|
|
Сын есім
Сабақтың лексикалық тақырыбы: Қыс
5-сынып
Грамматикалықтақырыбы: Сын есім
Сабақтыңмақсаты: Сабақтың мақсаты:
- Модуль бойынша оқушылардың сөздік қорын қалыптастыру.Оқылым,тыңдалым,айтылым,жазылым әрекеттерін тілдесім әрекетіне жетелеу. .Лексикалық және грамматикалық тақырыптарды байланыстыра өту,сын есім туралы мағлұмат беру ,сөйлем ішінен тауып, оған дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету.
2.Өздігінен жұмыс істеу дағдыларын арттыру,ой-өрісін кеңейту,іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру,шығармашылыққа баулу,тіл байлығын дамыту. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.
3.Отанды сүюге,елін құрметтеуге,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, салыстыру, талдау, іздендіру
топтық, жеке жұмыс түрлері.(мән беріп оқыту технологиясы,Блум таксономиясы,сатылай кешенді талдау)
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд,үлестірме қағаздар
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: әдебиет,орыс тілі
Сабақтың барысы.
І.Ұйымдастыру кезеңі : ( 0,5-1 мин)
А) амандасу
Ә)кезекшімен сұхбаттасу
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: (7-8 мин)
«Менің Қазақстаным» атты шығарма жазу
ІІІ.Білімді жан-жақты тексеру.(3-4 мин)
- Зат есім дегеніміз не?
- Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді?
- Қазақстан туралы не білесіңдер?
ІҮ. Жаңа сабақты меңгеруге дайындық кезеңі
Тақтаға күн ретін жазып қоямын.Оқушылардан Абайдың «Қыс» туралы өлеңін сұраймын.
- Бұл өлең жолында қай мезгілді суреттейді?
- Олай болса,бүгінгі сабағымыздың лексикалық тақырыбы не?
- Грамматикалық тақырыбы не?
- Бүгінгі сабақтан нені білу керекпіз? (қыс туралы,сын есім ережесін,сұрақтарын,мағыналық түрлерін)
- Не үйренеміз? (салыстыру,жаттығу талдау,сөйлем құра білу,ойлау білуге)
- Ендеше,жаңа сабағымызды бастайық!
V. Жаңа білімді меңгеру кезеңі (10-12 мин) Ұжымдық оқыту
Грамматикалық тақырып
- Балалар, «Қыс» өлеңінен сын есімді тауып көрейікші? ( ақ киімді,денелі,ақ сақалды,ақ қырау,түсі суық)
- Енді осы сөздерге сөз құрамына талдау кім жасайды? (тақтаға 2-3 оқушы)
Мысалы: ақ киімді
1.Бұл сөз үш құрамды: ақ киім+ді
2.Тұлғасына қарай:туынды
3.Құрамына қарай:күрделі (тіркесті сөз)
4.Лексикалық мағынасы – сындық қасиетке берілген атау
5.Грамматикалық мағынасы – сын есім
6. Сұрағы – қандай?
7.Мағынасына қарай – қатыстық сын есім
- Сыныпта қандай заттар бар?
- Енді осы заттарға сөз тіркестіріп көріңдер?(үлкен терезе,қоңыр тақта,үлгілі оқушылар,әдемі гүлдер,жасыл парталар)
- Сонда сын есім дегеніміз не?
- Ол қандай сұраққа жауап береді?
- Оқушыларға мысал келтірту.(Сын есімнің ережесін слайд арқылы көрсету)
Сөздікпен жұмыс (Доп лақтыру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту)
Лексикалық тақырып: Қыс (слайд,сурет )
1-тапсырма.
- Диалогті екі оқушыға оқыту (оқылым)
- Аудармасымен оқыту(тыңдалым «сөз анасы-құлақ,су анасы - бұлақ)
- Түсінгенін тақтаға ауызша айтқызу (айтылым (көкірекке түю)
- сын есімдерді теріп жазғызу ,сатылай кешенді талдау(жазылым)
жылы
1.Бұл сөз бір құрамды:жылы
2.Тұлғасына қарай:негізгі
3.Құрамына қарай:дара
4.Лексикалық мағынасы-тепло
5.Грамматикалық мағынасы: сын есім
6.Сұрағы:қандай?
7.Мағынасына қарай:сапалық сын есім
2-тапсырма.Кесте бойынша әңгіме құраңдар.
- тілдесімге жетелеу (түсінгенін сұрау)
ҮІ.Жаңа сабақты меңгергенін тексеру кезеңі (10 мин)
- Салыстыру (Зат есім мен сын есімді салыстыру;Қыс пен жазды венн диаграммасы арқылы салыстыру)
- Тақырып бойынша тест сұрақтары (5 сұрақ)
ҮІІ. Бекіту кезеңі (5 мин)
- Нені үйрендік?
- Нені білдік?
Ойын ойнайық!
- Мен сендерге зат есім айтамын,сендер сын есім тіркестіріп ,сөз тіркесін жасайсыңдар (доп лақтыру арқылы)
ҮІІІ.Үй тапсырмасын беру кезеңі:85-бет,3-тапсырма. (1 мин)
ІХ.Қорыту
А) Бағалау (сыныпқа баға береміз) (2 мин)
- Не өттік?
- Не үйрендік?
- Кімдер белсене қатысты? (Менің ойымша,өйткені,себебі ...)
Алматы облысы
Іле ауданы
Өтеген батыр кенті
№38 мектеп-гимназия
Тақырыбы: Сын есім (5-сынып)
Орындаған: қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімі Әкімберді Д.Ә
2014-2015 оқу жылы
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |