Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Жаса,жайна ,Қазақстан!»


«Жаса,жайна ,Қазақстан!»

«Жаса,жайна ,Қазақстан!»

 Тақырыбы: «Жаса,жайна ,Қазақстан!»

  Мақсаты:         Бүлдіршіндерге өз елі,Отаны,рәміздері туралы түсінік                       бере отырып, оларды  Отансүйгіштік,патриоттық                                       сезімге тәрбиелеу.

  Міндеттері:

 

1.Балалардың сөздік қорларын молайту,есте сақтау қабілеттерін  дамыту.

2.Балалардың халқына,ұлтына деген сүйіспеншілік,мақтаныш сезімдерін тәрбиелеу.

3.Туған жеріне,табиғатына қамқорлықпен,құрметпен  қарауға баулу,тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,ойын ,қортындылау,

                            мадақтау                                                           

 

Сөздік жұмыс: Республика,тәуелсіздік,рәміз,елтаңба,қыран                                         құс,ту,ғимарат.

Көрнекілігі: ҚР рәміздері,картасы,Астана                                                                 суреттері,Менің Қазақстаным !(плакаттар топтамасы)                                  №1,№2

 

Іс-әрекет

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті.

Ұйымдастыру ,

сезімді ояту

1.Психологиялық сәт.

-Сәлеметсіздер ме,балалар!

-Бүгін бізге қонақтар келді.

-Қонақтармен амандасып алайық.

-Балалар,  енді барлығымыз шаттық шеңберге тұрайық.

            Кел бәріміз тұрайық,

            Шаттық шеңбер    құрайық

            Армысың ,шапағатты күн –  Ана !

                Армысың, қайырымды аспан -Ана !

                Армысың ,мейірімді жер -Ана !

                Құт дарып,бар әлемді жарылқа !

 2.Әнұран орындалады.

Әнұранды орындағанда міндетті түрде орнымыздан тұрып,оң қолымызды жүректің тұсына қоямыз.

 

Сәлеметсіз бе ,апай?

 

Амандасады.

 

 

 

Балалар шеңбер болып тұрып,өлең шумағын айтып,

қимылмен жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындарынан тұрып,оң қолдарын жүректің  үстіне қойып,әнұранды

тыңдайды.

Ұйымдастыру,

ізденістер

3.Жыл мезгілін,ай атын,апта күнін еске түсіру.

 

4.Балалар бүгінгі тіл дамыту іс-әрекетінің тақырыбы: «Жаса,жайна, Қазақстан!» деп аталады.

        Батысында қар жатса.

        Шығысында көктем ел.

       Жеткізбейтін неткен ел.

-бұл қай ел деп ойлайсыңдар балалар?

-Балалар ,айтыңдаршы, Отан дегеніміз не?

-Иә,балалар, Отан деген  сендер тұратын жер,үйлерің,халқымыз, біздің табиғатымыз,бізді қоршаған орта.

-Балалар,сендер қай ұлтқа жатасыңдар?

-Балалар,сендер қай тілде сөйлейсіңдер?

 Олай болса біздің Отанымыз -Қазақстан.

Отан отбасынан басталады. Әр адамның өз Отаны болады.Біз Отанымызды мақтан етеміз.1991 жылы өз тәуелсіздігімізді алып,

егеменді ел болдық.Біздің Ата Заңымыз,Ана тіліміз,өз теңгеміз бар.

-Балалар,қандай мереке келе жатыр?

-Осы мерекені қай күні атап өтеміз?

-Балалар , тақтаға қарай қойыңдар,сендер таныс емес затты көріп отырсыңдар.

-Бұл Қазақстан картасы.

Біздің жеріміз үлкен.Бірақ картаға кішкентай етіп  салады.Картада еліміздің жері,суы, қалалары,пайдалы қазба байлықтары көрсетілген.

-Балалар ,Отан туралы тақпақ білесіңдер ме?

Жарайсыңдар,балалар !Ал,Отан туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

5.Ғажайып сәт.

 Топқа Білгішбек келеді, амандасады.Өзін балаларға таныстырады.Қолында кішкентай сандық.

-Балалар,  менің қолымдағы не зат?

-Сандық қандай?

-Түсі қандай?

-Балалар,сандықтың ішінде тапсырмалар бар,оған жауап бересіңдер ме?

Ойын: «Күннің шуағы»

Ойынның мақсаты:

Балалардың есте сақтау қабілеттерін,сөздік қорларын арттыру.

Жүйелі сөйлеуге баулу.

Ойын шарты:Тақтаға шуағын шашқан күн суреті ілінеді. Күннің шуақтарында сұрақтар жазылған. Білгішбек балаларға сұрақтарды бір- бірден оқиды.

1.Сендердің ауылдарың қалай аталады?

2. Біздің бақшамыз  қалай аталады?

3.Елордамыз қай қала?

4.Елбасымыз кім?

 

5.Ұлттық тағамызды ата?

 

 

6. Бақшамызда қандай ұлт балалары бар?

 7. Астанада қандай ғимарат бар?

9.Біз қай топтың балаларымыз?

 

Білгішбек:  Мінекей балалар, сендер білімді екенсіндер,

сұрақтарға жақсы жауап беріп,топтарыңа күннің жылуын таратып,одан қуат ,жігер алып отырсыңдар,рахмет сендерге.(Білгішбек отырады)

 

6.Рәміздер туралы әңгімелеу.

    Қазақстан Республикасының рәміздерін кім атап береді?

Тәуелсіз мемлекеттің өз Елтаңбасы,Туы,Әнұраны болады.

-Балалар,мынау біздің еліміздің Туымыз.

-Тудың түсі қандай?

Көк түс неге ұқсайды?

Тудан ненің бейнесін көріп  тұрсыңдар?

Сабына бекітілген тұста  ұлттық оюлармен көмкерілген тік жолақ өрнектелген.

Тудың көгілдір ашық түсі бұлттсыз ашық аспанды,бейбітшілікті білдіреді,бүркіт тәуелсіздіктің белгісін,биікке,болашаққа самғайды.

Тудың авторы Шәкен Ниязбеков

-Мынау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы.

-Елтаңбада не бейнеленген?

Шаңырақ-ошақтың амандығын білдіреді.Отбасының негізі.Шаңырақта жан-жаққа таралған сәулелер тәрізді уықтар бейнеленген.Бұл шаңырақ пен уық елімізде тұратын халықтардың бірлігін көрсетеді.

-Балалар,сонымен бірге тағы не көріп отырсыңдар?

Тұлпар-батырлық,қажырлық нышаны.Жұлдыз жарықтың белгісі.

Елтаңбаның авторлары:-Жандарбек Мәлімбеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Балалар сабақ басында сендер не тыңдадыңдар?

-Әнұран дегеніміз не?

-Әр мемлекеттің өз Әнұраны болады.Оны салтанатты жиындарда орындайды. Әннің авторы: Шәмші Қалдаяқов.

Сөзін жазған :Жұмекен Нажімеденов.

Нұрсұлтан Назарбаев.

7.Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар ,

Су құйғанда өседі.

Балалардың жауаптары.

Қыс мезгілі. Желтоқсан айы аптаның үшінші күні, сәрсенбі.

 

 

 

 

 

 

  Қазақстан біздің ел.

 

 

 

  Отан біздің үйіміз,тұратын      жеріміз,халқымыз.

 

 

 

Қазақ ұлты.

 

Қазақ тілінде.

 

 

 

 

 

Тәуелсіздік сөзін қайталайды.

 

 

 

 

 

Тәуелсіздік  мерекесіне

16 желтоқсан күні.

 

 

Карта сөзін қайталайды

 

 

Отан туралы тақпақ,мақал-мәтел айтады.

Отан туған үйіміз

Отан туған жеріміз.

Отан ортақ үйіміз.

Отан ән мен күніміз.

Жері байдың,елі бай.

Отан оттан да ыстық.

 

 

Амандасады

 

 

Сандық.

 

Үлкен.

Қызыл.

 

Иә,жауап береміз

 

 

 

 

 

 

 

Родниковка

 

Таңшолпан.

Елордамыз-Астана

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Бесбармақ,бауырсақ,

құрт,ірімшік,айран.нау-

рыз көже,қуырдақ.

Орыс,неміс,татар,

украин

Бәйтерек

 “Жұлдыз ”  тобының балаларымыз

Балалар сұраққа жауап беріп,күннің шуақтарын жинайды.

Ойынға қатысқанына қуанады.

 

 

 

Рәміз сөзін қайталайды

Елтаңба.Ту,Әнұран

 

 

 

 

Тудың түсі көк, ашық көгілдір түс.

Аспанға

Күн,қыран құс,ұлттық ою

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шаңырақ.

 

 

 

 

 

 

 

Тұлпар.

 

 

 

 

 

 

 

Әнұран.

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәтін сөзін айта отырып,қимылмен орындайды

Рефлекстік түзету

8.Ойын:«Бәйтерек»

Мақсаты: Балалардың қиялын арттыру, шапшаңдыққа баулу.

Ойын шарты:

Әуен қосылады,балалар бөлікке бөлінген бәйтеректі құрастырады. Тәрбиеші ойынның қортындысын айтады.

9.Қортынды.

-Сендерге бүгін оқу іс-әрекеті ұнады ма?

Біздің мемлекетіміз қалай аталады? Қазақстан рәміздерін ата?Балалар бізге қонаққа кімдер келді?

10.Мадақтау : Білгішбек, балалар сендер білімді,тәртіпті балалар екенсіңдер.Сабаққа жақсы қатыстыңдар.Менің сендерге әкелген кішкене сыйлықтарым бар ,мен сендерге соны таратып берейін.Білгішбек балаларға еліміз гүлдей жарқырасын деп гүл,аспанымыз ашық болсын деп күн,

жұлдыздай жарқырасын деп жұлдыз үлестіреді.

 

 

 

 

Балалар бөлікке бөлінген бәйтеректі құрастыруға кіріседі.

 

 

 

Ұнады

Біздің мемлекетіміз-

Қазақстан.

Қазақстан рәміздері: ту,елтаңба,әнұран.

Білгішбек,апайлар,ағай

 

 

 

Балалар сыйлық алғанына қуанып,шаттанады.

Білгішбекке рахмет айтады.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Тәуелсіздік ел – тілегі».
Менің Отаным - Қазақстан.
«Тәуелсіздік - ынтымақ».
«Менің отаным - туған өлкем!».
«Тәуелсіздік ел – тілегі».
«Менің Қазақстаным»
«Қазақстан ортақ үйіміз»
Менің Отаным Қазақстан
Қазақстан-ортақ үйіміз
Біздің Отанымыз-Қазақстан
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 5130 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык