|
|
Жабайы жануарлардың қысқы мекені.
Сабақтың тақырыбы: Жабайы жануарлардың қысқы мекені.
Сабақтың мақсаты: 1. Балаларды жабайы жануарлардың қысқы тіршіліктерімен таныстыру.
2.Балаларға логикалық тапсырмалар бере отыра олардың ойлау қабілеттерін дамыту,дүниетанымын дамыту.
- Жануарлар дүниесіне деген жылы сезімін ояту, оларды қорғауға,қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Жабайы жануарлардың суреттері.
Әдіс- тәсілдер:Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап және ойын.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Психологиялық сәт
Табиғат!
Тіршіліксің тұнып тұрған
Сен- күнсің
Көтеріліп күліп қырдан
Сен көлсің,Сен Ормансың,
Сен Бұлақсың
Адамды сұлулыққа құнықтырған
Балалар, бізде бүгін ерекше күн болғандықтан қонақтармен қатар Аққала да келіпті.Ол
жай келмепті сендерге тапсырмалар ала келіпті, тапсырмаларды кім жақсы орындаса
беретін сыйлығы бар.Сабақ соңына дейін бақылайды.
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Балалардың жауаптары.
-Қыста ауа-райы қандай болады?
-Адамдар қалай киінеді?
Ал, балалар біз бүгін сендермен жануарлардың қысқы мекенімен танысамыз.Ол үшін мен сендерге Аққаланың әкелген жұмбағын жасырайын.Жұмбақты шешемізде сабағымызды
әрі қарай жалғастырамыз.
Өзі айлакер қу, Қыста-ақ,
Жүрген жері у- да шу Жазда-сұр.
(Түлкі) (Қоян)
Өзіне болған қорған орман, Аузы бейне шалғы орақ,
Ішінде бар,бір аң қорбаң-қорбаң. Шөп емес, бірақ малды орады.
(Аю) (Қасқыр)
Сергіту сәті:
Әрбір аңға жеке тоқталып сипаттама беру.
Түлкі- қыста ауа-райы суық болғандықтан олардың тамақ табуы қиын болады. Оларда тоңады.Терісі бағалы,жыртқыш аң. Дене құрылысы ит пен қасқырға ұқсайды.Бірақ тұмсығы оларға қарағандаұзын, сүйріктеу келеді.Құлағы үнемітік тұрады.Олтүрлі құстарды ,кірпіні
аулап жейді.Олар өздерінің ұясында күн көреді.
Қоян- Қысты күні қар түстес болып қоян жатады.Оған да қыста тамақ табу қиын болған-
дықтан ағашты қабығын да жейді.Шөпқоректі жануар.Оның денесі ұзын,иілгіш,қарауға, секіруге икемді,құйрығы қысқа.Ұзын құлақтары дыбысты жақсы естиді.Жыл мезгіліне байланысты терісі өзгеріп отырады.Өте қорқақ аң.
Аю- терісі бағалы, ірі икемсізденелі жануар.Көру қабілеті төмен есту шүшесіне сүйенеді.
Қыста күн жылынғанша апанында ұйықтайды.Арасында далаға шығып келіп отырады.Тез жүгіре алады.
Қасқыр-күшті, батыр ержүрек жыртқыш.Үлпілдеген құйрығы мен аяқтары ұзын болып келеді.Терісі ашық сұр түстен қара түске дейін болады.Адармен әлсіз жануарлармен қоректенеді.
Логикалық тапсырмалар: 1.Бұлар ненің төлдері?
2.Айырмашылығын тап
- Артығын тап, қалғандарын бір сөзбен не дейміз?
4.Қандай өзгеріс байқап тұрсың?
Ойын:«Кім тапқыр?»
Сергіту сәті:
Жақсы көретін тамақтары жөнінде тоқталып өту.Бұлардың бәрі де орманда өмір сүреді екен.
Ойын: «Иә- жоқ»
шарты: Балаларға аңдардың түрсипатына немесе жейтін тамағына байланысты келесі сөйлемдерді айту ал балар болса дұрыс не дұрыс еммстігін айтып отырады.
1.АЮ-балмұздақ жейді. 4. ҚОЯН-шөп жейді.
2.ҚАСҚЫР-бал жейді. 5.АЮ-қорқақ
3.ТҮЛКІ-конфет жейді 6.ҚОЯННЫҢ –құйрығы ұзын.
Қорытынды:-Балалар бүгінгі сабағымыз сендерге ұнадыма?
- Біз бүгін сендермен қандай тақырыпта әңгімелестік?
-Олар қайда өмір сүреді екен?
Осымен сабағымыз аяқталды, бәріңде сабаққа жақсы қатыстыңдар аққаланың әкелген сыйлықтарын ала қойыңдар.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
|
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |