Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Үй құстары. Әтеш, тауық, балапан.


Үй құстары. Әтеш, тауық, балапан.

Үй құстары. Әтеш, тауық, балапан.

Тақырыбы: Үй құстары. Әтеш, тауық, балапан.

Мақсаты: Үй құстарының тіршіліктері туралы түсініктерін кеңейту. Үй құстарының пайдасы туралы мағлұмат беру. Құстарға деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, дидактикалық ойын.

Көрнекіліктер: Әтеш, балапан, тауықтың суреттері, жұмыртқа, үнтаспа.

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші: - Балалар, қолымыздан ұстап «Қуаныш шеңберін» құрып, бір-бірімізге жылуымызды білдірейік.

Тиіспе, балапан, тауыққа,

Тентектікті қойыңдар.

Араздық жоқ араңда,

Тату-тәтті болыңдар.

Тәрбиеші: - Балалар, бір-біріміздің тату екенімізді білдірдік. Ендеше, қонақтармен амандасайық.

Үлкенге де - сіз,

Кішіге де – сіз.

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Тәрбиеші: - Өте жақсы балалар, енді орнымызға отырайық. Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: - Күз мезгілі

Тәрбиеші: - Күз мезгілінде қандай табиғат құбылыстары болады?

Балалар: - Күн суытады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып жерге түседі.

Тәрбиеші: - Ендеше, күз туралы кім тақпақ біледі?

Ердияс:                            Сарғаяды жапырақтар,

                                         Күз де келіп қалыпты.

                                         Қатаяды топырақтар,

                                         Жаз да бітіп қалыпты.

Тәрбиеші: - Балалар, тыңдаңдаршы, бір нәрсе тырсылдап жатыр. Қане, қайтадан тыңдайықшы. Мәссаған, мына жұмыртқаның үлкенін - ай, өзінің түсі аппақ екен, ал көлемі сопақшаға ұқсайды екен. (Балалар жұмыртқаға таңдана қарайды)

Тәрбиеші: - Балалар, жұмыртқа жарылып жатыр екен. Бұдан не шығатынын білесіңдер ме?

Балалар: - Балапан шығады

Тәрбиеші: - Балапан шығатынын білесіңдер.  Балапан не істеп тұр?

Балалар: - Жылап тұр.

Тәрбиеші: - Балапан, сен неге жылап тұрсың? Біз саған көмектесеміз, айтшы балапан.

Балапан: - Мен мамамнан адасып кеттім. Сіздер соны тауып бере аласыңдар ма, балалар?

Тәрбиеші: - Әрине, балапан. Біз саған көмектесеміз. Балалар, бәріміз балапанның мамасын шақырайықшы.

Балалар: Қыт-қыт-қыт! Қыт-қыт-қыт!

Тауық: - Балалар, не болды, менің жұмыртқаларымды таптыңдар ма? Сендерге көп рахмет.

Тәрбиеші: - Тауық, біз балалар болып сіздің жұмыртқаңызды таптық. Оны ұстайын деп едік, ол жарылып жатыр екен. Біз оның жарылуын күттік. Содан міне, сіздің балаңызды аман-есен тапты балалар.

Тауық: - Рахмет, балалар! Менің балапанымның қарны аш еді, сендер балапаныма жем, тары тауып беріңдерші.

Тәрбиеші: - Тауық бізде жем де, тары да бар. Бірақ менің тапсырмаларымды орындасаң ғана беремін.

Тауық: - Ендеше, балалар, сендер маған көмектесіңдерші.

Балалар: Жарайды, көмектесейік.

1 - тапсырма: Жұмбақ шешу.

Басында айдары бар,

Иегінде сақалы бар.

           (Әтеш)

2 – тапсырма: Жаңылтпаш.

Үйір - үйір балапан,

Үйірге кім үйретті?

Үйір - үйір балапан,

Үйірге өзім үйреттім. 

3 – тапсырма: Балапан туралы кім өлең біледі? («Әнші балапан»)

4 – тапсырма: Үй құстарын атап беріңдер?

(қаз, тауық, әтеш, үйрек)

5 – тапсырма: Әтеш туралы кім жаңылтпаш біледі?

Әтеш әнге басады,

Әтеш ұйқы ашады.

Тауық: - Балалар, сендер маған көп көмектестіңдер. Рахмет, енді мен сендермен қоштасайын. (Тауық балапанын алып кетіп қалады)

Тәрбиеші: - Балалар, бәріміз орнымыздан тұрып бойымызды сергітейік.

Тауық тары жинапты,

Оны ешкімге қимапты.

Бөтекесін толтырып,

Қамбасына құймапты.

Қыста тауық қақылдап,

Тары іздеп жүр тақылдап.

Дидактикалық ойын: «Анасын тап»

Шарты: Балаларға үй құстарымен олардың балапандарының суретін үлестіріп беру. Балалар анасын балапанымен жұптастырады.

Тәрбиеші: -Балалар, сонымен сендер қандай үй құстарын білесіңдер?

Балалар: - Қаз, тауық, үйрек.

Тәрбиеші: - Неліктен бұл құстарды «Үй құстары» дейміз?

Балалар: - Үйде мекендегендіктен үй құстары дейміз.

Тәрбиеші: - Үй құстарының адамға қандай пайдасы бар?

Балалар: - Үй құстарының еті, сорпасы, жұмыртқасы адам ағзасына өте пайдалы.

Тәрбиеші: - Өте жақсы, дұрыс айтасыңдар! Балалар, аулада тауықтар мен әтештер жайылып жүр екен, олардың балапандары қайда екен? Қане, балапандарды жем жеуге шақырайық. (Топтық жұмыс. Балапандарды жапсыру)

Би: «Шөжелерім»


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Ертегілер еліне саяхат»
Үй құстары
«Дауыс іздеген балапан»
Жыл құстары
Үй құстары
«Бақытты балалық шақ»
Үлпілдек жүнді балапан.
Тауық пен балапан
Б б дыбысы мен әрпі
Құстар біздің досымыз
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 36894 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык