Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Мақта қыз бен мысық» ертегісі


«Мақта қыз бен мысық» ертегісі

Жамбыл облысы. Т. Рысқұлов ауданы

Құлан ауылы «Балауса»балалар бақшасының тәрбиешісі:

Мансурова Әмина Шакиртовна

«Мақта қыз бен мысық» ертегісі

Мақсаты: Балаларға педагог Ы.Алтынсарин оның шығармашылығы туралы білімдерін жетілдіру.Шығарманы оқу арқылы түсінуге үйрету.Оқылған шығарма мазмұныны әңгімелеуге,диалог сөздерді мәнеріне келтіре айта білуге үйрету,есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру.Балалардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын  арттыру.

Көрнекі құралдар: Ы.Алтынсариннің портреті,ертегі кейіпкерлерінің суреттері,атрибуттар

Үлестірмелі құралдар: Жай қарындаш,суретті карточкалар.

Оқу іс әрекет барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Психожаттығу: «Күн шуағы»

Балалар  бір-біріне күннің шуағындай күлімдей қарап амандасады: (сазды әуен баяу ойналады

Амансыңба алтын күн

Амансыңба көк аспан

Амансыңба достарым

Сендерді көрсем қуанамын

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Күз мезгілін атап бере аламыз ба?

-Балалар қандай ертегілерді білесіңдер?

-Ертегілер несімен ұнайды?

Балаларға порттреттегі суретті көрсетіп таныстыру.

–Балалар бұл  кісі-Ы.Алтынсарин деген аталарың.Ол кісі балаларға мектеп ашқан,балаларды оқытқан.Бүгін біз Ы.Алтынсарин аталарыңның «Мақта қыз бен мысық»ертегісімен танысамыз

Балаларға ертегіні оқып беріп,түсінгендерін сұрау

Ертегі кім жайында екен?

-Ертегіде қандай кейіпкерлер бар?

-Мақта қыз бен мысықтың бір-біріне жасағандары дұрыс па?

Ертегіні  суретен көрсету

Балалар сендер осы ертегіні рөлге кіріп ойнайсыңдар ма?

Балалар ертегіні бастарына атрибуттарын киіп ойнайды.

Сергіту сәті:

Біз кішкентай баламыз

Өсіп-өніп таламыз

Күнге қарап табынып,

Көкке қолды созамыз

Қанат қағып ұшамыз

Қарлығаштай самғаймыз

бір отырып,бір тұрып

Жаттығулар жасаймыз

Балалармен жұмыс.»Мысықтың қатыққа жету жолын тап»

Әр балаға үлестірмелі құралдар беріп,таратылады.Мысықтың қаттыққа жету жолын сызықтар арқылы қосамыз Жарайсыңдар.Енді барлығының сұрағандарын әкеліп беріп мысықтың құйрығын қайтарып алайық та Мақта қыз бен мысықты татуластырайық.

Жұмбақ:

Өзі жап-жас мұрты бар

Ет пен сүтке ұмтылар

Тастамайды жылы үйде

Түкті тоны шұп-шұбар. (мысық)

Қорытынды:

-Балалар бүгін біз қандай ертегісімен таныстық?

-Ертегінің авторы кім?

-Ертегі сендерге ұнады ма?

Сабаққа қатысқан балаларды бағалау,мадақтау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қайталау сабағы
Буынға бөлейік
1-ден 10 дейінгі сандар
Мысық неге тамақ ішкен соң жуынады?
Күшік пен мысық
Қош бол, сүйікті даярлық!
Мақта қыз бен мысық
10 санының құрамы
Ойнайық
ертегілер елінде
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 14823 | Қосты: Амина Мансурова | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык