Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 3134 |
|
|
|
Қысқы ауа райы
Тақырыбы: Қысқы ауа райы
Сабақтың мақсаты:
Балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін кеңейтіп, қысқы ауа райы тақырыбына байланысты жаңа сөздерді меңгерту.Мәтіннің мазмұнын түсіндіру,мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді,өз ойларын жинақтап айтуға үйрету.Тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру.
Күтілетін нәтиже: Сабақта танысқан жаңа сөздерді қолдана алу
Қыс туралы өз ойларын жаңа сөздерді қатыстырып жеткізе алу
Жай сөйлемдермен қыс мезгіліне қатысты шағын әңгіме құрастыра алу
Өзі-өзін бағалау:Жаттықтыру тапсырпмаларының көмегімен оқушылар өздерін бағалайды, кіші топпен жұмыс істегенде топтық бағалау іске асады, мұғалім сабақты қорыта келіп , оқушылардың осы сабақта алған білімдерін House Point беру арқылы бағалайды.
Ресурстар:Интерактивтік тақта, Флипчарт, аудиотаспа,оқулық, дәптер, суреттер.
Белсенді лексика:аула, қар лақтырып ойнады, кигізді, аққала, ұқсайды, қуанды, қалың
Балалармен жылы қарым-қатынас орната отырып, олардың оқу іс-әрекетіне деген жақсы көңіл күйінің қалыптасуына баса көңіл аудару.
Сабақ мақсатымен таныстыру.
1) Өткенді қайталау
2) Қысқы ауа райы тақырыбына қатысты жаңа сөздермен танысу
3) Тапсырмалар орындау
Өткенді қайталау мақсатында 1-флипчартта берілген сөздерді тиісті жыл мезгілдері суреттерімен байланыстыру. (1 немесе 2 рет қайталануы мүмкін)
Негізгі бөлім
1.Сөздікпен жұмыс. Жаңа сөздерді оқу,мағынасын түсіндіру.
Жаңа сөздер: аула,қар лақтырып ойнады, кигізді, аққала, ұқсайды, қуанды, қалың.
Әр жаңа сөз Флипчартта жазылып тұрады,балалар сөзді оқиды,сөздің мағынасын ашатын сурет жасырынып тұрады.
Мұғалім сөздің мағынасын білдіретін сөзді Magic Ink-пен ашады.Сөздік жұмысы осылайша жүргізіледі. Оқушылар дәптерлеріне жаңа сөздерді жазады.
2. Аудиотаспадан «Кыс» туралы әңгіме тыңдайды.
-Әңгіме не туралы?
-Әңгімеден не білдіңдер?
3.Мәтінмен жұмыс. №1 тапсырма, 130 бет.
Оқушылар мәтінді кезектесіп оқиды. Мәтіннен жаңа сөздерді тауып, сол сөздер бар сөйлемдерді оқиды.Мысалы:Қар қалың.
4.«Қарлы кесек» ойыны:
Ойынның шарты Флипчартта реттімен көрсетілген.
Қар тәрізді ақ қағазды мұғалім оқушыға лақтырады, оқушы ашып, сондағы сұраққа жауап береді. Сұрақтар жоғарыда оқыған мәтіндегі әр сөйлемге құрастырылған.Ойын қағаз әбден таусылғанша ойнатылады.(8сұрақ,8қарлы кесек)
5.Топтық жұмыс.
Екі оқушыдан тұратын топ оқушылары өздеріне берілген нөмір бойынша суретті тауып, сол суретте бейнеленген сюжет бойынша тиісті сөйлемді мәтіннен көшіріп жазады. Мұғалім 2 минут уақыт береді. Уақыт біткенде балалар жұмысын тоқтатады да суреттерін алып, орындарына отырады. Бір топ тақтаға шығады, суреттерін көрсетіп, жазған сөйлемдерін оқиды. Басқа топтар суреттерге қарап,бірінші топтың жауабын тыңдайды, бағалайды.
6.Сөзжұмбақты шешу.
7. «Қысқы ауа райы» атты диалогті оқу.
8. Қорытындылау.
Мұғалім тақтаға сабақты қорыту үшін төменде берілген сабақтың қысқаша жоспарын жазып қояды. Оқушылармен бірге оқи отырып, орындалған жұмыстың тұсына белгі қояды.
Біз бүгін сабақта не істедік? не білдік? Белгі қою.( )
1.Өткенді қайталадық.
2.Жаңа сөздермен таныстық.
3.Тапсырмалар орындадық.
Келесі сабақта:Келесі сабақта қысқы ауа райы мен қысқы демалыс тақырыбын сабақтастыру. Қыс туралы өз ойларын жеткізуге тапсырмалар дайындау.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |