Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып |
Көрсетілім: 6061 |
|
|
|
Аңдар
Сабақтың тақырыбы: Аңдар.
Мақсаты:
1.Оқушыларға жануарлар әлемінің алуан түрлі болатынын ұғындыру.Аңдар туралы түсінік беру.
2.Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3.Қамқорлыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, электронды оқулық.
Сабақтың әдісі: түсіндіру,ой-қозғау,сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру:
«5» болсын алар бағамыз
Білімнен бақыт табамыз
Мақсатымыз білім алу
Міндетіміз еңбектену
ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау:
1.Өсімдіктер қандай табиғатқа жатады?
2.Өсімдіктер неше топқа бөлінеді?
3.Өсімдіктердің өсуіне не қажет?
4.Өсімдік мүшелерін ата.
5.Өсімдіктер қалай көбейеді?
ІІІ.Жаңа сабақ.
Жаңа сабақ электронды оқулық арқылы ашылады. Оқушыларға электронды оқулықта айтылған мәліметтер бойынша сұрақтар қойылып,жаңа сабақ пысықталады.Мұғалім қосымша түсіндіріп өтеді.
Ой-қозғау.
Қандай аңдарды білесіңдер? Оқушылар топтастырып шығады.
ІҮ. Оқулықпен жұмыс.
Тақырыпты мәнерлеп бір оқушыға оқыту.
Кезек-кезек оқыту.
Сәйкестендір:
Қасқыр қонжық
Қоян бөлтірік
Аю көжек
Есіңе сақта!Жойылып бара жатырған аңдарды Қазақстан Республикасының қызыл кітабына енгіземіз.Қызыл түс қауіп қатердің белгісі.Бұл кітап өсімдіктер мен жануарлардың жер бетінен жоғалып құрып кету қаупі төнгенін ескертеді.
Кім тапқыр? Жасырын аңдарды табу т.б
Сергіту сәті
Аңдардың қимылын,дауысын салу.
Кім көп біледі? Дәптермен жұмыс.
Оқушылар өздерінің білетін аңдарын жазу.
Бұл қандай жануар?
1.Қу айлакер аң не? (түлкі)
2.Аң патшасы не?(арыстан)
3.Қорқақ аң не? (қоян)
4.Жыртқыш аң не? (қасқыр)
5. Сүйкімді аң не? (тиін)
Ү.Қорытынды: Артығын тап.
Жабайы аңдар мен үй жануарларының ішінен артығын табу. Артығы үй жануарлары.Себебін түсіндіріп кету.
ҮІ.Үйге тапсырма:Оқу. Аңдардың суретін салу.
ҮІІ.Мадақтау
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |