Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Пішіндер әлеміне саяхат


Пішіндер әлеміне саяхат

Тақырыбы: «Пішіндер әлеміне саяхат»

Мақсаты: Балалардың ой-өрісін кеңейту,геометриялық пішіндерді бір-бірінен ажыратып айта білуге үйрету.Білімдерін жүйелі түрде көрсете алуға баулу,
Дидактикалықшеберлігін артуына ықпал жасау.Балалардың ойлау,көріп тану,зейінін,есте сақтау қабілеттерін ойын арқылы дамыту.
Әдіс-тәсілдері: Көрсету,түсіндіру,әңгімелесу,сұрақ-жауап,ойын.
Көрнекі- құралдары: Хат,әр түрлі қызықты пішіндер салынған үйлер,шыршалар,үлгі пішіндер,үлестірмелі материалдар т.б.
Пән аралық байланыс: Тіл дамыту,қоршаған ортамен танысу.
Билингвиалдық компонент: Дөңгелек-круг,төртбұрыш-квадрат,ұшбұрыш-треугольник.
Әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті: Баланың іс-әрекеті:
Уәждік-түрткі болу. Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу:
                                Біз қандаймыз,қандаймыз,
                               Шұғылалы таңдаймыз.
                               Күлімдеген күндейміз,
                               Ренжеду білмейміз.
                               Қуанамын  менде,
                               Қуанасын сенде,
                               Қуанайық достарым,
                              Арайлап атқан күнге. 
                              Сәндетіп даламыз,
                              Сәулетті бақшамыз.
                              Сәулеңмен құлпырды,
                              Сәлем күн анамыз. 
Балалар шаттық шеңберіне тұрады.
Проблемалық ізденістік.
Рефлексті-түзетімдеуші. Таңғажайып сәт: Есік қағылып,пошташы балаларға пішіндер әлемінен хат алып келеді.
Балалар, біздерге пішіндер әлемінен хат келді.Хатта былай деп жазылыпты: «Пішіндер әлеміне саяхатқа келіңіздер» деп жазылыпты.
-Балалар сендер қандай пішіндерді білесіңдер?
-Жақсы.
Пішіндер әлеміне бару үшін біздер ұзын жолмен жүруіміз керек.
Қараңдаршы балалар ,біздің алдымызда екі жол жатыр.Осы екі жолдың қайсысы ұзын,қайсысы қысқа?Түстері қандай?Пішіндер әлеміне қай жолмен жүреміз?
Егерде қызыл жолмен жүрсек орманға түсеміз.
-Міне балалар біздер көк жолмен жүріп,бір әдемі үйге кезіктік.
-Сендер қалай ойлайсыңдар,бұл үйде кім тұрады?
 
-Балалар дөңгелектің түсі қандай?
Балалар қараңдаршы дөңгеліктің үйінің қасында әдемі шыршалар өсіп тұр.Біреуі- үлкен,екіншісі-кішкентай.
Дөңгелектің біздерге беретін тапсырмасы бар екен.
Балалар,қараңдаршы дөңгелікте неше түрлі ойыншықтар бар екен.Сендер үлкен ойыншықтарды үлкен шыршаға,кішкентай ойыншықтарды кішкентай шыршаға ілулерін керек.
(Балалардан ойыншықтардың пішіні мен түстері сұралады).
Саған да Дөңгелек қызықты тапсырман үшін рахмет.Енді балалар Дөңгелекпен қоштасып,әрі қарай жол жүрейік.
Көк жолмен жүріп,келесі үйге келеді.
Терезеден төртбұрыш көрінеді.
Балалардың назарын төртбұрышқа аударту.
 
Балалар,кәне бәріміз төртбұрышпен ойын ойнап жіберейік.Сендер билеттерді  алсаңыздар,сол билеттегі  пішіндер бойынша өз орындарыңызды табуларыңыз керек.
-«Аялдаймыз!»дегенде балалар өздерінің орындарын табу керек.
 
Осы жерде «Өз орнынды тап»ойыны ойнатылады.
-Енді балалар бәріміз автобусқа отырайық,мен қазір «Тоқта!»дегенде сендер орындарыңызға отырларуыңыз керек.
(Осы кезде балалар автобуспен шеңбер болып айналып жүргенде ,отырғыштағы пішіндер ауыстырылады).
-Міне,балалар төртбұрыш бізге қызықты ойын дайындаған екен.
Рахмет саған төртбұрыш.
Енді балалар біздер төртбұрышпен қоштассақ,әрі қарай жол жүрейік.
Ұшбұрыштың үйіне келеді.
-Балалар бұл кімнің үйі екен?
Балалар ұшбұрыштың  да бізге тапсырмасы бар екен.
(Тақтаға плакат  ілінеді).
-Балалар ұшбұрыштың тапсырмасы : «Карлсонға жыртығын жамауға көмектес,жамаулардың пішіні қандай екенін айтыңдар»-дейді.
Балалардан қандай пішіндерді жапсырғандарын сұрау.
 
-Жарайсыңдар, балалар, тапсырманы дұрыс орындадыңдар.Кәне бәріміз  ұшбұрышқа рахметімізді айтайық.
 
-Міне балалар біздер бүгін пішіндер әлеміне саяхатқа келдік,енді өзіміздің балабақшамызға жол жүрейік.
-Міне балалар біздер балабақша келдік.Енді пішіндерді еске алып,алдарыңызда жатқан фишкаларды алып,орталықтарға бөлінейік.
1. «Қатынас»орталығында орналасқан  балалар «Бауырсақтың ертегі кейіпкерлерімен кездесу ретін бағдаршаммен көрсету керек».
2 . «Таным» орталығында орналасқан балалар  «Үй құрылысын сурет бойынша құрастыру керек».
3. «Шығармашылық» орталығында орналасқан балалар «Боялмаған пішіндердің түсін сәйкестіріп бояу керек».
Енді балалар бойымызды бір сергітіп алайық:
Сергіту сәті:
                            Пішіндерді алайық,
                            Ауа да біз салайық,
                            Ұшбұрыш,дөңгелек,төртбұрыш.
                            Ұшбұрышты алайық,
                           Төртбұрышты алайық,
                            Үйдің суретін салайық
                             Дөңгелекті алайық,
                             Оны кәне санайық,
                                     Бір,екі,үш,
                                     Бір,екі,үш.
                              Аққаланы салайық.
Қорытынды:
- Балалар бүгін біздер қайда саяхатқа бардық? Қандай пішіндермен таныстық?
Балалар мен сендерге сыйлыққа әдемі  пішіндерді сыйлағым келіп тұр.
Балаларды мадақтау.
Балалар пошташыға назар аударады.
Хатты тыңдайды.
 
-Дөңгелек,ұшбұрыш,төртбұрыш.
 
Қызыл жол-қысқа,көк жол-ұзын.Пішіндер әлеміне көк жолмен жүреміз.
 
-Дөңгелек.
Дөңгелек: (Айнұр)   -Сәлеметсіздер ме,балалар!
         Менің бұрыштарым жоқ,
         Мен ұқсаймын күнге,
         Мен ұқсаймын тәрелкеге,
          Шарменен,допқада.
         Кіммен мен балалар?
 Балалар:-Дөңгелек. 
-Қызыл.      
Дөңгелек:-Балалар сендер әр түрлі пішіндегі ойыншықтарды алып шыршаға іліңіздер.
Балалар ойыншықтарды таңдап,үлкен шыршаға -үлкен ойыншықтарды,кішкентай шыршаға -кішкентай ойыншықтарды іледі.
Дөңгелек: Рахмет,балалар! Менің тапсырмамды орындадыңдар.Менің шыршаларым әдемі болып қалды.
Балалар дөңгелекпен қоштасады.
 
 
Төртбұрыш (Арина):-Сәлеметсіздер ме,балалар!
  Төртбұрышты денем,
  Төртбұрышым бірдей
  Бұрыштарым көп менің,
  Тауып алшы кіммін мен?
Балалар:-«Төртбұрыш» деп айқалайды.
Төртбұрыш:
    -Балалар,менің сендерге қызықты ойыным бар.Бұл ойын « Автобус»деп аталады.Мен сендерге сиқырлы билеттер беремін.Бұл билеттерде пішіндердің суреттері салынған.Сендер өз билеттеріңіз бойынша,өз орындарыңызды табуларыңыз керек.(Балалар төртбұрыштың артынан еріп жүреді).
Балалар өз орындарын тауып отырады.
 
  Балалар ойынға белсене қатысады.
 
Балалар рахметтерін айтып,төртбұрышпен қоштасады.  
 
Терезеден ұшбүрыш көрінеді.
Ұшбұрыш(Бақтияр):-Сәлеметсіздер ме,балалар!
                          Қабырғам үшеу,
                          Бұрышым үшеу,
                          Шатырға мен ұқсаймын.
                          Кіммін мен достарым?   
   Балалар:«Ұшбұрыш»- деп жауап береді. 
Балалар тапсырманы  орындайды.Пішіндерді алып,Карлсонның жыртығына сәйкес пішіндерді жапсырады.Қандай пішіндерді алып жапсырғандарын айтады.
Ұшбүрыш: -Жарайсыңдар,балалар,маған тағы да қонаққа келіңіздер.
Балалар ұшбұрышқа рахметтерін айтып қоштасады.
Балалар автобусқа мінгендей қимыл жасайды.
Балалар фишкаларды алып орталықтарға бөлінеді.
 
1.«Қатынас» орталығында орналасқан балалар «Бауырсақтың ертегі  кейіпкерлерімен кездесу ретін бағдаршаммен көрсетеді».
2. «Таным» орталығында орналасқан балалар  «Үй құрылысын сурет бойынша құрастырады».
3. «Шығармашылық» орталығында орналасқан балалар «Боялмаған пішіндердің түсін сәйкестіріп бояйды».
Балалар сергіту сәтін қимылмен көрсетеді.
 
-Біздер пішіндер әлеміне саяхатқа бардық.
Дөңгелек,ұшбұрыш,төртбұрышпен таныстық.
Балалар сыйлықтарын алып,рахметтерін айтады.
 
Күтілетін нәтиже:
Білуі:  Пішіндерді білуі,оларды ажырату,түстерін айта білуі;
Меңгеруі:  Пішіндердің тапсырмаларын меңгеріп орындау;
Ойынды меңгеріп ойнау;
Жасай алуы: Орталықтарға бөліне алулары; 
Сергіту сәтін қимылмен көрсете білулері;

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сиқырлы жолдар.
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндердің ғажайып елі
Геометриялық пішіндердің ғажайып елі
«Ғажайып математика»
«Ғарышқа математикамен бірге»
Фигуралар
Геометриялық пішіндер
Әртүрлі дөңгелектер
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 3288 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык