Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Аймақтар аламаны


Аймақтар аламаны

Аймақтар аламаны

Мақсаты: Оқушыларды қазақ халқының сан ғасырлық тарихынан мәлімет беру, тәуелсіз 
еліміздің жетістіктерімен, халқымыздың біртуар ұлдары туралы шежіре мен деректер таныстыру. Отан сүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу.
Түрі: Сахналандырылған деректі фильм.
Көрнекіліктер:  Компьютер, слайдтар тізбегі (22), плакат, шарлар, гүлдер.
Барысы:
Слайдпен Қазақстанның жері, территориясы, шекарасы, қалалары көрсетіледі.
 
1-жүргізуші:
І. Армысыздар, құрметті ұстаздар мен ата-аналар, оқушылар! Біздің «Аймақтар аламаны» атты өлкетаныту додасына қош келдіңіздер.
 
2-жүргізуші:
1. Қазақтық ұлттық батыры Бауыржан Момышұлы кезінде «Отан үшін отқа түс, - күймейсің» деген. Өйткені Отан-қасиетті ұғым. Отанымызға, туған халқымызға адал қызмет ету, салт-дәстүрін сыйлап, ән-күйін шерту – біздің азаматтық борышымыз. 
1-жүргізуші:
 Атыңнан айналайын, егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы келе берер.
Қазақ жері бір шетінен екінші шетіне дейін құс қанаты талатын ұлан-ғайыр кең өлке. Ол солтүстігінде Ресеймен, Шығысында Қытай халық Республикасымен, ал батысында Әзірбайжан Республикасымен шектеседі. Қазақ жері кең байтақ, табиғаты да әр алуан.
 
2-жүргізуші:
 Қазақстан территориясы бойынша дүние жүзінде 9-орын алады, ал ТМД елдері бойынша 2 –орын алады.Қазақстанның жер аумағы 2,7 млн. шаршы шақырым. 
Қазақстан үшін әр аймақтың алатын өзіндік орны, республикамызды көркейту үшін қосар үлесі өте зор.
Алматы-жері жайсаң облыс,
Ақтөбе-өлке ақ тарысы-мол ырыс.
Атырау-мол қазақтың мұнайы.
Жамбыл-жайлау, қазыналы шұрайлы.
Жезқазған-кен, бұзылмаған аймағы.
 
1-жүргізуші:
 Көкшетау – көп-көгілдір көл аймағы,
Қарағанды-қара алтынның қоймасы,
Қостанай-құт қызыл бидай қымбат,
Қызылорда –күрішті сыр саласы,
Орал-көне Ақ Жайықтың жағасы.
Астана –Арқада ыстық алқабы,
Шымкент-ыстық оңтүстігімнің мақтаны.
 
2-жүргізуші
Өскемен-өр шығыста Алтай алып,
Павлодар-қара Ертістің саясы,
Қызылжар-солтүстігім арманым,
Семей-аңыз, Шыңғыстаудай қорғанды,
Талдықорған-жер жәннат, көп бағы.
 
1-жүргізуші:
Отанды біз Атамекен
Деп аялап айтамыз,
Өйткені оны мекен еткен,
Бабамыз бен атамыз.
Отан деген –Атамекен.
Отан деген –туған жер.
Отан-ана
Отан үлкен
Қазақстан туған елі.
 
2-жүргізуші: Бүгінгі сайысымыздың щарттарымен таныс болыңыздар.
1-шарты-  «Туған жер –алтын бесік» Өлкені таныстыру
2 шарты- «Өлке тарландары» өнер сайысы
3 шарты- «Тылсым құпиясы »    таңағалдыру сайысы
4 шарты – «Білімді мыңды жығар» сұрақ- жауап
5 шарты- «Күш атасын танымас» күш сынасу.
6-шарты- Күй өнері
2-жүргізуші:  Олай болса сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз
 
 1-жүргізуші: мол қазақтың мұнайы- Батыс Қазақстан облысы
 
 Жанға  жайлау, қазыналы шұрайлы –Оңтүстік  Қазақстан облысы
 
 Несібесі көктен, ырысы жерден – Шығыс Қазақстан  облысы
 
Қара алтынның қоймасы -Солтүстік Қазақстан
 
 
Енді мына сандықтың ішінде нөмірленген қағаздар ораулы жатыр. Топ басшыларыңыз келіп таңдап алыңыз, алған нөміріңіз  сіздің сайыста шығатын саныңыз болып табылады.
 
1-жүргізуші:
Кең жазира құтты мекен – гүлістан.
Арай таңым, бақыт берген шығыстан.
Қасиетті анам - өзің, туған жер.
Бабалардан келген мұрам-Нұрстан- дей отырып өлкелерді  ортадан шығарып саламыз.
 
2-жүргізуші
Бүгінгі күн – бейбіт елдің  той күні,
Жарқын тілек  жан көркейтсін бұл күні.
Қазағымның бар қасиеті көрініп,
Күй төгіліп, болсын қызық жыр күні.
5 «в» сынып оқушыларын қазақ биімен қарсы алыңыздар
1-жүргізуші:
     Бүгінгі сайыста «Дарындылар додасы» бойынша сайыскерлерімізді ортаға шақырайық. Себебі олардың ұсынатын туындылары осы жерде жасалып, салынып басталып, сайыстың соңына дейін аяқталуы керек.
 
2-жүргізуші
Ел тарихы, жер тарихы өзіміз,
Болашақтың қасиетті көзіміз.
Барлық ұлтпен бауырласып жетерміз,
Ақ, қарасын біліп тұрса сөзіміз -дей отырып өз өлкелерін таныстыру үшін сайыскерлерді кезекпен ортаға шақыруға рұқсат етіңіздер.
-Астана қаласы
-Алматы қаласы
-Маңғыстау облысы
 -Қызылорда облысы
1-жүргізуші:
Сайысымыздың келесі шарты  «Өлке тарландары» өнер сайысы. 
-
-
-
-
Сайысымыздың 4 шарты – «Білімді мыңды жығар» сұрақ- жауап. Әділқазы алқасының алдында түрған сандықшадан сұрақ алып, жауап беріңіздер.
5 шарты- «Күш атасын танымас» күш сынасу. Әр өңірден келген спортшыларымызды ортаға шақырамыз.  
Сайыскерлерімізді шығарып саламыз. 
Осымен бүгінгі сайыстарымыздың шарттары бітті.
Енді әдәлқазы алқасының шемімі шыққанша Бөлек Аяжанның орындауындағы унді қаьыл алыңыздар.
 
  1-жүргізуші:  «Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында.
Жерге жетер байлық жоқ. Жер болса ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. Біздің отанымыз – егеменді, тәуелсіз, қазақ мемлекеті. Қазақстан  ХХІ ғасырға нық қадам жасап, игілікті жаңғырулар жалынды едәуір ілгері басты. Бүгінгі таңда бүкіл халықтың, барша жұртшылықтың және ел басшылығының өркениеті тұрақтылықты, азаматтық дінаралық және ұлтаралық татулықты сақтауға, мемлекет аумағының тұтастығы, шекарасының мызғымастығын қамтамасыз етуге, экономикалық өрлеуге, көршілермен және әлемдік қоғамдастықпен жемісті ынтымақтастыққа бағытталып отыр.
 
    1-жүргізуші:    Қазақстан – татулықтың, достықтың, бірліктің киелі бесігі. Түрі, тілі, діні бөлек болғанымен, жүрегі «Қазақстан –туған жерім, Отаным, алтын ордам» деп соғатын 130 ұлттан астам Халық тұрып жатыр. 130-дан аса ұл өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет, дархан дастархандай- далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші арбір адам өз Отанын жаныдай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Қазақстан алуан түрлі ұлттардың мәдениеті мен салт-дәстүрін тоғыстырған кең байтақ өлке.
 
 
2-жүргізуші Елдің болашағы да, өрлеуі де бүгінгі жас ұрпақ сіздердің қолдарыңызда. «Ел үмітін ер ақтар, ер үмітін ел сақтар» демекші ел үмітін ақтау сіздермен өлшенбек. 
 
ХХІ ғасырда Қазақстанда бейбітшілік, елімізде тыныштық болып, егеменді елдігіміз ұзағынан сүйіндірсін

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Отаным-атамекен
Тәуелсіздік таң нұры (әдеби – сазды кеш)
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне арналған патриоттық әндер сайысы
Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ
Тілім менің тірлігімнің айғағы
Тәуелсіздіктің құнын ұмытпайық
Тәуелсіздігім-мерейім!
" Заттың атын білдіретін сөздер" " Көктем аруы-2015"
үлгілі отбасы
Күн нұрындай нұрланып, әлемге өзін танытқан Тәуелсіз елім – Қазақстан!
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 2278 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык