Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Отбасы-тәрбие бастауы»


«Отбасы-тәрбие бастауы»

       «Отбасы-тәрбие бастауы»

       Отбасы-қоғамның маңызды буыны.көп ұлт мекен еткен мемлекетіміздің негізі осы шағын ұжымдардан  қаланады. Осы жағынан келгенде кез-келген отбасы өзін қоғамның бір бөлігі деп түсінеді.

   Қоғамда отбасы  екі қызмет атқарады,оның бірі дүниеге ұрпақ әкелу-екіншісі дүниеге келген сәбиді пәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп,оны тұлға ретінде қалыптастыру.

     Отбасы-баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы қатарында өмірдің мақсаты,құндылықтарын біліп,өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағұламаттарды береді және онда басқалармен қарым-қатынас орнатуына іс жүзінде дағдыландырады.

      Бала тәрбиесінде ата-ананың орны ерекше.Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ « Бақытыңды басқадан емес ,балаңнан ізде»-деген даналық сөз бар.Кез келген адам  өзі жете алмайтын бақыт деген құдіретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін.Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе,екінші біреу даңқ пен атақтан,маңсап пен қызметтен іздестіреді.Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты-тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады.Ұлықтан хақім «ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек.Олай болса адам өмірінің мәні-өз ұрпағы.

  Шыр етіп  сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында қиын,қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады.Ол-бала тәрбиесі,бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз-ата-ана.Ата-ананың баламен жасайтын қарым-қатынасының үлкен тәрбиелік мәні бар.Әсіресе отбасындағы,ата-ананың өзара қатынасы үлкен тәрбиелік мәні бар. Мәдениетті отбасындағы  ерлі -зайыпты кісілердің бір-біріне айтқан игі ниеті, кішіпейілдігі,отбасындағы туындаған мәселелерді ақылдаса отырып шешуі бала мінезіне жағымды әсер етеді.

    Бала тез еліктегіш,иланғыш болғандықтан  жаман қылықтарды да тез үйренеді.Бала кішкентай кезінен әр нәрсеге әуестеніп,үлкендерге көмектескісі келеді.Бұған кейбір ата-ана «жұмысымды бүлдіресін» деп ұрысып жіберуі мүмкін,бұл қате түсінік.Керісінше өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай  туғызып,оның үйренуіне көмектескен орынды.Тіпті балаға берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындалуына төзімділікпен бақылау керектігін де ұмытпаған жөн.Өстіп баланың бірте-бірте еңбекке деген болашағына жол ашылады.Әр істеген ісін

ұқыпты да тындырымды орындауына бағыт бересіз. Баланың жақсы істерін мадақтап,терісін оң етіп түсіндіріп отырса ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырманы орындауға қарсылық білдірмейді.Орынсыз ұрысу,зеку сұрақтарына дөрекі келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді.

   Қазіргі  заманда отбасының құрылымы өзгеріп,ондағы мүшелер саны азайып,бала саны кеми түсті.Қоғамдағы әлеуметтік,мәдени ,экономикалық жанғырулар әр түрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр өйткені әкеге бағыну,өзінен үлкен апа,ағаны сыйлау қазақ арасында жоғалмағанымен әлсірей түсті.Көп жағдайда әке жауапкершілігі әлсіреп,керісінше аналар отбасы үшін жауапкершілікті  өз мойындарына алуда.Осы заманның тағы бір ерекшелігі : толық емес отбасылар көбейіп, ата,әке,қайын жұрт,нағашы жұрт деген  туыстық байланыс әлсіреді.Отбасы қарым-қатынасының дұрыс болмауынан келіп шығатын тәрбиедегі қателіктерді түзету  үлкен қиындықтармен жеңуге тура келеді.

 Яғни отбасындағы  жарасты сыйластық пен жылылық бала тәрбиесіне көп әсерін тигізетінін баршамыз білеміз. «Ұяда не көрсен, ұшқанда соны істерсің» дегендей ата-ананың өнегесін көріп бала  өздері үй болғанда сол жақсы тіршілікті жалғастыра біледі.Олар ата-анадан алған  сыйластық,сөзге тоқтау,төзімділік,қамқорлық сияқты қасиеттерді өз отбасында қолданады.

Келешек ұрпақты   тәрбиелеу-бүгінгі күннің өзекті мәселесі.Бұл мәселенің шешімін табу үшін білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде қайта қаралып,оны жетілдіру жолдары іздестіруде.

    Отбасындағы бала тәрбиесіндегі үлкен тұлға-әже мен ана.Әжелердің ұстамдылығын,төзімділігін, сабырлығын,қиыншылық атаулыға қажырлықпен қарсы тұруы үнемі үлгі.Олар немерелеріне аңыз-әңгімелермен,мақал-мәтелдермен таныстырады.Шоқанның Айғаным,Абайдың Зере,Мұхтардың Дінасыл әжелері қазыналы бұлақтың көзі болған.Ал,көпті көрген қариялар-өз балаларының ғана тәрбиешісі емес, иісі қазақтың ақылшысы,кемеңгерлері.

    Қазақтың ауылында бала тәрбиесіне бүкіл ауылдың үлкендері,әсіресе қарттары араласқан.Үлкендер ауылдастарының балалары өрескел мінез-құлық көрсетсе,өз баласындай көріп дұрысын айтып түзеуге өздерін міндетті санаған. «Қызға қырық үйден тыю», «Ұлың өссе ұлы жақсымен ауылдас бол» деген сөз баланы қауым болып тәрбиелеу мақсатынан шыққан.

   Бала тәрбиесі -қуанышты,сонымен бірге қиындығы да жетіп жатыр. Бала белгілі бір биологиялық заңдылықтар бойында дамиды.Баланың дені сау болып өсуіне ешқанай нұсқау келтірмеу үшін бұл заңдылықтарды білу,ескеру және тиімді пайдалану қажет.баланың адамшылығын қалыптастыру,оның ақылын молайту,оны белгілі адами сапарларға көркемдік талғампаздыққа және талапқа баулу- бұдан да қиынырақ іс.Бұл жерде қоғамдағы жағдай ең алдымен тәрбиенің ықпалы шешуші орын алады.

   Баланың айналасындағы бүкіл өмір шындығы-табиғат, қоғамық орта,ең алдымен адамдар,бәрінен бұрын ата-аналар мен тәрбиешілер тәрбиелейді.

    Тәрбиелеу дегеніміз- балаға мақсат қойып,ұйымшылдықпен және жүйелі ықпал жасау деген сөз, осы ықпалдың арқасында бала тәрбиеші талап еткен  мінезге ие болып,мінез-құлық ережелерін бойына сіңіреді.Тәрбие баланың дене және ақыл -ой қабілетін дамытады.,оны алдағы еңбекке даярлайды, сол бойынша қоғамның болашақ белсенді қайраткерлері өсіп шығады.

   Бала мектепке қабылданғанда өздігінен оқи алмаса,оқуға ынтасы болмаса ата-аналар зейіні төмен,жасық деген шағымдар айтады.,яғни теріс тәрбиенің салдары болып табылатын себепті іздестіреді.Әдетте, осындай ұнамсыз қасиеттердің бірі ата-аналары еңбекке үйретпеген балалардың басында болады,өйткені адамның зейінділігі,ынта жігері еңбек үстінде ғана дамып,нығайып отырады.Еңбек арқылы тәрбиеленбеген бала  оқи алмайды,әрқашанда ата-аналардың үнемі  жәрдеміне,бақылауына мұқтаж болып жүреді.Ата-аналар туа пайда болған қасиет деп айтып жүрсе де мұндай балалардың жалқаулығы,шынында да оларды жас шағында еңбекпен қорғаштаған   ата-аналардың кінәсінен болады.

 Отбасының негізгі міндеттері:

1.Баланың өсіп дамуына толық жағдай жасау;

2.Балаға әлеуметтік-экономикалық және психологиялық қорғаушы болу;

3.Өз халқының этно- мәдениетінің тәжірибесін ауыстыру;

4.Баланың адамгершілігін дамытуға мүмкіндік жасау;

   Отбасы- адам баласының өсіп-өнер,қаз тұрып қанат қағар ұясы,алтын бесігі.Тәрбиеге белгілі бір уақыт бөлуді талап етпейді.Баланың  күні бойы іс-әрекеті толықтыруды,қадағалап отыруды қажет етеді.Бұл мезетте  балаға деген  ата-ана мейірімінің,шапағатының ықпалы ерекше орын алады.

 

  Ата-анаға мынадай  кеңесті ұсынамын:

  1. Баланың әр күнді бастауы,қарсы алуы сәтті болу керек; ол үшін таңертен баланы оятқанда жайлы,баппен оятыңыз;ол сіздің күлімдеп,мейіріммен өте жақсы көріп тұрғаныңызды сезуі керек.
  2. Балаға балабақшаға барар алдында сенімділік сәттілік тілеу керек.
  3. Бала балабақшадан келгенде бірден сұрақтар қойып,қарсы алмау керек.
  4. Бала бірдене айтқысы келсе, қарсы болмай тыңдау керек.
  5. Бала ренжіп отырса,себебін өзі айтқанша асықпаңыз.
  6. Балаңызға қатты дауыспен сөйлемеңіз,баланың жүйкесіне әсер етеді.

 

Ұрпақ тәрбиесінде ең шешуші орын отбасындағы психологиялық ақуал,оның ішіндегі ата-ананың балаға деген махабаты екені анық.

Төрт жасар баладан адамға неге екі қол берілген деп  сұрағанда бала

«Бір қол маманы, екінші қол папаны ұстап жүру үшін»- деп жауап берген.Міне, үлкендер ойлап таба алмайтын сөзді балалар тауып, дәл жауап беріп отыр.Бала психологиясының  жақсы дамуына әке мен ананың екеуінің де болуы  қаншалықты маңызды екенін осы мысалдан айқын көруге болады.Отбасы- бала дамуы мен қалыпты өмір сүруіне тиімді жалғыз мүмкін орын.Бала үшін туған отбасы-алтын діңгек.Отбасындағы жылылық пен мейірімді ешнәрсемен-басқа жерлерде жүз есе артық материалдық жағдай жасалса да алмастыру мүмкін емес.Отбасының бірлігі ұрпақ тәрбиесінде  өте қажет.Бұл- өте қымбат ұлттық құндылық.  

   «Балаға білім беру үшін ең алдымен оны тәрбиелеген жөн,тәрбиесіз берілген білім,ол ертен бір апатқа әкеп соғады»- деген, данұшпан  ойшыл ғалым Әбу Насыр әл-Фараби.Сондықтан да, қазіргі кезде болып жатқан тарихи- әлеуметтік өзгерістер, ғылымдағы жаңалықтар бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне,соның ішінде мектепке дейінгі жастағы сәбилердің дамуына,тәрбиелеуіне жаңаша көзқараспен қарауды талап етеді.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші бала тәрбиелеудегі  осындай міндеттерді іске асырушылар мектепке дейінгі мекеме мен отбасы.Осы екі арада жүргізілетін тәлім-тәрбие сабақтаса,ұштаса өткізілгенде ғана көзделген мақсат нәтижелі болары сөзсіз.

     Біз XXI ғасырда өмір сүріп жатырмыз.Жаңа ғасырда өркенетті елдер қатарынан орын аламыз десек,жас ұрпағымызды дұрыс тәрбиелеуге,дұрыс білім беруге міндеттіміз.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Құқықтық тәрбие
Рухани-өнегелі тәрбие
Өнегелі отбасынан үлгілі ұрпақ өседі
Оқу мен тәрбие – егіз.
БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ АТА-АНАНЫҢ РӨЛІ
Тәрбие көзі-отбасы мен балабақша біртұтастығы
Бала тәрбиесі баршаға ортақ.
Күн шуағым отбасым
Бала тәрбиесіндегі алғашқы ұстаз — ата-ана
Отбасы өмір өзегі
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 4721 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык