Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Білімпаздар еліндегі Математика патшалығына»


«Білімпаздар еліндегі Математика патшалығына»

«Білімпаздар еліндегі Математика патшалығына»

«Білімпаздар еліндегі Математика патшалығына»  саяхат

атты сахналық қойылымның бағдарламасы

 Жүргізуші:   Сәлем-сөздін анасы, сондықтан оның  мағынасына мән беру әдептіліктің баспалдағы.

Достарым, қараңдаршы, бізге көптеген қонақтар келіпті, амандасайық

                          Ұл, кыз сәлем береміз,

                          Өнегелі өренбіз.

                          Білер қазақ  баласы,

                          Сәлем -сөздің анасы.

                          Сәлеметсіздер ме қонақтар!

Ән: «Ертегілер».

Бүгін біздің бөлмеміз ертегідей өте тамаша безендірілген, ал біз қазір сендермен ғажайыпқа толы «Білімпаздар  еліндегі» математика патшалығына  саяхатқа аттанамыз. Сендер маған көмекші боласыңдар, ал мен жол көрсетуші - Жұлдызшамын.

Бірақ,  Математика патшалығына ойлап, армандай алатын , ұшқыр ойлы,белсенді, тапқыр  балалар ғана бара алады.

          Бүгінгі іс-әрекетіміз ерекше өтпек. Сондықтан   мен сіздерге сәттілік тілеп, 2 топқа бөліну үшін 1 және 2 сандарын  атаймын,ал сіздер 1саны-оң жаққа,2 саны-сол жаққа орындықтарға  жайғасасындар.

1-2, 1-2, 1-2, 1-2.

    Оң жақта  " Ай"тобы, сол  жақта   «Күн» тобы болады.

(Сол жерде борандатып, тұрған желдің  дауысы шығады.)

        Жүрг. Ерте-ерте –ертеде Математика патшалығында  мейірімсіз, қатал, достары    жоқ, ешкімді аямайтын қаһарлы Қарлы ханым өмір сүріпті. Оның қаталдығы сондай,  жолында кезіккен барлық ертегі кейіпкерлерін де  тіпті, математикалық ұғымдар - сандар мен пішіндерді  де өз сиқырлы таяқшасымен қатырып, мұзға айналдырып жіберіпті. 

Қарлы ханым: Қандай рахат!  Ха-ха-ха! Мен қандай мықтымын! Мен қандай құдіреттімін! Өз тылсым күшімнің арқасында бар  жан-жануарларды мұзға айналдырдым! Ха-ха-ха! Менің қаһарымнан ешкім де, ешқашан да құтылған емес.Сонда  менен мықты кім бар деп ойлайсыңдар!!!  Ха!Ха! Ха!

Мақта қыз: Сәлеметсіз бе , Қарлы ханым? Мен қарлы орманмен, мұз қатқан тауларды артқа тастап, сізге әрең жеттім, маған рахымшылық жасап, менің мысығымды өзіңіздің мұз құрсауыңыздан босатыңызшы, өтінемін.

Қарлы ханым:Ха-ха-ха! Жалынасыңдар маған әлі, жалбарынасыңдар! Өйткені, мен қаһарына мінген ашулы Қарлы ханыммын! Менің сіздерге қояр шартым бар. Мұз болып қатқан жүрегімді жібітіп, жолда кездескен  бар  қиындықтарды  жеңіп,  менің  берген тапсырмаларымның жауабын жаңылыспай орындап келсеңдер   мүмкін, ертегі кейіпкерлеріне жақсылық жасармын. Ол үшін мен саған мына сиқырлы қарды табыстаймын, осының құпиясын тауып көр, содан кейін кездесерміз. Жөнел, кәне!

(залга Мақта кыз жылап кіреді)

І бөлім.

 Жүрг. Мақта қыз, не болды? Кім сені ренжіткен?

Мақта қыз: Салеметсіздер ме, балалар? Мен сіздерден көмек сұрап келдім. Қарлы ханым менің мысығымды мұз қалашығына алып кетті.   Енді оны құтқару үшін Қарлы ханым маған мына сиқырлы қарды беріп, соның құпиясын ашып бер,-  деді.

Жүрг. Кәне,көрейік. А-а-а, бұл сиқырлы қардың ішінде тапсырма бар екен.Кәне, балалар тапсырманы орындауға Мақта қызға көмектесеміз бе? Ендеше, қоңырауларыңды дайындап, менің сөзіме құлақ түріп, мұқият тыңдаңыздар. Бұл ойын.  Ойынның өз тәртібі мен өз ережесі бар.  Ол үшін шапшаңдық, алғырлық қажет. Екі топ  та   тез ойлап, ойын тапсырмасын  тез  орындаулары керек. Қай топ бірінші тапса, сол топ  қоңырау соғып, жауап беру керек. Келістік пе?

Балалар:  Иә, келістік.

Жүрг. Мұнда сандарды тура жане кері санау деген тапсырма беріліпті

Мақта қыз: Сандарды тура жане кері санау? ал  мен санау білмеймін ғой.

Ж: Балалар, ендеше уақытты текке өткізбейік.

   1-ден 5 –ке дейін санап, алдыңыздағы жіпке   моншақтарды тізейік,   Қай топ бірінші аяқтайды, сол жеңімпаз болады. Ал енді, осы моншақтарымызды шашып алмай кері санайық. Кәне бастайық!  Жарайсыңдар, балалар.

Жүргізуші балалармен бірге:  Біз сіздің келгеніңізге қатты қуанып, өзіңізге арнап сыйлық ұсынғымыз келіп тұр, қабыл алыңыз.(Балалар істеген моншақты сыйлайды)

Мақта қыз: Балалар, рахмет сіздерге. Сіздермен бірге саяхатқа баруға бола ма?

Балалар: Әрине,болады.                                                                                             

ІІ-бөлім.

  Алдар-көсе (кіреді ): Ассалаумағалейкум! Мен қайда келіп қалдым?

Жүрг. -Уағалейкумассалам,  Алдар-көсе, бұл  «Айгөлек» балабақшасы.

 Қош келдіңіз біздің балабақшаға, құрметті қонағымыз болыңыз. Сіз қайдан келе жатырсыз? Қайда бара жатырсыз?

 Алдар-көсе: Алыс-алыс орманнан,биік-биік баулардан,өркеш-өркеш таулардан, асу-асу белдерден  асып,  шындықты, әділдікті іздеп  келемін. Іздеп келе  жатып Қарлы ханымның қаһарына ілігіп қалдым.  Қарлы ханым  ішінде тапсырмасы бар  сиқырлы қар берді.

  «Математика патшалығында» үлкен дауыл болыпты сонда сандар  адасып  қалыпты, бізге сандардың орнын дұрыс таба білу керек.  Осы  тапсырманы орындауға маған көмектесесіздер ме, балалар?

Жүргізуші: «Адасқан сандар?»/1,2,4,3,5/  /1,3,2,4,5,/

 Балалар сандарды ретімен дұрыс қояды.

Алдар-көсе: -Жарайсыңдар, балалар!Қандай  ақылдысыңдар!  Балалар,  сендер түсті ажырата білесіңдер ме?  Маған түсті ажыратуды үйретіңіздерші, өтінемін.

Жүргізуші: балалар,онда Алдар-көсемен  « Себеттегі қыстырғыштар» деген ойынды ойнайық.. Ойының ережесі: Барысы:себеттің жақтауларына қыстырғыштар қыстырылады,балалар түсін айтады.Бұдан кейін балаға оларды үш саусақпен/қалам ұстайтын саусақпен/ қайтадан шешіп алып,себетке салу ұсынылады  

Мақсаты: қолдың ұсақ қимылдарын дамыту.Бұл өте қарапайым болып көрінуі мүмкін,алайда кішкене балаға затты сезіну және онымен механикалық іс-әрекет істеуі маңызды.Аталған саусақтарды дамыту баланың тез жазып үйренуіне түрткі болады.Егер тапсырманы қиындату керек болса,жылдам орындау нұсқауын беруге болады.Балаларды екіден жұптастырып қысқыштарды алдымен қыстырып соңынан шешкізіп ойнатуға болады.

Алдар-көсе: мына балалардың қолынан келмейтіні жоқ екен,рахмет,

Маған да сіздермен  бірге саяхатқа баруға бола ма?

Балалар: -Ия, әрине.  Біздің топқа келіңіз.

Жүргізуші: Балалар сендер шаршаған шығарсыңдар? Біраз серігіп алайық.

.                              1 дегенде тұрайық,

                               2,3,4 алақанды соғайық

                               Жоғары қарай бір қарап

                              Төмен қарай бір қарап  

                              Бір отырып, бір тұрып,

                              Бес дегенде, кәнеки

                              Орнымызды табайық

ІІІ-бөлім.

Қызыл телпек (жүгіріп,ырсылдап кіреді)

Жүргізуші:-Сәлеметсің бе, Қызыл телпек?Кімнен қашып келесің? Қайда бара жатырсың?

Қызыл телпек: Сәлеметсіздер ме, балалар?

Балалар: Сәлеметсіз бе Қызыл телпек?.Қош келдіңіз!

 Қызыл телпек: Қош уақытта болыңыз!  Қасқырдан қашып келемін,әжеме пісірген бәлішімді апарып тастайын деп, адасып байқамай Қарлы ханымның патшалығына кіріп кеттім.Қарлы ханымнан әжеме баратын қысқа жолды көрсетуге көмек сұрасам,ол маган ішінде  тапсырмасы бар сиқырлы қар берді,

Жүргізуші:       "Жоғалған санды табу"

-Балалар, мұқият зер салып қарайықшы, мына жерде берілген сандардың ішінде бір сан жоқ. Ол қандай сан?

Балалар:  1-2--4-5 ,   3 саны жоқ

Жүрг. -Тапсырманы ойдағыдай орындадық,енді қызыл телпекті өзімізбен бірге  саяхатқа алып шығайық.  

   Жүргізуші: Балалар,Қызыл телпекке сыйлыққа тұмарша жасап берейік.Мен тұмарша жасап едім,ал сіздер оның бауын  тағуға көмектесіндер.

Қызыл телпек:Рахмет,балалар сіздерге.

ІҮ –бөлім.

 (Аяқтың дыбысы естіледі)

Дымбілмес : -Мына қаһарлы қыс маған қатты батты, ,

Жүргізуші: балалар,бідің балабақшада  Дімбілмес қайдан жүр екен?

Сәлеметсізбе ,Дімбілмес!
Дімбілмес:Сәлеметсізбе, мен жылы,шуақты күн қашан болады деп іздеп келе жатып

байқамай Қарлы ханымның шаһарына  кіріп кетіппін. Ол маған мына сиқырлы қарды ұстатты.Қорыққаным сонша уақыттан шатасып қалдым. Балалар,маған көмектесесіндер ме?

Жүрг.-Ендеше,балалар. Дымбілмеске көмектесейік.Бір жылда неше мезгіл бар?

 Қай  топ бірінші айтады?   Кәне, жұмбақтар шешейік  

 Күн ұзарып,  қар еріп,                                                                                                          

Су сайларға толады,                                                                                          

 Айтыңдаршы балалар,                                                                                                     

 Бұл қай кезде болады?/ көктем/

Күн де ысып,шөп пісіп                                                                                

 Ел пішенін орады.                                                                  

Айтыңдаршы балалар,                                                                              

Бұл қай кезде болады? /жаз

Жауып жаңбыр жер сары                                                                                 

  Шөп,жапырақ солады,                                                                         

Айтыңдаршы балалар,                                                                                           

 Бұл қай кезде болады?/күз/

   Жерде қар бар,суда мұз                                                                           

   Боран борап соғады                                                                   

   Айтыңдаршы балалар                                                                                 

   Бұл қай кезде болады?/қыс/

Дымбілмес: - Мен де сіздер сияқты балабақшаға келейін деп едім уақыттан шатысып қалдым. Балабақшаға сіздер қай уақытта келесіздер? Тамақты қай уақытта ішесіздер?  Үйге қашан қайтасыздар?

/Қай топ бірінші айтады/  Жарайсыңдар балалар.

Жүргізуші:  -Ал енді, балалар, Дымбілмеспен бір қызықты ойын ойнап, оның күшін сынап көрейік.

Жүргізуші: балалар біздер  «Құмырадағы пипетка» деген ойын ойнаймыз.Бұл ойының ережесі : құмыраға су толтырады,ал пипетка белгіленген деңгейге дейін жеткізіледі.Пипетка суда тік қалпында қалқып тұрады.Құмыра қақпағы жабылады.Аузы жабылған құмыраны қысқанда ауа шықпауы керек.Бала құмыраны өз алдына алып қояды.Бала екі қолмен құмыраны қысады да қайта жібереді.Осы қимылды бірнеше рет қайталайды..Қимылды жасай отырып,бала белгіле көрсеткіштердің  жанына пипетканың өтуін құмыраның түбіне түсіп қайта көтерлеуін бақылайды.Пипетканың қандай төмендікке түсуі.қол қысымының күшіне байланысты

Мақсаты:қолдың қимыл қозғалыстарын дамыту.Зейінін шоғырландыру.

Барысы:.Осы жаттығуды орындау барысында баланың қөл бұлшықеттері жаттығады,жазу жазуға қол саусақтарын дайындайды.Бұл жаттығуда екі қол бірге жұмыс жасайды.Қол саусақтарының дұрыс дамуы бастың оң және сол жақ ми қызметінің дамуымен байланысты,жаттығу барысында екі қолдың бірге етуіне ми қызметі де дамиды.

Дымбілмес: -Мына ойындарың қызық екен, Сіздердің арқаларыңызда мен қолыма көп күш жинадым,жазу жазуға тез үйренетің болдым.

Ү бөлім. Күлдіргіш:  Сәлем, балалар!

Ж:Сәлем ,Күлдіргіш. Неге көңілсіз жүрсің?                                                       

Күлдіргі: Мен өз тобымнан  адасып қалдым,барар жолын көрсетесіңдер ме?

Жүрг. Тапсырма: «Кеңістікті бағдарлайық» Геометриялық пішіндерді аталған орындарға қою.  Геометриялық пішін -үшбұрышты   жоғарыға орналастырайық,түсі қандай

Дөңгелек   пішінді ортаға орналастырайық, түсі  қандай?

Төрт бұрышты  төменге орналастырайық , түсі қандай?

 Үлкен сопақшаны  тақтаның оң жағына, кішкентай сопақшаны тақтаның сол жағына орналастырайық.

Манкадан геометриялық пішіндердің суретін салу.

Мақсаты:балалар екі қолымен бір мезгілде құмда сурет сала отырып ұсақ моторикасы мен саусақ икемділігі,шығармашылығы дамиды.

Жүргізуші : Біз сенің келгеніңе риза болып,саған  қызықты санамақ тарту етейік.      

                     Бір үйде біз нешеуміз?! 

                    Бас бармақ -әкем,

                    Балан үйрек – аннам,                                                                                          Ортан терек  -  ағам                                                

                    Шылдыр шүмек -  әпкем                                            

                     Кішкене бөбек мына мен                                                 

                     Бір үйде біз нешеуміз?                                                             

                     Бір үйде біз бесеуміз!

  Жүрг. Жарайсыңдар балалар, сендер бүгін  берілген математикалық тапсырмаларды түрлендіре орындау арқылы өз алған білімдеріңді көрсете білдіңіздер,барлық берілген тапсырмаларды ұйымшылдықпен орындадыңдар.

Мақта Қыз:  Балалар, мен сіздерге ризамын, сіздер үлкен адамгершілік танытып, менің мысығымды қайтарып бердіңіздер,рахмет.    Сендер маған сан дегеннің не екенін,санау дегеннін не екенін  үйреттіндер,рахмет сендерге.

Алдар-көсе: балалар сендер үлкен тапқырлық таныта білдіңіздер.

Қызыл телпек: Сіздер математикаға  ұшқыр ойлы жүйрік екендеріңізді  дәлелдедіңіздер. Дымбілмес:  Балалар  ,сіздер  мені жыл  мезгілдерімен таныстырыңдар.Уақыт деген ұғымды түсіндірдіңдер.  Рахмет,сіздерге.

 Күлдірген: Мен де сіздерге ризамын бүгін араңызға келіп көңіліміз бір көтеріліп қалды.

Оң мен солды ,пішіндерді айырып үйрендім.

Қарлы ханым:  -Ия, балалар бүгін бір тамаша күн болды. Сіздердің арқаларыңызда мен мейірімділік,қайырымдылық, адамгершілік қасиеттерін сезіндім, сендер арқылы жақсылық пен жамандықты ажырата білдім. Достықтың не екенін түсіндім.  Бәріңізді менімен дос болуға шақырамын (сандарды сиқырлы таяқпен ашады).  Алғысым шексіз, бүгіннен бастап,  мейірімді ханым болуға талпынамын, баршаңыздан өз қатігездігім мен білместігім үшін кешірім сұраймын.

Жүрг.  Ия, балалар бүгінгі  жарысқа өте жақсы қатыстыңыздар. Келген қонақтар да, ертегі кейіпкерлері де дән риза. Қарлы ханымның да жүрегі жібіп, бізді ДОС болуға шақырып жатыр. Балалар,қараңыздар, қаһарлы қыс та жібіп, көктемнің алғашқы белгісі - бәйшешектер де бүр жарыпты, келіңіздер, бәйшешек терейік.

        Ән «Дос болайық бәріміз»

Жүрг. Ал енді, балалар,қыстың каһарынан тезірек құтылып, шуақты көктемге тезірек аман-есен жетейік деген тілекпен , бүгінгі жарысқа қатысушы қонақтарға  бір-бір бәйшешек гүлін сыйлайық. Қабыл алыңыздар!

    Осымен, «Білімпаздар еліндегі математика патшалығына саяхатымыз өз мәресіне жетті.

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қанша қымбат.
Алтын күз
«Ғажайып математика»
«Қызыл телпек бізде қонақта»
«1,2,3,4,5 цифрлары туралы өткенді пысықтау»
Математика әлемінде
Жол тәртібін сақтаймыз!
Пішіндер әлеміне саяхат
Әртүрлі дөңгелектер
Менің сүйікті кейіпкерім
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 2529 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык