Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Менің сүйікті кейіпкерім


Менің сүйікті кейіпкерім
Сыныбы: 1 «Д» Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті кейіпкерлерім.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға халық ауыз әдебиетінің бір түрі ертегі туралы түсінік беру, ертегілер кейіпкерлері туралы жалпы мағлұмат беру, тақырыптың мәнін ашып түсіндіру.
Дамытушылық: Ертегілер әлемі туралы танымын кеңейту ,оқушылардың танымдық қасиетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту.
Көрнекілігі: ертегі кейіпкерлері салынған суреттері, ертегі кітаптар,нақыл сөздер.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап, сайыс
Пәнаралық байланыс: ана тілі
Сабақтың барысы:
- Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті. Қашанда қонағын сыйлайтын халықпыз. Сондықтан бірінші қонақтарымызбен жақсылап амандасып алайық.
І. Қызығушылықты ояту.
«Қайырлы күн» деп айтамыз,
Түсте бірге қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтер күніміз.
- Балалар бүгін көңіл - күйлерің қалай?
Балалар бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Менің сүйікті кейіпкерім»
Адамның қиялдан, ойдан шығарған барлық көне дүниелері мифтер, аңыздар және ертегілер болып үшке бөлінеді. Әрқайсымыз балалық шағымызда таңғажайып сиқырға толы ертегілерді оқыдық. Ертегі –жақсылық пен жамандықты жеңіп,соңы жақсылықпен аяқталатын ойдан шығарылған хикая.Ертегілер - тұнып тұрған қиял-ғажайыптар, жануарлар адамша сөйлеседі, батырлар жау әскерімен ғана емес, айдаһарлармен, жын-перілермен және басқада халық қиялы тудырған жалмауыз - құбыжықтармен шайқасады.
Қазақ ертегілері сан алуан оларды хайуанаттар туралы ертегілер, қиял – ғажайып ертегілер, тұрмыс - салтқа байланысты ертегілер, батырлық ертегілер, күлдіргі ертегілер
деп бірнеше топқа бөлуге болады.
Есімізге түсірейікші ертегі қалай басталады.
«Ерте, ерте, ерте екен,
Ешкі жүні бөрте екен,
Қырғауылы қызыл екен.
Құйрық жүні ұзын екен.»
- Жақсы балалар, бәріміз «Ертегілер еліне» барамыз ба?
Барамыз.
- Балалар, ертегілер елін қандай деп ойлайсыңдар?
Ертегілер елі өте қызықты деп ойлаймыз.
- Ертегілер елінде кімдер тұрады?
Ертегі кейіпкерлері, ертегі ханшайымы тұрады.
- Қандай жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді білесіңдер?
Алдар көсе, Күлшеқыз, қызыл телпек.тб
Қасқыр, қу түлкі, айдаһар, маса т.б.
- Ертегілер бізді неге үйретеді?
Жалқау болмауға, үлкенді сыйлауға, жақсы мен жаманды ажырата білуге үйретеді.
Ертегіні бізге кім айтады?
Әжем менің көп біледі ертегі,
Ерінбестен ертегіні шертеді.
«Ерте,ерте, ертеде» деп, бастайды,
Бірнешеуін қабат айтып тастайды.
Еліктіріп,ертек бізді баурайды,
Қызықпасқа ешбір лажың қалмайды.
«Айта берсе екен» деп,
Отырамыз «Ұйқыға әлі ерте» деп.

Ертегі ханшайымынан хат келіпті. Сол хатты оып берейін.
«Сәлеметсіңдер ме, балалар,
Мен, ертегілер елінің ханшайымымын, Мен сендерді үнемі көріп, бақылап жүрмін, сендер ертегі тыңдағанды жақсы көреді екенсіңдер, олай болса мен сендерді ертегілер елінде күтемін.
Ертегілер еліне тек білгіштер, тапқырлар, өз ісіне ұқыпты, мейірімді, адал балаларды күтемін. Ертегілер еліне келу жолды сиқырлы кітап тауып береді.
Мұғалім:
Қәне, балалар сихырлы кітапты іздеп табайықшы.
- Сиқырлы кітап өте әдемі екен, ашып көрейік, ашылмайды, енді не істедік?
/кітапты сілкіп, тыңдап көреді, үнтаспадан түсініксіз дыбыстар шығады, мұғалім түсінеді/
- Сиқырлы кітап сендерден сұрайды;
- Жеті санымен байланысты қандай ертегі білесіндер?
Жеті лақ пен қасқыр ертегісі Үзінді көрсету
(Сұрақ жауап)
- Үш саны қай ертегіде кездеседі?
Үш аю ертегісі үзінді көрсету
(Сұрақ – жауап)
(Әдемі музыка әуенімен кітап ашылады)
- Балалар, мына суретте ертегі кейіпкерлері сендерден жасырынып тұр, сол кейіпкерлерді іздеп табу керек.
- Бұл қай ертегілер екен? Не көріп тұрсыңдар?
Мұнда ертегі кейіпкерлерінің суреттері "Мақта қыз бен мысық", "Қызыл телпек" ертегілері
- Жарайсыңдар, балалар.
- Ал сиқырлы кітап, балаларға тағы қандай тапсырмаларыңыз бар?
Кім неден күшті? ертегісін сахналаңдар. Қане балалар өз актиорлық шеберліктерінді көрсетіңдер.
Мұз – Асхат
Күн - Абылай
Бұлт - Айгерім
Жусан – Мейрамбек
Қошақан – Бекасыл
Қасқыр – Рамазан
Мерген – Қайсар
Тышқан – Баян
Құмырсқа – Элмира
Кітаптың екінші бетін ашуға дайынсыздар ма? Онда ашайық.
Мына суретте нені көріп тұрмыз?
Қоянды
Дұрыс, балалар.Қоян қандай болады?
Қане балалар «Қоянның мұңы» ертегісін тамашалайық.
Қоян бізге қандай мұңын айтады екен?
Қоян – Ерасыл
Кітаптың үшінші бетін ашуға дайынсыздар ма?Ашайық
- Қараңдаршы балалар, мына суреттерде ертегі кейіпкерлерінің орны ауысып кеттіпті. Олардың орындарын табуға көмектесеміз бе?
Оқушылармен суреттерді ретімен қоямыз.
Оқушылар«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»ертегісін ретімен айтады. Кейін суреттерді реттеп қоямыз.
- Ертегі сендерге ұнады ма?
- Бұл ертегі қалай аталады?
«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»
- Ертегідегі қай кейіпкер ұнады?
- Айдаһар қандай?
- Маса не істеді?
- Қарлығаштың құйрығы неге айыр болған?
- Бұл ертегіде қарлығаш қандай екен?
- Сендер де сол қарлығаш сияқты мейірімді, батыл болғыларын келеді ме?
- Бұл ертегіден біз не үйрендік?
Дұрыс айтасыңдар балалар, кіп - кішкентай қарлығаш өзінен қанша үлкен айдаһардан қорықпай оған қарсы шығып, зұлымдықты болдырмай жеңіп шықты.
Сендер де, әрқашан бір - біріне көмектесіндер, бір - бірлерінді ренжітпендер, бір - бірлеріне, үлкендерге жақсылық жасай біліндер.
Мейірімді, адал болындар.
Сабақты қорытындылау
Ертегі ханшайымы кіріп келеді.
Балалар, ертегілер елі сендерге ұнады ма?
Мен де сендердің сырттарынан қарап, риза болып тұрдым. Қандай білімді, алғыр, мейірімді жақсы балалар екенсіңдер. Менің тапсырмаларымды да дұрыс орындадыңдар.
Оқушылар, ата – аналарыңның сүйікті ұл қызы болып, ертегілерді көп оқып жүріңдер Сау болыңдар!

Қоштасып кетеді.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ертегі
«Ертегілер еліне саяхат»
"Қарабатыр" ертегісі 4 сынып
Ертегілер еліндегі шалқан
«Екі сараң қонжық»
Ертегілер әлемі
Ертегілер елінде
Түлкі туралы ертегілер еліне саяхат
Ертегі еліне саяхат
ертегілер елінде

Автор Пернебаева Салтанат Утаповна

"Ынтымақ" негізгі орта мектебі

Бөлім: Материалы / Тәрбие сағаты | Көрсетілім: 21684 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
avatar
• 2 апреля 2015 19:00
Өте ұнады Рахмет
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар