Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Біздің Отанымыз-Қазақстан


Біздің Отанымыз-Қазақстан

Сабақтың тақырыбы: Біздің Отанымыз-Қазақстан

Сабақтың мақсаттары:Жас ұрпақты Отанды сүюге,еліміздің рәміздерін қастерлеуге,бай-қуатты ел екендігін мақтан етуге,туған еліне,жеріне деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Қазақстан Республикасының картасы,Н.Ә.Назарбаевтың суреті,рәміздер,нақыл сөздер.

Әдіс-тәсілдер:түсіндіру әдісі,сұрақ жауап,ойын.

1.-Балалар,альфавитті пайдаланып реттік нөмерімен сәйкестендіріп,мына

шифрограмманы шешейік .Сонда мына сиқырлы сандардан сөздер шығады.

3 3 8 11 7 38  19 20 25 1  18  37 17 37  11 15 1 11 1 15 24 25 1 18

Біздің  Отанымыз-Қазақстан

1  24 25 1 18 1

А с т а н а

Жарайсыңдар,тапсырманы жақсы орындадыңдар.Бүгінгі өтілетін тақырыптың аты шықты.

2.Кіріспе әңгіме.

Бәрі болған қазақ сынды көне елде,

Ел белгі де,ерлік,өрлік,өнер де.

Жаһандағы ең жауынгер халықта,

Кім сенеді ту болмады дегенге?!

 

Батырлыққа уызынан жарыған,

Ер түркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын,өзі әнші халықта,

Кім айта алар болмаған деп Әнұран?!

 

Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға,

Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға.

Қалай оның елтаңбасы болмайды,

Түлігіне дейін салса ең-таңба?!-деп ақындарымыз жырлағандай,

халқымызда ұлттық Ту да,Әнұран да,Елтаңба да бар.

Республикамыздың рәміздерін құрмет рәсіміне шақырып,туымызды көтеріп тұрып

мемлекеттік әнұранымызды орындаймыз.

3.Ой ашар.

Әнұранның сөзін жазған кімдер?

Әнұранның сөзін жазған авторларының бірінің тегі.

Ел рәміздерінің бірі.

Қос пырақ бейнеленген ел рәміздерінің бірі.

Біз тұратын Республика қалай аталады?

Сөзжұмбақты шешу арқылы Отан сөзі шықты.

4.Ой шақыру.

-Сонымен Отан деген сөзді біз қалай түсіндік?

Туған жер Тараз

Атамекен  ОТАН  Қазақстан

Туған ел Астана

Сызба арқылы Отан деген сөздін мағынасын аштық.

5.Мың бір мақал сайысы.

а)Мұғалім мақалды бастап,оқушы жалғастыру қажет.

1.Отан оттан да-...

2.Отан отбасынан -...

3.Отансыз адам-...

4.Отанды сүю-...

ә)Айтылған мақалдардың мағынасын ашу.

5.-Балалар,енді қолымызды ұстап алақан жылуы арқылы бір-біріңе жылы лебіздер айтайық

Еліме тыныштық тілеймін!

Күніміз жарқын болсын!

Аспанымыз ашық болсын!

Нанымыз көп болсын,

Қайғымыз жоқ болсын!

Лебіздерің қабыл болсын,балалар!

Мемлекеттік рәміздер туралы әңгімелеу.Елтаңба,ту туралы жаттағаң оқушылардың тақпақтарын тыңдау.

1-оқушы

Тәуелсіздік жолында!

Талай,талай тер тамған

Билігіміз қолында-

Еркіңдігім-Елтаңба.

2-оқушы

Құт,береке,шаңырақ,

Орын алған ол төрден

Қанатты қос арғымақ

Екі жақты көмкерген.

3-оқушы

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды.

4-оқушы

Көк байрақтың бетінде

Қыран бүркіт қанатты

Сол қыраңдай еркіндеп,

Бала өседі талапты.

 

6.Мынау-Мемлекеттік ту.Тудың түсі аспанның түсіне ұқсайды.

Көк аспандай көгілдір,ортасында күн шуағы,астында қыран бүркіт ұшып келе жатыр.

Қазақстанда тұратын барлық халықтардың өмірі күндей жарқырап,қыран бүркіттей самғай берсін дегенді білдіреді.

Елтаңба.Елтаңбада шаңырақ,күн сәулесі,бес бұрышты жұлдыз,ал төменгі

жағында Қазақстан деген жазу бар.

7.Ойын кім жылдам?

Орысша сөздерді айту,балалар қазақшасын айтады:

Родина,Герб,Флаг,занятие,воспитатель,шторы и окна,ручка,тетрадь,книга,Независимость,

садись,здравствуйте,до свидания,цветы,зима,детский сад,цветные карандаш,

спасибо,кукла.

8.-Қазір біз сендермен «Кім тапқыр?» ойынын ойнайық.

Сендерге жалаулар таратып береді,сендер жалаудың мемлекетін атаңдар.Президенті кім?

9.Тест

1.Біздің Республикамыз қалай аталады?

а)Қырғыстан; ә)Қазақстан; б)Өзбекестан.

2.Жалаудың жобасын жасаған кім?

а)І.Жансүгіров; ә)Т.Молдағалиев;   б)Ш.Ниязбеков.

3.Еліміздің рәміздеріне нелер жатады?

а)Әнұран,Ту,Елтаңба, ә)Ту,карта,елорда; б)Елтаңба,шекара,әң.

4.Елтаңбаның авторы кім?

а) М.Әлімбаев, Т.Молдағалиев, Қ.Мырзалиев, Ж.Дәрібаева;

ә) М.Әуезов, Ф,Оңғарсынова; Ж.Мәлібеков;

б) Қ.Сәтпаев.

10.Қорытындылау ,тәрбие сағаты туралы пікір.

Хор Менің Қазақстаным.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Жаса,жайна ,Қазақстан!»
Мемлекеттік Рәміздер
Менің Отаным - Қазақстан.
Мемлекетті рәміздер.
Мемлекеттік рәміздер –ұлт мақтанышы.
Мәтінді пішімдеу
Мемлекеттік рәміздер -ұлттық мақтанышым
Менің отаным – Қазақстан!
Қазақстан-ортақ үйіміз
Шағын жинақты мектептердің 3,4-сыныптарына арналған қазақ тілінен сабақ
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 4571 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык