Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тазалық саулық кепілі.


Тазалық саулық кепілі.

 Тазалық- денсаулық кепілі.     2 сынып

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушылардың өткен сабақтарда алған  білімдерін пысықтау. Көптік жалғауын қайталау."Тазалық-денсаулық  кепілі" дегенді оқушылардың түсінуіне көмектесу.Тазалық сақтау заттарын көрсете отырып,тазалық сақтауға үйрету.

Дамытушылық: Түрлі әдістер, сұрақ-жауап, ойын элементтерін пайдалану арқылы оқушылардың байқағыштығын, тапқырлығын,жылдамдығын, есте сақтау қабілетін, танымдық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Балаларды тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың  көрнекілігі: интерактивті тақтаслайд, бейнетаспаларсәлемдеме,тазалық сақтау заттарының суреттері.

Сабақтың түрі қайталау, ойын сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:түсіндіру,сұрақ-жауап,қайталау,ойын,ой қозғау,проблемалық сұрақ,топпен жұмыс.

Пәнаралық байланысорыс тілі,валеология.

                                 Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі (түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару, тіл дамыту сұрақтарын қою)

Психологиялық тренинг

Жақсы оқып сабақты,

Әдеп сақтау - сәніміз.

Сәлем бердік сіздерге,

Басты иіп бәріміз.

Сабақтың мақсатын айту «Мой додыр» мултфильмінен үзінді көрсету, «Адасқан әріптер» ойыны арқылы сабақтың тақырыбын тауып, мақсатын айту. Қ А Т З Л А Ы    (ТАЗАЛЫҚ)

Фонетикалық жаттығу «Жоғалған әріптер» ойыны

К... ше, ба...даршам, тасба...а, м...хитарал, с...лүі, т...с, с...рсенбі, ж....ма.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

Сергіту сәті

Мен бойымды тік ұстап,

Таянамын бүйірді.

1 2 3 4

1 2 3 4

Аяқты алға қоямын,

Жұдырықты түйемін.

5 6 7

5 6 7

Екі қолды көтеріп,

Мен шапалақ ұрамын.

8 9 10

8 9 10

Ал партаға қон.

Қайталау сабағына арналған тапсырмаларды орындау.

1.Сөздік жұмысы (суреттегі сөздерді қазақша аудару)          

Сабын

Сусабын

Сүлгі

Тіс пастасы

Тіс щеткасы

Сүлгі

Тарақ

 2.Олар не үшін керек? (сұрақ - жауап)

Сабын ,  жуыну үшін керек.

Тіс пастасы, тіс щеткасы тісті тазалау үшін керек.

Тарақ шашты тарау үшін керек.

Сүлгі сүртіну үшін керек.

Сахналық көрініс .Тазалық заттарының жыры.

          Су

Тазалықты іздесең,

Мөлдір судан аласың.

Жиі – жиі жуынсаң,

Аппақ таза боласың.

Тазалықтың досы

Су дегенің осы.

       Сүлгі
Ақ матадай түгі бар,
Қызыл – жасыл гүлі бар.
Жұмсақтығы мамықтай,
Сүртінесің жалықпай.
Тазалықтың досы,
Сүлгі деген осы.

        Сабын
Сабындаған кезіңде,
Ашытады көзіңді.
Бола білсең төзімді,
Тап – таза етер өзіңді.
Тазалықтың досы,
Сабын деген осы.

     Тіс щеткасы

Мен айтайын тақпақ,

Алғын оны жаттап.

Тісіңді жу, тазарт,

Маржандай болсын аппақ.

        Тарақ

Аузым жоқ, көзім жоқ,

Тілім жоқ, сөзім жоқ.

Бірақ та тісім бар,

Шашыңды тараймын.

Әдемі боласың,

Менің атым тарақ.

3.Грамматикалық кезең.  (ережені қайталау)

Көптік жалғау (окончание множественного числа)

лар, - лер + дауысты, р,й,у

дар,-дер +л, м, н, ң , з, ж

тар, -тер + қатаң , б,в, г, д

Берілген сөздерге  көптік жалғауының жалғауын қосып жаз. Жалғаулардың жалғану ережесін айту, оқушыларға мәселелік сұрақтар қою арқылы тапсырманы орындату.

   Тарақ, сабын, паста, щетка, орамал, айна, сусабын.

  1. «Тазалық» сөзінен құралған сөзжұмбақты шешу.(дене мүшелерін еске түсіру)

1.зуб  2.голова   3.глаз  4.волосы    5.рука  6.нос     7.нога

Сөзжұмбақты шеш.

            1.ТІС

          2.БАС

       3.КӨЗ

        4.ШАШ

      5.ҚОЛ

  6.МҰРЫН

     7.АЯҚ

  1. Жұмбақтарды шеш.

Ертемен күнде сен

Қолыңды сүйкесең,

Кетіп кір – ласың,

Тап – таза боласың.

Бұл не?  (сабын)

 

Шомылған баланы

Аймалап алады.

Сүртеді қолын да,

Сүртеді жонын да

Бұл не?    (сүлгі)

 

Аузы жоқ, көзі жоқ,

Тілі жоқ, сөзі жоқ.

Бірақ та тісі бар,

Басыңмен ісі бар.

Бұл не?

Бекіту.

Тазалықты сақтау үшін қандай заттар керек? Олар не үшін керек? «Мой додыр» мултфильімінің соңын қарау.

Үй жұмысын беру.

 Бағалау .

Қорытынды.

Тазалықты сақта! Тазалық – денсаулық кепілі.

Рефлексия (сабақ соңында оқушылардың көңіл –күйлерін білу)


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тазалық заттары
Құлақ. Мұрын. Көз. Тері. Тіл. Оларды күту ережесі.
Денсаулық – зор байлық
Қ. Мырза Әли Қысылу
Тазалық - саулық кепілі
«Кір қожалақпен Тазабектің бастан кешкендері»
Бақытың да, байлығың да – Денсаулық.
Адам денсаулығы
Бақыт дегеніміз – денсаулық
Неліктен біз тісімізді тазалап, қолымызды жуамыз?
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 18645 | Қосты: Бутагарина Арайлым Ирбулатовна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык