Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қара торғайым келдің бе?


Қара торғайым келдің бе?

Тақырыбы: Қара торғайым келдің бе?

Құстар күні
Мақсаты: оқушының құстар жайлы білімін толықтыру, құстардың табиғатқа тигізер пайдасы, құстардың адам өміріндегі маңызын түсіндіру.
Тәрбиелілігі: құстарды қорғау, әсемдікке баулу, тіршілік атаулыға қамқор болу, қорғау.
Дамытушылығы: оқушының дүниетанымын кеңейту, құстар туралы мол мағлұмат беру.
Шығармашылығы: құстардың ерекшелігін танып білу, сөзжұмбақ шешу, қазақ құсбегіілері жайлы түсінік беру, құстар ұясын жасап ілу.
Барысында:
1. Кіріспе.
2. Қазақ құсбегілері
3. Табиғатты қорғау, қазақы салт-дәстүр
4. Жергілікті құстар туралы мәлімет
5. Оқушылардың салған құс суреттері.
6. Сөзжұмбақтар,   мақал-мәтелдер , құс туралы жұмбақ шешу.
7. Әдеби музыкалық монтаж 
8. Қорытындылау.
 
Құсбегінің құрал жабдықтары: тұғыр, ырғақ, биалай, томаға, саптыаяқ, балдақ
Құсты аңға үйрету үшін қолданатын әдіс-тәсілдер: «далбай тастау», «шырға тарту», «тірілеу» 
Қайыруға – қолға әбден үйретілген құс.
Қазақ құсбегілері қолға үйрететін құстар; лашын, қаршыға, бүркіт, қырғи, ителгі, сұңқар. Бүркіттің төрт саусағы бар 1. Тегеурін. 2. Жембасар. 3. Сығыс. 4. Шеңгел.
Халықтық табиғатты қорғау дәстүрлері: біздің халқымыз табиғаттың бұзылуына, жүдеуіне жол бермеген. Тыйым ережелерін үнемі айтып отырған. Мысалы, суға байланысты – суға түкірме, түнде суға барма, судың да сұрауы бар, балық аулай алмаған суды лайлайды.
Құстарға байланысты – қарлығаш үйге құт әкеледі, құс ұясын бұзба, құстың жұмыртқасын жарсаң бетіңе шұбар түседі, жаңа түскен келінді құсқа теңеп құс құтты болсын деген. Ержүрек батыр ұлдарын қыран құсқа теңеген, қорқақтарын жапалаққа теңеген. 
Құстарды қорғау мақсатында қызыл кітап жарық көрді. 
Қазақстанда қызыл кітап 1978, 1981,1991,1996, 2010 шықты. Дүние жүзінде 8600 түрлі құс бар. Қазақстанда 503 түрлі құс мекендейді. Көлсай көлдері саябағында 197 түрлы құ тіршілік етеді. 704 өсімдік, 2-түрлі балық, 2- түрлі қос мекенді, 2 - түрлі жорғалаушы, 29 түрлі сүтқоректі мекен етеді. 
 
Құстардың қырылуы 1983 – 88 жылдары болды. Тың игеруге байл
Қызыл кітап табиғатты қорғаудың ірге тасы, экологиялық білім көзі.
Табиғатқа қамқорлық жасау, әрбір азаматтың абыройлы міндеті әрі парызы.
Табиғи байлықты ұқыпсыз игеріп, өзімізге, жан-жануарға қастандық жасадық. Семейді полигонға айналдырдық, арал теңізі апатқа ұшырады, жеріміз эрозияға ұшырап, химиялық қалдық заттармен уланды.
Табиғатты қорғау туралы заңдар.
1966 жылы алғаш рет халықаралық қызыл кітап жарық көрді
1972 жыл 5-маусым қоршаған ортаны қорғау күні
1973 жыл жер бетінен құрып кеткен жануарлардың қара тізімі жасалды. Онда 94 түрлі құс бар еді.
1991 жыл қоршаған табиғи ортаны қорғау заңы шықты
1993 жыл ҚР «су» «жер» «орман» кодекстері қабылданды.
1997 – 1999 жылы қоршаған ортаны қорғау туралы заң
«Экологиялық мониторинг», «экологиялық білім бағдарламасы», «экологиялық қуіпсіздік тұжырымдамасы» қабылданды бұл 2004-2015 ж арналды.
 
Құстар жайлы сауалнама
1. Құстарды зерттейтін ғылым (орнитология)
2. 1-ші ұшып келетін жыл құсы (қараторғай)
3. Құйрығы айр құс (қарлығаш)
4. Құста неше қарын бар (2)
5. Әсемдік үшін өсіретін үй құстары (тоты)
6. Киелі құс (үкі, аққу)
7. Құстың дене температурасы (+410,+430С) 
8. Адамша сөйлей алатын құс (тоты құс)
9. Хат тасушы құс (көгершін)
10. Мекен – жайды төңіректейтін санитар құс (қарға, сауысқан)
11. Аққу неліктен екеу болып жүреді?
12. Құстың латынша аты (Aves)
13. Қар астында түнейтін құс (құр,шіл)
14. Орман санитары (тоқылдақ)
 
 
Күрметі елді мекені тау баурайында көсіліп жатқан жасыл желекті алқап, айналасы жайылған төрт түлік мал, аспанда қалықтап ұшқан құс, нұр сәулесін төгіп тұрған күн, шайдай ашық аспан.  Сылдырлап аққан Күрметі өзені, тасып аққан шелек өзені, гүл үстіне қонған көбелек, тынымсыз еңбекқор құмырсқа осының барлығы табиғат деп аталады. Табиғат тіршілік негізі, өмір сүру өзегі. Табиғат – халық байлығы. Табиғаттың бір бөлшегі – құстар. Халық – көкек келді, көктем келді дейді. Көктемнің алғашқы айын наурыз, көкек деп тегін айтпаған.  Көктемде тал-терек бүрлеп, қар еріп, құстар келіп, табиғат ерекше көрініске ие болады. 
Қарлығашым келдің бе, қаршығадан саумысың.
Аман – есен келдің бе, айыр құйрық нау – құсым.
Оралдың ба тағы да, өзің өскен ұяға,
Оралдың ба, сүйіктім, екеуіңде бармысың,-деп Мұқағали жырлағандай, биыл да көктем келді. Құстар күнін 1923 жылдан бастап оқушылар құстарды қорғау мақсатында жыл сайын көктем айында «Құстар күні» мерекесін өткізіп құстарды қарсы алады.
 
 
Жергілікті қыран – құстар жайлы мәлімет.
 
1-оқушы. Біздің өлкемізде бүркіттің жеті түрі мекендейді. Олардың ішіндегі мықтысы қыран бүркіт. Ол қасқырды алатын ірі денелі, күшті құс. Биік тауда мекен етеді. Қанат құлашы 2м.
2-оқушы. «ителгі диірмен тасын теуіп сындырыпты» деп аңызға айналған жыртқыш құс. Ителгі дене тұрқы 42-60см. Қанат құлашы – 160 см. Қаз – үйрек алады.
3-оқушы. Қаршыға қырағы құс. Көзге көп түспейді. Қаз, үйрек, қырғауыл, қарсақ алады. Қанат құлашы 130см.
4-оқушы. Қырғи балалар үшін қазақ құсбегілері қолға ұстап үйреткен. Дене тұрқы 30-40см.
5-оқушы. Лашын сұңқар тұқымдасы, ден тұрқы 40-50см. Қанат құлашы 120см. Секундына 100м жылдамдықпен сорғалайды.
6-оқушы. Сұңқар ақ, шыбар, қара сұңқар деген үш түрі бар. Қазақтың төл құсы деп есептелінеді. Тұрқы 40-50см.
7-оқушы. Тұйғын – орман –тоғай арасында тау бөктерін мекендейді. Тұрқы 70-80см. Жер бауырлап ұшады.  
8-оқушы. Бөктергі – өте пайдалы жыртқыш құс. Тұрқы 30-38 см. Қорегі тышқан, жәндіктер, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді.
9-оқушы. Тазғара –құмай кейде күшіген деп те атайды. Санитар құс. Қанат құлашы 3 метр. 
 
 
Құстың келтіретін пайдасы. А) үй тұрмысында (киім, жастық ), тағамға – жұмыртқасы еті. Тыңайтқыш ретінде – құс саңғырығы. Ауарайын болжау – жеке құстар қылығы. Саятшылықта – сән үшін, санитарлық қызмет, емдік қасиеті бар.
Құстардың азайуы: жұмыртқасы зақымданғандықтан, қоректің азайуынан есепсіз пайдалану, ұясының бұзылуынан, өрт салдарынан, табиғи апаттан. Қамқорлықтың кемуінен, көбею кезіндегі әсер ететін әрекет (әр түрлі шулы дауыс, ағаш дайындау, жол салу)
Құстардың зияны: құс тұмауы ауруын тарату, құстардың бірін – бірі қорек үшін пайдалануы. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін қорек үшін пайдалану.
 
Қазақстанда жыл сайын құстардың биотүрлілігін сақтау мақсатында жеке құстар жылы аталып өтіп отырады. Оларды қорғайды. 2006 жыл сұңқарлар. 2007 жыл  қарлығаштар, 2008 жыл тырналар, 2009 жыл бозторғай, 2010 жыл қараторғай, 2011 жыл шымшықтар, 2012 жыл дала қыраны жылы деп аталды.
 
 
Жұмбақтар 
Күндіз көрген шырағы,
Түнде көрер қырағы. (Үкі)
Тікірейіп айдары,
Егін жауын қырады. (Үкі)
 
Балықшы емес, балықты,
 Судан жиып алыпты. (бірқазан)
 
Биікте ұшып жүреді,
Елік, қоян бүреді
Қия таста ұясы,
Оны кім біледі? (бүркіт)
 
«Бейбітшілік құсы» - деп
Қайсы құсты мақтаймыз (көгершін)
 
Көл бетін сызып 
Аққұман  жүр жүзіп. (Аққу)
Ағаштарды тазалап 
Зианкесті мазалап
Орманды емдейді (тоқылдақ) 
Түсі қара мақпалдай
Төсі ақ сыр жаққандай
Көктен жұлдыз аққандай (Қарлығаш) 
 
3 – көктем айы
21 мамыр- 20 маусым ән – күйдің айы.
1-көктем айы
21 наурыздан – 20 көкек ұйқыдан ояну.
 
2-көктем айы
21 көкектен-20мамыр
Құстардың оралуы.
 
 
Сөзжұмбақты дұрыс шешкенде жетісудың інжу маржаны атанған көл атын оқи аласыз
1. Құстардың жылы жаққа қайту мезгілі
2. Жыл құстарының ұрпақ өрбіту үшін келу мезгілі
3. Сайрайтын орман құсы
4. Жауыр атқа жабысатын отырықшы құс
5. Құстың аталығы
6. Ерте көктемде гүлдейтін лала тұқымдас өсімдік
 
 
Сөзжұмбақты дұрыс шешкенде қоғам қайраткері А. Түркебаев туылған қыстақты оқисыз
1. Өз атын өзі шақыратын құс?
2. Қанатына құран жазылған құс?
3. Қырандардың ең алыбы?
4. Құс қауырсыны?
5. Құстың шақыру жемін салатын қалта?
6. Құстың көзін жауып тұру үшін былғарыдан тігілген екі-үш сайы бар бұйым?
7. Қара, қоңыр, қызыл, ақшыл дақтары бар сұр түсті құс?
 
 
Сөзжұмбақты дұрыс шешкенде Көлсай көлдері ұлттық саябағының орталығы орналасқан ауыл шығады 
1. Жыртқыш құс
2. Қанаттың шеткі қауырсыны
3. Артқы саусақ
4. Ортаңғы саусақ
 
 
Сөзжұмбақты дұрыс шешкенде тарихшы, академик Кеңес Нұрпейісов туылған қыстақты оқисыз.
1. Екі саусақты африкалық түйе құс?
2. Тек құстарға ғана тән қандай сыртқы белгі бар?
3. Мүшел жыл санауға кірген құс?
4. Қазақ құсбегілері балалар үшін қолға үйреткен құс?

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Құстар -біздің досымыз
Құстардың көктемгі тіршілігі.
Құстар
Құстар-біздің досымыз
Құстар біздің досымыз
Тіршілік ғажайыптары
Құстар әлемі!
Қанатты дос-табиғаттың тартуы
Құстар – біздің досымыз
Көрікті көктем
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 2771 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык