Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » "Табиғат -анамыз"


"Табиғат -анамыз"

"Табиғат -анамыз"

Тақырыбы: "Табиғат -анамыз"

Мақсаты: Қоршаған ортаға деген көзқарасын кеңейтіп, табиғатты сүйюге, қамқор бола білуге , табиғат байлығын ,сұлулығын сезіне білуге сурет көрінісін әңгімелеп, бейнелей білуге үйрету.

Көрнекіліктер: Табиғатқа байланысты суреттер, жылдың төрт мезгілі.

Әдіс-тәсілдер: Күтпеген сәт, дидакикалық ойындар, сұрақ-жауап, түсіндіру,оқу , әңгімелеу.

Әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс-әрекеті

 

Балалардың іс -әрекеті.

Мотивациялық қозғаушы күш.

Балалар көңіл күйлерің қалай ?

Жылулық шеңберіне тұрып, жылы сөздер айту.

-Балалар, қуанышымызды бір-бірімізге жеткізейік.

 

Біз қандаймыз, қандаймыз

Шұғылалы таңдаймыз

Күлімдеген күндейміз

Ренжуді білмейміз

Қуанамын менде

Қуанасын сенде

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге

 

Жарайсыңдар балалар енді бәріміз күнге қарайықшы

-Күн бізге не береді?

Олай болса күнмен амандасып алайық.

Сәндетіп даламыз

Сәулетті қаламыз

Сәлем күн анамыз!

 

-Балалар бүгін аптаның қай күні?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Бір жылда неше жыл мезгілі бар?

-Балалар күздің қандай белгілерін байқадыңдар?

 

 

 

-Қандай айлар күз мезгіліне жатады?

 

Тамаша

 

 

 

 

 

 

Балалар тәриешінің көмегімен өлең жолдарын бірге қайталап , қимылмен көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

Сәуле , жарық , жылу береді

 

 

 

 

 

Екінші күн

Сейсенбі

Күз мезгілі

Төрт мезгіл ,олар Күз, Қыс,Көктем, Жаз

Жапырақтар сарғайады

Құстар жылы жаққа ұшып кетеді, жаңбыр жауады, күн салқындайды

 

 

Қыркүйек,Қазан,Қараша

 

Іздену ұйымдастырушы

Жарайсыңдар балалар ,біреу есік қаққандай болдыма?

 Кім болды екен?

-Ендеше есікті ашып көрейік.

Топқа Дымбілмес келеді.

-Сәлеметсіздер ма? Мен Дымбілмеспін, сендердің сабақтарына қатысуға болама?

-Мен сендерге мына гүлдерді алып келдім, бұл жай гүл емес, сиқырлы гүл, ішінде бірнеше маған қойылған сұрақтар бар мен сол сұрақтардың жауабын қанша ойлансамда таба алмай келемін, маған көмектесіңдерші балалар?

-Жарайды Дымбілмес қош келдің сенде мына біздің балалардың қасына отырып бізге қонақ бол!

-Біздің балалар өз білгендерін аянбай ортаға салады сенде осы балалардан сабақ ал.

-Алдымен балалар мен сендерге табиғат әлеміне байланысты жұмбақтар жасырайын. Осы жұмбақтардың жауабы біздің жаңа оқу іс-әрекетімізге байланысты.

1. Бір зат бар дүниеде құшағы кең

Ұшқан құс, жүйріген оқ бәріне тең

Адамзат, жан жануар соның арқасында

Мәңгілік өсіп өнеген. (Жер)

2. Таңмен көзін ашады

Әлем нұрын шашады

                                             (Күн)

-Балалар адамдар күннің жарығы және жылуынсыз өмір сүре алама?

-Ал жануарлар мен өсімдіктер ше?

-Әрине жоқ жер бетіндегі барлық тіршілік иелеріне сәуле, жарық,жылу өте қажет балалар.

 

3. Дәміде жоқ, түсіде жоқ

Пайдаланбас кісіде жоқ.

4. Бір нәрсе жермен көктің арасында

Көрмейді өзі түгіл қарасыда

Білінбей жер бетінде жүрсе дағы

Пайдалы адамзаттың баласына

                                  (ауа)

 

-Ал ауасыз тіршілік етуге болама?

-Жарайсыңдар балалар 

 

Жұмбақтың шешуін дұрыс таптыңдар?

-Балалар бүгінгі біздің оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы

"Табиғат-анамыз" деп аталады.

-Ендеше біздер бүгін осы бізге өмір сыйлаған , қоршаған орта табиғат туралы сыр шертеміз.

-Алдымен мен сендерге Н.Жанаев атамыздың "Табиғат анамыз" деген өлең жолдарын оқып берейін.

Табиғат ол анамыз

Табиғатқа баламыз

Құшағында ойнаймыз

Шаттық әнге саламыз

Жазда аралап тауында

Барамыз біз бауында

Өзеніне шомылып

Жүгіреміз жауында.

 

Өлеңнің мазмұнын түсіндіру.

 

-Өлеңде не туралы айтылған?

-Музыка әуені арқылы табиғат құбылыс, дыбыстарын естірту

-Табиғат екіге бөлінеді

-Өлі табиғат жәнетірі табиғат

 -Өлі табиғатқа ауа, су, күн, жер,тау, тастар жатады.

-Тірі табиғатқа -адамдар, жануарлар, өсімдіктер жатады.

 

Балалар қоректенбейтін , тыныс алмайтын, ештеңені сезбейтін, өспейтін нәрселерді біздер өлі табиғатқа жатқызамыз.

-Балалар бізге Дымбілмес екі жасанды гүл әкеліпті оның өтініші бойынша 1-ші гүлінде сан түрлі сұрақтар бар екен, ал екінші гүлін жасанды гүлін сендерден оны топырақ салынған ыдысқа отырғызуды сұрайды.

Тірі бөлме өсімдіктермен жасанды гүлдерді салыстыру.

 

Ия дұрыс балалар бұл жасанды гүш ешқашан өспейді. Тірі бөлме өсімдігіне қараңдаршы қалай жайқалып бой көтеріп келе жатыр.

Бұл гүлдергеде күтім керек, оған су құю, түбін қопсыту, оғанда жарық, сәуле , ауа керек.

Егерде сендердіде ата-аналарың күтіп баптамаса, сендерге жақсы киім кигізбесе, жақсы тамақ бермесе сендерде бұлай үлкен болып өспес едіңдер.

Бұл гүлдердіде күту керек, оларды ескерту керек екен балалар.

Сендер сияқты өсімдіктер өміріндеде арнайы тәртіп сақталады. Дәні жерге түскеннен кейін, тамыр жайып өседі. Оны жаңбыр суарып, күн шуағы өсіреді. Ал өсіп үлкейгенде адамды табиғаттың түрлі құбылыстарынан жауыннан желден қорғайды, жемісін береді, ыстық күні көлеңкесіне демаламыз. Егер оған күн сәулесі жеткіліксіз болса , суармаса ол өсіпей қояды.

Ал балалар біздер мына бөлме өсімдігін топырақ салып ыдысқа отырғызып Дымбілмеске сыйға тартайық,

-Осы гүлдің күннен күнге жайқалып өсіп келе жатқанын және оған қандай күтім керек екенін білсін.

Енді балалар кішкене бір бойымызды жазып, сергітіп алайық

Орнымыздан тұрып бәріміз бірге:

Күн болып жанайық

Мөлдір су боп ағайық

Гүл болып жайнайық

Терең -терең домалап

Жүріп ,жүгіріп алайық.

 

Балалар мына Дымбілместің сұрақтарына кім жауап береді.

1. Табиғатқа байланысты қандай өлең білесіңдер?

2.Қызыл ,сары жапырақтар қай кезде болады?

3. Қандай мақал-мәтел білесіңдер?

4. Бір жылда неше мезгіл бар?

5. Өлі және тірі табиғатқа нелер жатады?

 

 

Ойын:"Жақсы -жаман" ойынын ойнайық.

Ойын ережесі: "Жақсы-жаман қасиеттер бейнеленген суреттерге қарап "Жақсы" қасиет болса қол шапалақтау "Жаман" қасиет болса тып-тыныш отыру.

 

Гүлдерге су құю

Ағаштарды сындыру

Құстарға жем беру

Құстың ұясын бұзу

Гүлдер жұлу

Құстарға ұя жасап беру.

 

-Балалар таңырқай қалады.

 

-Балалар Дымбілмеспен амандасады.

 

 

 

Ия

 

 

 

 

 

 

Жарайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Балалар жұмбақтың шешуін табады.

 

 

 

 

 

 

 

-Жоқ өмір сүре алмайды.

-Жан-жануарларғада, адамдарғада күннің сәулесі өте қажет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап береді

Жоқ ол ауасыз өмір сүру мүмкін емес

 

 

 

Балалар жаңа тақырыппен танысады

 

 

 

 

Өлеңді мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Зейін қойып тәрбиешіні тыңдайды.

Табиғат туралы айтылған

 

 

 

 

Балалар тәрбиешімен бірге өлі және тірі табиғатты қайталап айтып отырады.

 

 

 

 

 

 

Балалар бір -бірлеп Дымбілмеске жасанды гүл ешқашан өспейтінін айтады.

Себебі бұл жасанды гүлдің тамыры жоқ, ешқашан өспейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар бөлме гүлін ыдысқа отырғызып Дымбілмеске сыйға тартады.

 

 

Сондықтанда біз үнемі ағаштармен гүлдерді суарып, түбін қопсытып, гүлдердің жапырақтарын сүртіп отыруымыз керек.

 

 

Тәрбиешінің көмегіне жүгініп қимыл-қозғалыспен бірге қайталап көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

-Күз мезгілінде болады.

 

 

-Төрт мезгіл бар

Өлі табиғатқа ауа, су, күн, жер,тау, тастар жатады.

-Тірі табиғатқа -адамдар, жануарлар, өсімдіктер жатады.

 

 

 

 

 

 

 

-Балалар жаман-жақсы қасиеттерді айыра білді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексивті коррекциялауышы

Д /о: "Неден жасалған"

Ауа, су, жарық

Жарайсыңдар балалар біздер бүгін қандай тақырыпта сыр шерттік , таныстық

 

Егер сен табиғаттан бір зат алатын болсан, онда оған да бірдеңе бер. Ағаш отырғызу, бұлақтың көзін аш, құстарға жем бер, сонда ғана ол керемет және бізге пайдасы болады.

 

 

Тәрбиеші ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің соңында балаларға ертегі кітапшасын сыйға тартады.

Балалар қай заттың неден жасалғанын және оның адамға тигізер пайдасы туралы айтады.

 

Табиғат туралы таныстық

 

Балалар  оқу іс-әрекетіміздің соңында табиғаттың жолында аянбай еңбек ететіндіктерін және табиғатты аялап қорғайтындарын айтты.

 


 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Табиғатты аялайық!
Ауа
Жыл мезгілдері
«Құстар - біздің досымыз»
Табиғат-денсаулық мекені
Құстар біздің досымыз
Табиғат - досымыз
Кішкентай гномдар
Қысқы табиғатқа саяхат Оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
«Қыс қызығы».
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 36031 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык