Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 2377 |
|
|
|
Сан есімнен өткенді қайталау
Сабақтың тақырыбы: Сан есімнен өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Сан есімнен алған білімдерін тиянақтау, теориялық білімдерін практикалық тәжірибемен ұштастыру.
Тәрбиелік: Талдауға алынған мысалдар, мәтіндер арқылы ұлттық дәстүрді қадірлеуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты:Есте сақтау,ойлау қабілеттерін арттыру, ізденімпаздыққа,тапқырлыққа баулу, өз ойын дәлелді жеткізуін дамыту.
Сабақтың түрі: қайталау сабақ
Қолданылатын әдіс- тәсілдер: «Сәйкестендіру» стратегиялары,топтық жұмыс, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Перфокарталар, суреттер, бейнетаспа
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих, музыка.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру барысы.
Оқушыларды түгендеу.
Психологиялық ахуал
Ал, балалар бүгінгі сабақта бір-бірімізге сәттілік тілеп сабағымызды бастайық.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
176-жаттығу. Цифрмен берілген сан есімдерді сөзбен жазып келу
Сөзжұмбақ шешу. «Сан есім»
с а н ы Н
ж и н а қ т ы Қ
О н ы н ш Ы
б ө л ш е к т і К
с е г і З
і н ш і
м ы ң д а п
1. Сан есім заттың ... білдіреді.
2. – ау,-еу қай сан есімнің жұрнақтары?
3. Реттік сан есім.
4. Заттың бөлшектік санын білдіретін сан есім.
5. Есептік сан есім
6. Реттік сан есімнің жұрнағы
7. Болжалдық сан есім
III. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
- Балалар, бүгінгі сабағымыз «Сан есімнен өткенді қайталау». Сан есімді қайталау барысында өз білімімізді,тиянақтау мақсатында «Сәйкестендіру» стратегиясы. 182 – жаттығуды орындаймыз. Кестені сан есімнің мағыналық топтарына қарай сәйкестендіріп толтырыңдар.
Сұрақтары Мысалдар Сан есім түрлері
неше? Есептік сан есім
нешінші? Реттік сан есім
нешеу? Жинақтық сан есім
нешелерде? Болжалдық сан есім
нешеден? Топтау сан есімі
нешеуі? Бөлшектік сан есім
- 183 – жаттығуды перфокарталар арқылы орындаймыз
Сан есімдер Дара күрделі
отыз
тоқсан
жетпіс жеті
алпыс тоғыз
жүз елу үш
Сан есімдер Дара күрделі
он сегіз
мың екі жүз елу сегіз
алты
қырық екі
екі -үш
Сан есімдер Дара күрделі
жиырма жеті
он үш
тоқсан
тоғыз
екі
бір бүтін үштен екі
Сан есімдер Дара күрделі
үш
екіден бір
алпыс - жетпіс
бес - бестен
он – онннан
қырық
Сан есімдер Дара күрделі
алпыс
төрт - бес
жиырма төрт
елу
үш
ІҮ. Мәтінмен жұмыс.
(Мәтінмен жұмыс кезінде баяу музыка ойнап тұрады).
а) Мәтінді қысқаша баянда.
б) Берілген мәтіндегі 3 сан есімді теріп жаз, мағынасына қарай қай топқа жататынын көрсет.
Тайқазан
Тайқазанды сегіз жүз бірінші жылы Әмір Темір жасатып, Қожа Ахмет Иассауидың мазарына сыйлаған.
Тайқазанның салмағы - екі тонна, биіктігі жүз алпыс екі сантиметр, диаметрі – екі жүз қырық екі сантиметр
Тайқазан жеті түрлі металдан жасалған. Оның қабырғасына араб әріптерінің өрнектері салынған. Гүл сияқты жасалған екі құлақшасы бар.олардың арасында он екі үлкен шүмектері бар. Ол он екі жыл мүшелді білдіреді.
(«Ол кім, бұл не?» ІІІ том)
а) Мәтінді қысқаша баянда.
б) Берілген мәтіндегі 3 сан есімді теріп жаз, мағынасына қарай қай топқа жататынын көрсет.
Жақсы мен жаман
Адам атызға бір түп гүл әкеліп отырғызды. Құнарлы жерге отырғызылған ол күнен күнге тамыр жайып, гүлдене өсе береді. Гүл бірінші - күннің нұрын, екінші - мөп – мөлдір суды, үшінші – таза ауаны сүйетін. Ол осынау тіршілік иесі болғанына, өзін әкеліп отырғызған адамға өте риза болды.
Бір күні:
- Әй, сен көп асқақтама! Өмірге келгеніңе өкінетін боласың, - деген шіңкілдек дауысқа жалт қараса, дәл төменде түрі ұсқынсыз бір шөп басын қылтитып тұр екен. Гүл ештеңе дей алған жоқ. Көздері жасаурап кетті, қасындағы біршама үлкендігі бар екінші гүлге басын сүйеді.
- Жабырқама, сабыр ет! Адамдар оны «арам шөп» деп атайды. Бір басынан басқаны ойламайтын жауыз шөп. Әлі – ақ құтыламыз.
«Жақсы сөз – жарым ырыс» деген ғой. Оның көңілі біраз көтеріліп қалды. Әлгі гүлдің айтқаны рас болып шықты. Ертесіне он жастағы бір бала келді де, арам шөпті жұлып тастады. Гүл қайта құлпырды.Өмірде жақсылар да, жамандар да, бар екен.
(Б. Әбділов).
а) Мәтінді қысқаша баянда.
б) Берілген мәтіндегі 3 сан есімді теріп жаз, мағынасына қарай қай топқа жататынын көрсет.
Ақсүйек
Ойын жаздың айсыз қараңғы түнінде ойналады. Ол үшін ірі қараның, жылқының кепкен жілік сүйегі керек. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Әр топ өзіне басшы сайлап алады. Ойнды кім бірінші болып бастайтыны екі топ басшыларының жеребесі арқылы шешіледі. Әр топ өз көмбесін белгілейді. Екі топтың ойыншылары алаңға арқасын беріп сапқа тұрады. Бірінші болып ойын бастауға мүмкіншілік алған топтың басшысы сүйекті алыстата лақтырады.
Екі топтың ойыншылары сүйекті іздеуге кетеді. Сүйекті кім бірінші боп тапса, сол көмбеге қарай жүгіреді, қалғандары оны қуады. Қарсы жақтың ойыншысы жетіп, сүйекті алатын болса, бар күшін салып, оны өз көмбесіне жеткізуге тырысады. Ойын жалғасып, қайталанып, ойналады.
(«Ұлттық ойындар»)
а) Мәтінді қысқаша баянда.
б) Берілген мәтіндегі 3 сан есімді теріп жаз, мағынасына қарай қай топқа жататынын көрсет.
Екі соқа
Бір зауыттан екі соқа қатар жасалып шықты. Біреуі егіншінің қолына түсті. Ол онымен жер жырта бастады. Екінші соқа еш қимылсыз аулада жатты. Арада бірнеше уақыт өткен соң, екі соқа кездесіп қалды. Жұмыс істеген соқа күмістей аппақ болып жарқырап тұр. Ал қимылсыз жатқан соқа тот басып қарайып кеткен.
- Сен неге мұнша жылтырап, кеткенсің? – деп сұрайды екіншісі.
- Мен еңбек еттім. Ал еңбек кімнің де болса шырайын кіргізбей ме? – деп жауап қайырыпты.
(Ы. Алтынсарин)
Ү.Жұмбақтар шешу кезеңі. Сан есімдерді табу, құрамына қарай ажырату.
Жұмбақтар.
1. Бір алаша төселген,
Екі ауылды жалғайды.
Өмірінде еш адам
Оны жинай алмайды.
(Жол)
2. Таңертең төрт аяқты,
Түсте екі аяқты,
Кешке үш аяқты.
(Адамның сәбилік, жастық, кәрілік, шағы)
3. Басы да екеу,
Аяғы да, екеу.
(Қайшы)
4. Он – он бесі жиылды,
Бір белдікпен буылды.
( Сыпыртқы)
5. Кездеспейді екеуі,
Көк аспанда мекені.
(Ай мен күн)
6. Қатар тұрып екеуі
Бірін – бірі көрмейді,
Көр десең де көрмейді.
(Екі көз)
7. Бір үйім бар ақ тас,
Есігін ешкім таппас.
(Жұмыртқа)
8. Үй ішінде
Отыз екі батыр.
Кіргендерді
Отап, турап жатыр.
(Тіс)
9. Үш –төрт қана тісі бар,
Шөп көтерер күші бар.
(Айыр)
ҮІ. Мақал – мәтелдерді толықтыру.
1. ... жасар бала келсе,
... шал алдынан шығар.
2. ... ... білмеген жетесіз.
3. ... рет өлшеп, ... рет кес.
4. Ер жігіттің ... сөйлегені өлгені.
5. ... ... тістен шыққан сөз ... рулы елге тарайды.
6. Ел құлағы ...
7. ... бірі қыдыр.
ҮІ.Бекіту кезеңі.
№ Мысалдар/Түрлері Есептік сан есім Реттік сан есім Жинақтық сан есім Болжалдық сан есім Топтау сан есім Бөлшектік сан есім
1 Бір мың екі жүз бес
2 Отызыншы
3 Елулерде
4 Оннан бес
5 Жетеу
6 Жиырмажеті
7 Қырықбірінші
8 Он шақты
9 Екі-екіден
10 Екіденбір
11 Он – оннан
12 Жетідей
13 Екімыңыншы
14 Екіжүздей
15 Бес бүтінекіденбір
16 Үш төрттен
17 Үшеу
18 Алпысыншы
19 Жиырмаүш
20 10-10-нан
ҮІІ. Кім жылдам?Кім тапқыр?Кім жүйрік?ойыны
1. Бір же1 екен 1 қазан.
Кел жемді же 1 қазан.
1 ақ сәтте қойды жеп.
Кү1 етті,тойдым , -деп
Естіп 1 кез дү1ді
Жағадағы тү1ді
Паналауға жүгірді.
2.Екі баласына ж 2 ріп,
Ұрсыпжатыр к2лік
-2леніп с 2ріп,
Алыпқажың 2 лік,
2ншілей 2ңді
Көрсетпе!-деп ж2ді
К2рейіпбаласы
2ленбей тапасып,
Жоймасам ба 2 кімді
Деп б2нген с2лді.
3. Тебесің,-деп,-қойларды,
5ті айғырды қораның.
Тө5іне лақтырдым.
5аспап батырмын.
Сен5 ең,сұрағын.
5іктегі бөпемнен,
5жастағы көкемнен.
ҮІІІ. «Шешен болсаң, шешіп көр.»
1.Бес әріппен таңбаланатын қай сан?
2.Оң оқысаң да, сол оқысаң да бірдей мағынада айтылатын қай сан?
3.Бір шеңберді бір шеңбер,
Көтеріп тұр білсеңдер.
ІХ. Сабақты қорытындылау.
Сұрақтар қойылады:
- Сан есім дегеніміз не?
- Сан есім құрамына қарай қандай топтарға бөлінеді?
- Сан есім мағынасына қарай қандай топтарға бөлінеді?
- Сан есім сөйлемде қандай қызмет атқарады?
Бағалау.
Х.Үй тапсырмасы.
188 – жаттығу. Берілген дара және күрделі сан есімдерді қатыстырып,
сөз тіркесін құрап жазу.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |