Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » "Менің Казақстаным"


"Менің Казақстаным"

"Менің Казақстаным"

Тақырып "Менің Казақстаным"

Мақсаты: суреттер бойынша сипаттау әңгімелерін құрастыруды үйрету; тақырып бойынша сөздік қорын байыту; жаңа ұғымдармен таныстыру; тілінде жай және күрделі сөйлемдерді қолдана алу біліктілігін дамыту.

Алдын-ала жүргізілетін жұмысайналамен танысу сабағы. Наурыз туралы әңгіме.

Сабақ барысы.

Тәрбиеші Казақстан туралы өлең оқиды:

Ен даласын егін жапқан,
Бар баласы бақыт тапқан.
Менің жерім, туған елім - 
Күн сәулелі Қазақстан.
 
Көкке тиген асқар тауы,
Жасыл киген бақша бауы.
Менің жерім, Туған елім- 
Күн сәулелі Қазақстан.

- Бұл өлең не туралы? (Қазақстан туралы).

Тәрбиеші:

-Дұрыс, балалар. Біз Қазақстанда тұрамыз. Біздің отанымыз- Қазақстан.

- Отанды тағы басқаша қалай атауға болады? ( Туған жер, атамекен).

- Әр елдің өз рәміздері болады.

Дәптердегі жұмыс. (Қазақстан Республикасының елтаңбасы мен туын қарастыру).

- Сендер нені көріп тұрсыңдар? (ту, елтаңба).

- Тудың көк түсі нені білдіреді?

-Ұшқыр тұлпарлар нені білдіреді?

- Күн нені білдіреді?

- Қандай белгі үй, ошақ, бейбітшілікті бейнелейді? (шаңырақ).

- Бізде Қазақстанда әр ұлттың өкілдері өмір сүреді. Мен сендерге сөзді жекеше түрде айтамын, ал сендер маған көпше түрінде айтасыңдар.

Казақ- казақтар, орыс - орыстар, неміс- немістер, украин - украиндар, өзбек - өзбектер,еврей - еврейлер.

- Біздің мемлекетте халық қалай тұрады? ( тату, достықта)

- Достық сөзіне синонимдерді атаңдар. (ыңтымақтастық , бейбітшілік)

- Біздің елімізге келген мерекелерді халқымыз көңілді, достықта атап өтеді. Достарын қонаққа шақырады. Жақында қазақтың көктем мейрамы келеді.

- Бұл қандай мейрам? Ол қалай аталады? (Наурыз)

- Бұл өте көңілді мейрам. Айтыңдаршы, бұл мейрамға адамдар қалай дайындалады, кімді тосады, қандай тағам дайындайды?

Дәптердегі жұмыс.

- № 2 суретке қараңдар.

-Онда нені көріп тұрсыңдар?

- Бұл суреттерді қалай атауға болады?

- Жігіттер қалай көңіл көтеріп жатыр?

- Қыздар не істеп жатыр?

- Ақсақалдар мейрамды қалай қарсы алады?

- Мейрам аяқталғанда ауылда не болады?

"Ауылдағы Наурыз " суреті бойынша әңгіме құрастырыңдар. (3-4 бала)

Талқылау, әңгімені талдау.

Тәрбиеші ұл бала мен қыз баланың суретін тақтаға іледі.

- Бізге қонаққа Темір мен Әсел келді, олардың да мейрамға барғылары келеді, бірақ мерекелік киім таңдай алмай отыр.

Дәптердегі жұмыс.

- Суретке қараңдар (тәрбиешіде "Машаны киіндір" ойынының түрі бойынша киімдер үлгісі бар).

- Нені көріп тұрсыңдар? (мерекелік киім). Осы киімнің нәрселерін, бөліктерін атаңдар.

- Біз қазір қонақтарды киіндіреміз де, қазақ киімінің аттарын білетіндеріңді тексереміз. Сендер күрделі сөйлем құрастыруларың керек. Мысалы: Темір басына. ... киді, ал Әсел ... киді.

Мақалдармен жұмыс.

- Әр халықтың өзінің көптеген мақалдары мен мәтелдері бар. Бірақ кейбір халықтың мақалдары басқа елдің мақалдарына ұқсас. Қазақтың мақалдарын тыңдап, оған сәйкес келетін орыс халық мақалдарын таңдаңдар және түсіндіріңдер.

Қазақ халық мақалдары Бейнетсіз зейнет жоқ..Еңбегіне қарай өнбегі. Не ексең, соны орасың. Нағыз батыр шайқаста сыналады


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жыл мезгілдері өлеңдері
«Жаса,жайна ,Қазақстан!»
Менің Отаным - Қазақстан.
Мемлекетті рәміздер.
"Менің отбасым" фотографиялары бойынша суреттеу әңгімелерін құрау.
Менің Отаным Қазақстан
Қазақ еліне саяхат, Сан есімдер
Тіл – халық қазынасы
" Заттың атын білдіретін сөздер" " Көктем аруы-2015"
Біздің Отанымыз - Қазақстан
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 1846 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык