Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Үй құстары


Үй құстары

Үй құстары

Тақырыбы: Үй құстары

Мақсаты: Үй құстары туралы түсінік беру.

 

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық  қозғаушы

 

 

 

 

 

 

 

Іздену-ұйымдастырушы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексивті коорекциялаушы

 

 

Балалар,бүгін бізге көп қонақ келді. Қонақтармен  амандасып алайық.

 

 

 

М.Әлімбаевтың «Шөжелерім» әнін тыңдау.

Жыл мезгілі, қыс айлары, апта күндері туралы әңгімелеу.

 

Құстар және олардың пайдасы туралы әңгімелеу. Құстар- жан-жануарлардың ең көп және маңызды тобы. Олар мекен ету орнына қарай үй және дала құстары болып бөлінеді. Үй құстарына: әтеш, тауық, қаз, үйрек, күркетауық жатады. Тауық баласы: шөже, қаз баласы: ақүрпек, үйрек баласы: шүрегей және күркетауық балапаны.  Үй құстарын үйде күтіп баптайды. Олардың еті, сорпасы, жұмыртқасының адам ағзасына өте пайдалы. Мамық жүнінен жастық, көрпеше, күртешелер тігіледі. Адамдар үй құстарына жем, су беріп, қора  дайындап, қамқорлық жасайды.

Сөздік жұмыс.

 

 

1-топ «Әтеш» тобы

2-топ «Тауық» тобы

3-топ «Қаз» тобы           

4-топ «Күркетауық» тобы.

 

Әр топ балаларының дұрыс жауабы  жұмыртқа  пішіндес  текшемен бағаланады..

 

Төрт топқа тапсырма беріледі.

1-      топ. Геометриялық пішіндерден балапан құрастырып жапсыру.

2-      топ. Балапан сөзін құрастырып  жазу, буынға бөлу, дыбыстық талдау жасау.

 

3-      топ. Суреттен құстардың балапандарын тауып, сызықпен қосу.

 

4-      топ. Бояма суретті бояу.

 

Сергіту сәті:

Тауық тары жинапты,

Оны ешкімге қимапты.

Бөтекесін толтырып,

Қамбасына құймапты.

Қыста тауық қақылдап,

Тары іздеп жүр тақылдап.

 

Барлық топтарға тапсырмалар.

Құстар туралы тақпақ айту.

 

 

Жұмбақ шешу:

Ақ сарайын талқандап,

Шықты біреу талтаңдап.       

 

2. Күн бата қонақтап қалқыған,

Таң ата жерден жем аңдыған.   

 

3. Басы тарақ, құйрығы орақ.  

 

4. Кеудесі қайқаңдап,

Жүреді байпаңдап.                

 

5. Айдалада ақ отау,

Аузы – мұрны жоқ отау.  

 

 

Суретке қарап сөйлем құрастыру.

 

 

 

 

Жаңылтпаш шешу.

1. Үйір-үйір үйректі, үйірге кім үйретті,

Үйір-үйір үйректі, үйірге өзім үйреттім.

2. Қара қарға қарға қонды,

Ала қарға жарға қонды.

3. Әтеш әнге басады, әтеш ұйқы ашады.

4. Қыс қыспаса қыс па?

Құс ұшпаса құс па?

 

 

Дидактикалық ойын. Не қалай дыбыстайды?

 

 

 

Қорытынды.

Шеңберге жиналып Р.Өтегеновтың “Құстар” өлеңін хормен айтады.

Қоныңдар, құстар қоныңдар,

Бәріңе төрден орын бар,

Қанатты барлық достарға,

Балалар қамқор болыңдар!

 

Оқу іс- әрекеті барысында балалардың жинаған жұмыртқа пішіндер санымен топтардың белсенді әрекеттерін мадақтау.

 

Балалар қонақтармен амандасады.

Үлкенге де «сіз»,

Кішіге де «сіз». Барлығынды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

 

Балалар әуенге сай қимыл жасап жүріп, билейді.

Балалардың жауаптары

 

 

Тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шөже, ақүрпек, шүрегей,мамық жүні.

Сөздерді қайталап айтады, мағынасын түсінеді.

 

 

 

 

 

 

 

Жапсыру жұмысын орындайды.

 

Сөзді әріптермен жазып, ауызша буынға бөледі, дыбыстық талдау жасайды.

 

Суреттен балапандарды тауып, сызықпен қосады. Балапандарды атайды.

Сурет бояйды.

 

 

Тары теру қимылын жасайды

Қолдарын айқастыру

Бүйірлерін ұстау

Басын шайқау

Тауық сияқты дыбыс шығару

Тауыққа ұқсап жүру.

 

Балалар өздеріне таныс тақпақтарды айтады.

 

 

Балапан

 

 

Тауық

 

Әтеш

 

Қаз

 

Жұмыртқа

 

 

 

 

Әсел құстарға  жем берді.

Әселдің әдемі әтеші бар.

Қаздар суда жүзіп жүр.Үйрек жем жеді. Ол балапанын шақырды. Ернар тауықтарға су берді. Ол құстарды жақсы көреді.

 

Балалар жаңылтпаштар айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар үнтаспадан дыбысталған дыбыстарды ненің дауысы екенін айтады.

 

 

 

 

 

 

Қайталап айтады.

 

 

 

 

 

 

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Үй құстары
Құстардың көктемгі тіршілігі.
Үй құстары. Әтеш, тауық, балапан.
Жыл құстары
Үлпілдек жүнді балапан.
Әтешке арналған бұршақтар
Тауық пен балапан
Құстар қалай өсіп – өнеді?
Қанатты достар
Құстар біздің досымыз
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 7542 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык