизм дегеніміз не?
                           4.Дисфемизм дегеніміз не?
Бағалау: Сұрақтарға жауап бергендеріне қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : Мына фразеологиялық тіркестің мағынасын біліп келуге беремін.

          Сақалын сипап қалу,мұзға отырып қалу,тақырға отырып қалу,аузы күю,көзді ашып жұмғанша,кірпік қаққанша,иек көтергенше,қаспен көздің арасында.

Кликни на ссылку казино Вулкан официальный сайт вход и играй на тенге с быстрым выводом выигрышей
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Синонимдер
Дыбыс үндестігі
Синонимдер
Мәтіннен өткенді қайталау
Сөздікпен жұмыс
Сөздік қор
Көру диктанты
Мәтінмен жұмыс
Мәтінмен жұмыс
Тіркес екпіні
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 7557 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык