Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Аяз би» ертегісінің тәрбиелік мәні


«Аяз би» ертегісінің тәрбиелік мәні

«Аяз би» ертегісінің тәрбиелік мәні

Сабақтың тақырыбы: «Аяз би» ертегісінің тәрбиелік мәні

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік – «Аяз би»ертегісі бойынша алған білімдерін тексеру, ертегіден тәрбиелік ғибрат беру, қорытындылау;

ә) дамытушылық – логикалық ойын дамыту, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, тіл байлығын жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін шыңдау;

б) тәрбиелік – адамгершілік, инабаттылыққа, үлкенді сыйлауға, сөз қадірін түсіне білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қорытынды сабақ.

Әдіс-тәсілі: ассоциация құру, араласқан жоспар, сұрақ-жауап,

Көрнекілігі: оқушылардың таным қабілеттерінің даму деңгейін анықтауға бағытталған тапсырмалар, интерактивті тақтада слайдтар.

Сабақ барысы.

Ұйымдастыру: а) Сәлемдесу.

ә) Түгендеу. Оқушыларды  3 топқа бөлу. «Астана», «Бәйтерек», «Елорда»  деген топ аттарын қойып, ол атауларды тұратын өлкемен байланысын атап өту, топбасшыларын  тағайындау.

          Сабағымыздың басын бір-бірімізге деген жылы лебізбен, бүгінгі сабақта бәрімізге күш-қуат беретін сөздермен бастасақ деп отырмын. Берілген әріптерден басталатын сөздер айтуымыз қажет. Бұл бізге алдын ала ой қозғау, шабыт берер сөз десек те болады.

1  2  3  4  5

 Б А Қ Ы Т – береке, адалдық, қуаныш, ынтымақшылдық, табыс.  (3 мин)

-         Балалар, бүгінгі сабақта біз «Аяз би» ертегісін қорытындылап, осы ертегіден қандай тәлім-тәрбие алатындығымызға бойлайтын боламыз. Ең әуелі жақсы мен жаман деген сөздердің мағынасын қалай түсінетіндеріңді білгім келеді?

-         Ертегінің бас кейіпкері жаман ба? Ол хан болуға лайық па?

-         Оған «Аяз би» деп ат қоюда қандай мән бар?

Тарихи аңыздарға қарағанда, Аяз би Арал теңізі жағасында өмір сүрген. Оның тарихи адам екендігін Арал теңізінен 200 шақырымдай жерде табылған «Аяз» қаласының орыны да дәлелдейді. Аңыздар бойынша Аяз әуелі ханға уәзір, кейін өзі хан болып, ел басқарған. Аяз биге қатысты аңызда аталатын «Барсакелмес» деген жер Арал теңізінде орналасқан.

Білу. Ұжымдық тапсырма. 5 мин.

«Бәйге» ойын стратегиясы. Әр жауапқа 1 ұпай.

1-топ.

1. Ертеде кім деген хан болыпты?

2. Хан уәзірлеріне қандай тапсырма беріпті?

3.Хан оларды табуға қанша уақыт берді?

4. Тастың ішінде  не болды?

5. Уәлидің қызы кім?

6. Қыздың жасы нешеде?

7. Хан Жаманды қайда жұмсады?

8. Жаман не үшін «Аяз би» деп аталды?

2-топ.

  1. Ханның неше уәзәрә болыпты?
  2. Хан Жаманғңа қандай тағам бергізді?
  3. Жаманның жасы нешеде еді?
  4. Жаман тұлпардың неге шатыс екенін айтты?
  5. Қандай тастың қасиеті неше жылдан кейін бітеді?
  6.  Ханның шешесі неше жаста?
  7. Байлығы мен елдігі ханға парапар кім?
  8. Қырық уәзір Жаманды неше күншілік жолға шығарып салды?

ТҮСІНУ. Топпен жұмыс

Шығарма мазмұнына сай құрылған жоспар тараулары араластырылып жіберіледі. Оқушылар жоспар тарауларын дұрыс орналастыру керек.

 4-ұпай беріледі.

  1. Жаманның жақсы мен жаманды айыра білуі. 2-тарау
  2. Жаманның сертке берік болуы. 5-тарау
  3. Жаманның Барсакелмеске баруы. 7-тару
  4. Құстың, шөптің, адамның жаманын табуға ханның уәзірлерін жұмсауы. 1-тарау
  5. Хан тағына отырған Жаман. 10-тарау
  6. Ханның Жаманды уәзір етуі. 3-тарау
  7. Меңдінің Жаманды таңдауы. 4-тарау.
  8. 40 уәзірдің хан мен Жаманды араздастыруы. 6-тарау.
  9. Хан сөзін шеше алмаған уәзірлердің Жаманға келуі. 8-тарау.
  10. Ханның Жаманды сағынуы. 9-тарау.

СӘЙКЕСТЕНДІРУ. Берілген мақал-мәтелдерді жоспардың тараулары бойынша сәйкестендіру. 4 ұпай.

  1. Құстың , шөптің, адамның жаманын табуға ханның уәзірлерін жұмсауы. Есірген хан елді ермек етер.
  2. Жаманның жақсы мен жаманды айыра білуі. Ащы мен тұщыны татқан білер. Алыс пен жақынды жортқан білер.
  3. Ханның Жаманды уәзір етуі. Ақыл – елдің қорғаны.
  4. Меңдінің Жаманды таңдауы.  Кедейлігіне қарама, кісілігіне қара.
  5. Жаманның сертке берік болуы. Серітке берік бол, Досыңа серік бол.
  6. 40 уәзірдің хан мен Жаманды араздастыруы. Арсыз адам жала жауып аздырады, Ақылды адам жол тауып оздырады.
  7. Жаманның Барсакелмеске сапары. Жігітке жар қымбат, Наымс пен ар қымбат.
  8. Ханның өтірігіне – Жаманның жауабы. Түстік жерге өтірік айтсаң, кешке артыңнан барады.
  9. Ханның Жаманды сағынуы. Ескі дос естен кетпес.
  10.  Хан сөзін шеше алмаған уәзірлердің Жаманға баруы. Алдыңа келсе атаңның құнын кеш.
  11.  Ханның қырық уәзірді жолға салуға тапқан ақылы. Жақсы ісіңнің артында сауабы бар, Зұлымдықтың артында жауабы бар.
  12.  Жаманның арсыз уәзірлерді хан жазасынан құтқаруы. Арын сатқан ер оңбас, Ажарын сатқан сері оңбас.
  13.  Хан тағына отырған Жаман. Ақылды жетер мұратқа, Ақылсыз қалар ұяқа.

ҚОЛДАНУ Топтық жұмыс 10 мин. \7 ұпай\

 

1-топ. Нақыштап оқу, рөлмен оқу.

       1-диалог. Хан мен Жаман.

       2-диалог. Қойшы мен шал.

       3-диалог. Хан мен уәзір.

 

ЗЕРТТЕУ. Талантты, дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс.

7 мин. Жеке оқушылармен жұмыс. 10 ұпай.

Географ. Аяз биге қатысты аңызда аталатын «Барсакелмес» деген жер Арал теңізінде орналасқан.

Лингвист. Шеңгел.  І. Гүл шашатын тікенекті бұта.

ІІ. Саусақтарды жартылай бүккендегі алақан аясы. Шеңгелмен сығымдап ұстау, бүру.

Биолог.

Этнограф. Күлдіреуіш –шаңырақ уығының үстінен түндікті көтеріп тұратын, түтін шығып, жарық түсу үшін айқастыра бекітілген ағаш, шаңырақтың керегекөз боп түйісетін шыбықтары.

Бекіту.  3 ұпай.

Өзінің ақылдылығымен, парасаттылығымен, тапқырлығымен елге жағып, халықтың қалауымен хан болған Аяз би неге өзін жаманмын деп есептеді?

Топтастыру стратегиясы бойынша ертегінің тәрбиелік мәнін ашу.

 

МОДЕЛЬДЕУ.Ертегідегі кейіпкерлерге немесе жалпы ертегінің

моделін жасау

 

Үйге тапсырма: «Жаманға хат» жазу

Бағалау. Парақтар бойынша бағаларын қою.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жақсы деген немене, Жаман деген немене.
«Аяз би» ертегісі
Керқұла атты Кендебай ертегісі
Есім хан тұсындағы қазақ хандығы
Қазақ хандығының мемлекеттік-әкімшілік құрылымы
Тәуке ханның билігі және “Жеті жарғы”
Қасым хан
Аяз би ертегісі бойынша тестік жұмыс
5 сынып. Аңыз әңгімелер
«Аяз би» ертегісінің тәрбиелік мәні презентация
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 13619 | Қосты: Сарсембекова Лаура Жолмұхаметқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык