Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » "Төрт түлік "


"Төрт түлік "

 "Төрт түлік "

Сабақтың тақырыбы:         "Төрт түлік "

  Сабақтың мақсаты:   Балалардың  төрт түлік мал туралы түсініктерін кеңейте отырып, халқымыздың төрт түлікті дәріптеген өлең жырлар, әңгімелер арқылы танымын, жан-жануарлар туралы түсініктерін арттыру, жылқылардың басқа малдардан айырмашылығын таныту, сөздік қорын байыту, тіл байлықтарын дамыту, ұлттық тағамдар түрлері туралы ұғымын пысықтап, тиянақтап, көбірек білуге ынталарын ояту, балалардың тазалыққа, бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу.

 

Әдіс-тәсілі:    түсіндіру, әңгімелеу,көрсету.

 

Сабақтың көрнекілігі: Төрт түліктің суреттері  слайд түрінде

 

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

 

-Қуан, шаттан, алақай!

Қуанатын күн келді.

Қайырлы таң, қайырлы күн,

Күлімсіреп шықты күн!

-Сәлеметсіздер ме, балалар!

-Отырыңдар.Бүгін бізде ерекше бір қызық сабақ. Сондықтан сабаққа барлығымыз қатысайық. Бүгінгі сабақтың тақырыбы: "Төрт түлік "

 

                                

-Балалар, бүгін біз сендермен саяхатқа шығамыз. Қане көздеріңді жұмыңдаршы, енді ашайық. Балалар , біз жайлауға келдік. Қане, қалай демаламыз? Бәріміз таза ауамен дем алайықшы.  Қараңдаршы жайлауда не жайылып жүр екен? (Осы кезде  өрісте жүрген малдардың дауыстар қойылады.

Балалар: -Қойлар, сиырлар, ешкілер, жылқылар, түйелер.

Мұғалім: Осы үй жануарлары сендердің үйлеріңде бар ма?

Мұғалім; Олар қайда жайылып жүр?

-Дұрыс, жайлауда немесе өрісте жүр.

- Балалар, ал қазір «Мал қалай  дыбыстайды?" деген ойын ойнаймыз.

Ойынның шарты: Тақтада үй жануарлар берілген. Қазір мен сендерге төрт түліктің дыбыстарын қосқанда, сендер ненің дыбысы екенін тауып алу керексіңдер.

Ойынның мақсаты: Қандай төрт түліктің дыбысы екенін тауып алу.Оларды атау.

                                 

                                                  

Сергіту сәті:      

Қошақаным тұршы,

Беті –қолыңды жушы.,

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы.

Орныңа отыршы.                                                                                                                                   

Мұғалім: Ал енді балалар тақтаға қарайық.

-Балалар тақтада ненің суреттерін көріп тұрсыңдар?

-Дұрыс, айтасыңдар. Ал енді осы малдардың әрқайсына тоқталайық.

-Мынау ненің суреті?                                              

-Дұрыс, сиыр. Сиырдың пайдасы қандай?

Одан не аламыз?                                       

Балалардың жауаптары:

Сиырдың төлін -бұзау дейміз. Сиырдан біз сүт, ет, тері аламыз. Ал сүттен қаймақ, май, ірімшік, айран аламыз. Сиырдың атасы -Зеңгі баба.

Сиырды аухау-аухау деп шақырамыз. Сиыр шөп, су, жем жейді.

Келесі ненің суреті?                                                                            

-Дұрыс, жылқы. Жылқының пайдасы қандай? Одан не аламыз?

 

 

Балалардың жауаптары:

Жылқының төлі-құлын. Жылқыны көлік ретінде пайдаланамыз.

 Көбінесе, арбаға жегеміз.(отын, шөп, су, жүк тасығанда) Жылқыдан біз сүт, ет, тері аламыз Сүтінен қымыз жасайды .Қымыз-шипалы сусын. Оны өкпе ауруына емдік ретінде қолданады. Жылқы жем, су, шөп жейді.Жылқының атасы-Қамбар ата. Оны құрау-құрау деп шақырады.

Ойын: «Төлін тап»

Ойынның мақсаты: Малдардың төлін тауып алу.Төлдерін атау.         

                              

Келесі ненің суреті?

-Дұрыс, қой. Қойдың пайдасы қандай? Одан не аламыз?               

Балалардың жауаптары:

Қойдың төлі-қошақан.Қойды Шопан ата бағады. Қойды пұшайт-пұшайт деп шағырады. Қойдан ет, жүн, тері аламыз. Жүннен әжелер байпақ, , қолғақ т.б тоқиды.

Келесі ненің суреті?

Балалардың жауаптары:

-Дұрыс, ешкі. Ешкінің төл-лақ.                

 Ешкі шөре-шөре деп шақырады.

 Ешкіден ет, түбіт аламыз. Әжелеріміз түбіттен шәлі, байпақ, қолғақ тоқиды.

Ойын: «Ішіне-сыртына».

Ойынның мақсаты: Оқушыларды үй жануарлары мен жабайы жануарларды айыра білуге үйрету.

                                    

 

Келесі  ненің суреті?

Балалардың жауаптары:

-Дұрыс, түйе. Түйенің төлі-бота.      

Түйе киелі жануар.

Ол ұзақ уақыт бойы су ішпей жүре алады.

Түйенің атасы-Ойсылқара. Түйені көс-көс деп шақырады. Түйені көлік ретінде пайдаланамыз. Түйенің сүтін сусын ретінде ішеді. Шұбат ашытады. Ол-айраннан сұйық, қымыздан қою. Оның емдік те қасиеті бар.

Сергіту сәті:

Бала, бала балақан,

Кәне қайсың алақан

Саусақтарың әйбәт,

Былай-былай ойнат.

Балалар, ал енді "Не артық? " ойынын ойнайық.

Ойынның мақсаты:Балалардың мақсаты,артық суретті тауып алу.Неге артық екенін түсіндіру.

                              

-Жарайсыңдар, балалар.

-Балалар, енді төрт түлік туралы жұмбақтар шеше аласыңдар ма?

Жұмбақтар

Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (қой)                       

 

Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар,

Төрт жылтырмағы бар,

Бір шыбыртқысы бар.        (сиыр)                                    

 

Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.           (түйе)                  

 

-Балалар, жарайсыңдар. Жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер?

-Балалар, кім маған төрт түлік туралы тақпақтар айтып берем дейді?

(Балалар білген тақпақтарын айтады.) 

Төрт түлік малдар туралы тыйым сөздерді оқушыларға айту.

Малды теппе.  Ақты төкпе. Малды ұрма.

-Енді балалар, бәріміз   төлдер"Төлдер" әнін орындайық.

-Жарайсыңдар, балалар. Әнді жақсы айтады екенсіңдер. Ортаға енді биші қызымызды шақырайық. Әминә бізге қазақтың биін билеп берем дейді.     

Қорытынды: -Балалар сендерге саяхат ұнады ма?  Не ұнады? Біз бүгін көп нәрсені біліп көрсете білдік. Яғни төрт түлік малдардың  қалай дауыстайтынын, олардың төлдерін, пайдасын біліп үйрендік.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Төрт түлік.
Үй жануарлары
Төрт түлік және оның төлдері.
Төрт түлік
Төрт түлік Үй жануарлары
Үй жануарлары
Үй жануарлары.
Төрт түлік. Жуан, жіңішке дауыстылар
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 20771 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык