|
|
«Тәуелсіздік - ынтымақ».
Мақсаты: Осы тақырыппен өткізілген сабақта балалардың өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, ол үшін тәуелсіз Республиканың рәміздері туралы білу, оларға құрмет көрсету туралы үйрету. Соған қоса балалардың ойлау қабілетін өсіру, тақпақтарға қызығушылығын, сөздік қорын, тіл байлықтарын байытуға мән беру.
Көрнекілікті құралдар: Қазақстан мемлекетінің рәміздері, Астана қаласының көрікті ғиматар суреттері.
Әдіс-тәсілдер: Әңгімелесу, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы: Шаттық шеңбер.
Аспанымыз ашық болсын,
Деніміз сау болсын.
Бір-бірімізбен дос болайық.
Тату тәтті болайық.
-Тәрбиеші: Балалар, бүгін біздің сабағымыздың тақырыбы «Тәуелсіздік-ынтымақ»-деп аталады.
-Балалар, біздің Республикамыз қалай аталады! Біз қай Республикада тұрамыз-?
- Қазақстан Республикасында-деп жауап береді.
-Дұрыс айтасыңдар. Біздің Республикамыз Қазақстан деп аталады.
Олай болса біз сабағымызды Еліміздің мағыналы ән ұранымен бастайық.Орындарынан тұрып ән ұранды тыңдауы,айтуы.
-Қазақстан қандай Республика-?
-Егеменді тәуелсіз Республика.
-Еліміздің астанасы қандай қала-?
-Астана қаласы деп аталады.
-Ал өзіміз туған қаламыз қандай-?тана қаласы туралы кім тақпақ айтады.
-Жақсы балалар, суреттегі Астана қаласының әдемі химараттарын қарайық.
Балалармен суретті әңгімелеу.
- Балалар Астана қаласы туралы кім тақпақ айтады-?
1Арман: Астана арман қала,
Бағы бір жанған қала.
Біз оны анамыздай,
Сүйеміз шынында да.
2.Анель: Алматы бас қалам,
Астана жас қала.
Бірің ай, бірің күн,
Өзіңмен шаттанам.
Балалар Республикамыздың қандай рәміздерін білесіңдер, еске түсірейік.
Рәміздер тұрған бұрышқа балаларды апару,әңгімелеу.
- Ашық аспандай көгілдір туымыз бар.
- Айбынды ел таңбамыз бар.
3.Мағыналы ән ұранымыз бар.
- Елбасы, тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Балалар көрдіңдерме бізде қандай тамаша рәміздер бар.
- – Балалар, Қазақстан Республикасы біздің туған жеріміз, туған еліміз, оны тағы басқаша қалай атаймыз-?
-Отанымыз.
-Өте дұрыс.
Ал отан туралы кім тақпақ айтады.
1.Бауыржан: Отан сенің ата-анаң,
Отан досың бауырың.
Отан өлкең, астанаң,
Отан аудан, ауылың.
- Аққу: Отан деген-атамекен,
Отан деген туған жер.
Отан-ана, Отан-үлкен,
Қазақстан туған ел.
- Әмір: Апамыздай тілеуі-ақ,
Отан бізде біреу ақ.
Ол біздің Қазақстан.
Тамаша балалар қандай әдемі Отан туралы тақпақтар білесіңдер.
- Ендігі кезекте «Кім бірінші» деген ойын ойналады.
Ойын мақсаты: балаларды шапшаңдыққа, байқағыштыққа, ойын ережесін дұрыс сақтауға үйрету.
- 7. Ойын аяқталысымен балалар Қазақстан жалауындағы күннің суретін жапсыру жұмысына кіріседі.
Сабақ соңында тәрбиеші балалардың еңбегін мадақтап, әдемі жапсырған суреттерін үлгі етіп көрсетеді.
- Тәрбиеші: Бүгінгі егеменді еліміз Қазақстан Республикасы мерекесіне арналған сабағымыз аяқталды.
-Балалар қонақтармен қоштасайық. Сау болыңыздар!
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |