|
|
«Балалардың бал мекені»
1-Жүргізуші: Құрметті ата-аналар,балабақша қызметкерлері,балабақша бүлдіршіндері! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын!
Бүгінгі мереке ерекше, себебі бүгін балаларды қорғау күні. Және де балабақшамызда бірнеше жыл мәпелеп өсірген, тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Сонымен бірге балабақшамыздың ашылғанына 5 жыл.
2-жүргізуші: Бұл мереке баршамызға ортақ бүгін,
Бізбен бірге қуаныңыз, ойнап, күлің,
Балалардың көзайымы болсын қане,
Тойымыздың біз ашайық шымылдығын.
Тойымыздың шымылдығын ашу үшін ортаға балабақшамыздың 5 жасар бүлдіршіндерін шақырайық.
1-жүргізуші: Балалардың бақшасында бүгін той,
Балаларды қорғау күні біліп қой.
Тақпақ айтып, кезектесіп, бір-бірлеп,
Кел, қосылып ән шырқайық би билеп.
1-бала 2-бала
Армысыздар халайық! Қызық күндер өткіземіз
Әсем әнге салайық Балабақша бағында
Айтпас бұрын ән жырды, Көп ойнаймыз, үйренеміз
Сәлемдесіп алайық. Ел мен Отан жайында.
3-бала 4-бала
Үйретіп өнерге киелі, Қанша бала, қанша қыз,
Тәрбие береді жақсы адам. Бір шоқ гүлміз баршамыз.
Ертеңгі оқушы өседі Ойын күлкі ордасы,
Бүгінгі бала-бақшадан. Біздің бала бақшамыз.
Хор: Адам етіп баптаған,
Ардақтап бізді мақтаған.
Бақшамызға мың алғыс!
Хор: «Гүлдей жайнап жүреміз»
2-Жүргізуші:
Баламысың балдай,
Шат күлкің қандай
Иісің мейір қанғандай,
Былдырлап тілің,
Шыққанда үнің,
Өзіңмен үйім толғандай. Әр күніміз ырыс, береке, бақытқа толы болсын,-деп, ендігі сөз кезегін балабақшамыздың ашылуына көп еңбегін сіңірген ,әр баланың жай-күйіне үңілген балабақша басшысы Зоя Мәлікқызы Абауова апайымызға берсек.
1-жүргізуші:Шақырайық түлектерді ортаға,
Айтылатын жақсы тілек қаншама,
Өлең айтып, тақпақ айтып, би билеп
Өнерлерін көрсетсінші баршаға! -деп ортамызға түлектерімізді шақырамыз. (әуен ойналып тұрады) (Жүргізушілер кезекпен түлектерді шақырады)
- Мақтанышы бақшамыздың Динара,
Ақырын басып, ізетпенен сөйлейді ол жай ғана,
Өзі әртіс, тумысынан дарынды
Балабақта өнерімен танылды.
-Топ басшысы бола білген Қажыбек,
Зеректікпен көш басынан көрінген.
-«Қара жорға» әуеніне би билеп, -Қабілетті, сымбатты
Сахнаның табылатын төрінен. Әділжан деген бар жігіт,
Тек қуаныш балын татқын, Бақдәулет, Ақылмен іс тындырар,
Алдыңдағы мына ғажап өмірден. Әлішер біздің нар жігіт.-
-Ән салудан жалықпайды, Мағжанның сан өнері,
Шаршамайды сірә бір. Сырын терең ұға біл.
Биязы біздің Гүлсезім, Инабатын, ізетін,
Мақтан еттік бәріміз. Үлгі етеміз әлі біз.-
-Таудай биік талабы, -Кеше ғана қосылдың арамызға,
Жақсы оқушы болады. Айналдың бір сүйкімді баламызға.
Шақырайық ортаға Ақ жарқын,инабатты Мақпалдың
Нұрсаят деген баланы. Құтты болсын айтамыз қадамына
-Елім, жерім дегенде Алдында көп арманы
Күш қайраты тасысын. Шығар биік белесі.
Сағыныш шығып ортадан Жақсылыққа жаны үйір
Әлемге аты танылсын Алпысбайұлы Бақдәулет
Балабақшамыздың еркесі.
2-Жүргізуші: Бойы да өскен, ойы да өскен, шат бәрі,
Барлығы да бақшамыздың мақтаны.
Еркелеген кешегі ұяң балдырған,
Ұл-қыз болды талап отын жандырған.
Балабақша түлектеріне кезек берейік.
1-бала 2-бала
Қош келдіңдер, құрметті меймандар, Гүлдей жайнап өстік балабақшада
Бізбен бірге қоштасуды тойлаңдар. Енді бізді есейді деп ойлаңдар.
3-бала 4-бала
Құрметті қонақтар, армысыздар, Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Бәріңіз де есен-сау бармысыздар?! Қоштасатын әнімізді бастайық
Қоштасатын күн келді бақшаменен, Әдеп пенен өнегені үйреткен
Апайларға айтатын алғысым бар. Бақшамызды есімізде сақтайық!
Ән:
5-бала 6-бала
Бақшадағы күндерді Қағазға сурет салдырып
Есімізде сақтаймыз. Қарайсыз көз талдырып,
Тәрбиеші еңбегін, Жақсы ісімізді мақтайсыз
Бәріміз де ақтаймыз. Ата-ананы таң қалдырып.
Ата-аналарға сөз беру.
Ән: «Ана туралы ән»
7-бала 8-бала
Ана тілін ардақтап, Оқимыз, білім аламыз,
Сурет салып, ән жаттап, Болашақ жолын саламыз.
Оқып, жазып үйрендік, Бақшамызбен қоштасып,
Сүйген өз қыз, өз ұлын. Біз мектепке барамыз.
Бөбегім деп аянбай,
Балабақшам өз үйім,
Апай болды анамдай.
Хор: Мен мектепке барамын.
9-бала 10-бала
Талай қызық той өткіздік, Тамылжыта ән салдырып үйреткен,
Бірақ орны бөлекше. Мың бұралта билеткен,
Бақшамызбен қоштасатын, Сізге алғыс айтамыз
Бүгінгі той ерекше. Мың қайтара сәби бала жүректен.
11-бала
Бабын тауып сәбидің
Еркетайын әр үйдің.
Өсірген ұл-қыздарын
Тәрбиешіге мың алғыс.
Би: Балабақша вальсі.
1-Жүргізуші: 2-жүргізуші:
Бөбек еді, кіп-кішкентай кешегі, Таусылмасын сіздердің арманыңыз,
Бүгін, міне, азамат боп Арайланып атсын әркез таңдарыңыз.
Есейіпті деседі. Құтты болсын 5-жылдық мерейтойың
Әріп танып, сурет салып, Жадырасын әрдайым жандарыңыз.
Жаттықтырды қолдарын, Бүгінгі мерекемен құттықтауға
Мектебіне шығарып сап, балабақшамыздың 5 жылдық түлектері келіп
Тілейік ақ жолдарын. отыр. Сөз кезегі өздеріңде.
Балабақша түлектері өз тілектерін айтып, өнерлерін көрсетеді. Тәрбиешілер қолымен жасалған 5 цифрын балалар қолдарымен жоғары көтереді.
Балалардың мектепке дайындығын білу үшін тапсырмаларды «Сиқырлы сандықтан» алып жүргізушілерге ұсынады.
- «Әріп пен санды ажырат» ойыны
- Математиканы меңгердің бе? Тапсырмалар.
3.«Көңілді қарындаш»
1-Жүргізуші: Мына сиқырлы сандықта балабақшаны бітірушілерге арналған «Мақтау қағаздары мен дипломдар» бар екен. Оны табыстау үшін балабақша басшысына берейік.
2-жүргізуші: Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер,
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.
Хор: Қош, балбұлақ бақшамыз.
Хор: «Балдырғандар әні»
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |