Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Бастауышпен қоштасу


Бастауышпен қоштасу

 

Бастауышпен қоштасу

абақтың мақсаттары: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру. Мектепті яғни, білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.Ата-анасының, Отанының адал ұл-қызы болуға жетелеу, тәрбиелеу. Ақыл,ой өрісін дамыту. Бастауыш сыныбымен, білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздарымен қоштастыра отырып, жоғарғы сынып мұғалімдеріне әр баланы өз ерекшелігімен таныта отырып, сәт сапар тілеп табыстау.

          Көрнекілігі: жазылған сөздер:

          «Бастауышым- балбұлағым» - тақырып.

          «Бастауышым –бастамам» - көрме тақырыбы.

          «Білім кілті – бастауышта» - газет,бүктеме тақырыбы.

          «Өнерлі бала -сүйкімді» - көрме тақырыбы.

          «Қына тасқа бітеді,

          Білім басқа бітеді.»

          «Оқусыз – білім жоқ,

          Білімсіз – күнің жоқ»

          «Оқу- білім бұлағы,

          Білім- өмір шырағы.»

          «Жер байлығы көп екен,

          Меңгеруді қалайды.

          Осының бәрін білдірген

          Табиғаттану сабағы»- деген жазумен табиғаттанудан жасаған балалардың гербарийлері, табиғат тамашаларынан жинаған заттары.

          Мұғалімнің кіріспе сөзі:

          Құрметті ата- аналар, ұстаздар, оқушылар!

          Сіздер «Бастауышым – балбұлағым» атты бастауышпен қоштасу тойына жиналып отырсыздар. Қадамдарыңыз құтты болсын!

Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық

4- сынып оқушыларын ортамызға!

 

Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.

Алдарыңызда тұрған балалар осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балдырғандар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш  сыныпты білім алып, аяқтап,жоғарғы сыныпқа өткелі отыр. «Талаптарына нұр жаусын» деп ертеңгіліктерін ашуға рұқсат етіңіздер.

          Сахнада: Бекболат Тілеухановтың «Елім менің» ән күй табақта ойналып «Бастаушылар» тақпағы кезінде ақырын естіліп барып тоқтатылады.

  1-бастаушы:

Армысыздар,мұғалімдер, әз жандар! Білім іздеп инемен құдық қазғандар.Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан.Өмір деген үлкен жолда тарландар.

Бүгін міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ әніменен жырына тарландарым сал құлақ.

Кеше сәби,бүгін міне, жас ұлан

Лаулап жансын болашағың шамшырақ.

          2- бастаушы:

          Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

          Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.

          Алдарыңызда жауқазындай құлпырған

          Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

          Қош келіпсіз,өр тұлғалы әкелер,

          Қыран құстай болашағын мәпелер.

          Бүгін міне,бастауышпен қоштасады

          Азамат боп, кешегі сәби-еркелер.

       Бастаушылар қосыла Қош келіпсіздер,құрметті қонақтар!

          Хормен:Мектеп – кеме,Білім-теңіз,

                        Барар жолға тез жетеміз.

                        Адаспаймыз ұлы жолда

                        Ұстаз берген білім қолда.

1- бастаушы:

«Мектеп – білім»  кемесін

Басқарып бүгін  келесіз.

Ата-ана, ұстаз, балаға

Ақ  жарқын  сәлем  етесіз.

Шақырып едік, келдіңіз,

Сөз кезегін  береміз.

ортаға мектеп директоры: Ажар Жансұлтанқызын шақырамыз

(Құттықтау  сөз  мектеп  басшыларына  жолданады)

                                                  ► «Жас  әнші» - Ахметова Дильназ

 ► «Өнерлі оқушы» - Сеитов Тамирлан

                                  ► «Жас биші»  Испергенова Жұлдызай атағын  табыс  ету.

► «Жас спортшы» Сагитуказ Тамерлан

                                            ► «Жас  суретші»  Кабдулов Алмаз

► «Салмақты  оқушы»- Кендаулетова Диана

                                      ► «Жас  есепші»  Смагул Мырзакмет атағын  табыс  ету

2- бастаушы:

 Ахметова Дильназдың орындауында Ән. " Шашу"- қабыл алыңыздар

Ата-аналар шашу шашады:

Шашу, шашу шашайық,

Ақ сандықты ашайық,

Бұл мереке бұл тойдың,

Бастаңғысын жасайық.

         Тамерлан:

         Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны

         Айқара есік ашып тастағаны

         Бір мереке думан боп осы маңда

         Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.

         Енді міне, сағымдай боп өте шықты

         4 жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті,

         Ұстаз ана жасады мына бізден

         Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.

Жұлдызай:

          Үйретіп бізге алғаш әліппені,

          Ұстазым ғылымға жол салып берді.

          Адамның ой-арманы мақсаттары,

          Оқудың сәулесімен жарық көрді.

Тамирлан:

           Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,

           Алфавитті алғаш сенен жаттадым.

           Ұстаз- ана естен кетпес мәңгілік,

           Мейіріммен жаурынымнан қаққаның.

 Дильназ:

           Жүзің жылы, құшағың кең

           Сенен түлеп ұшамын мен.

           Өзің берген біліміңмен                  

           Биіктерге шығамын мен

 Мырзакмет:

             Байсалды мінезіңнен бір қалыпты,

             Менің де көкейімде із қалыпты.

             Ұстаттың қағаз, қалам қолыма өзің

             Ерінбей үйреттің де әр әріпті  .

Диана:

            Ақылшы асыл ұстазым

            Өзіңе мен де ұқсармын.

            Жеткенше қайрат күш-әлім

            Биікке самғап ұшармын.

Балалық шаққа саяхат - Жұлдызай

 

2-бастаушы:

Қонақ деген ырысың мен мерейің

Енді аяңдап қонақтарға келейін

Сол кісілерге сөз кезегін берейін.

ата-аналар балаларыңызды құттықтап жіберсеңіздер

Жұлдызай:Армысың сен , алтын ұя мектебім

Саған айтар жыр- алғысым көп менің

Жүректерге жаққан білім шырағын ,

Мектебіме арналады бұл әнім!

Тамирлан : Дұрыс айтасың Жұлдызай! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші.Менің атам да, әжем де , әкем де, анам да , енді мен де мектептен тәлім алудамын.

Жұлдызай: Олай болса Тамирлан  алтын ұя мектебімізге,Отанымызға  арнап ән шырқайық!

Ән: Атамекен.

1-Бастаушы

Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата- анамыз. Қатарымыздың теңі болып , тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де  сол кісілердің арқасы.

 Сондықтан ата-аналарымызға мың алғыс айтып, бас иіп, алғыс хатымызды табыс етейік. (Ата салты бойынша бас ию үлгісін көрсету

.2- Бастаушы:

Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып,елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін! Балалар, Бізді болашаққа не бастайды?

Хормен:

Ұстаздың көрсеткен жолы

Ата-ананың ақылы

Болашаққа деген сенім.

"Өзбек биі"- қыздардың   орындауында

 

1- Бастаушы:

Ұстаздар жаққан шырақты

Өшірмейік, балалар.

Бәрін-бәрін білесің

Оқи берсең кітаптан, - дей келе ана тілінен оқыған «Кітаптар мұңы» әңгімесінен сынып балаларының көрінісін тамашалаңыздар.

2- Бастаушы:

Бүгінгі біздің тойымызға 1-3 сынып оқушылары келген екен ендеше қонақтарға сөз берелік. Ду қол шапалақтап қарсы алайық.

Тамерлан:

Бастауышым-бастамам

Білім жолын бастаған.

Білім шыңы биікте,

Беліңді бу жас данам.

 

1-Бастаушы:

Бірдей біздің  ойымыз да , сырымыз,

Бір мектептің ұлы менен қызымыз.

Бірдей өстік оқуда да еңбекте,

Күліп – ойнап, мерекеде ән салып. дей отырып сөз кезегін

Диана мен Дильназға берейік Ән"Бала тілегі " -

 

2-Бастаушы:

Бздің  халық  ұл  тілеген:

Шаңырағын  ұстайды  деп  атаның,

Шығарар  деп  ер  бабаның  атағын.

Толықтырып  әскерінің  қатарын

Қорғайды  деп  Отанын.

деп ортаға "Тиктоник" билейтін ұлдарыңызды шақырайық

 

1-Бастаушы:

Шәкірттердің тыңдап жауап сұрағын

Жас санаға төгіп білім шуағын.

Хат танытып, жол сілтеген өмірге

Барша жанға құрметті жан- мұғалім.

 

Ұстаз сөзі: Қанаттарың қатайды

                   Биікке енді самғаңдар.

                   Білім жолы – сара жол

                   Ізденіңдер, талмаңдар.

.

Хормен:

Қош бол, балғын балалық,

Қош бол, сүйікті бастауышым!

 

Ән (хормен) «Алғашқы ұстазым».

2- бастаушы:  Біз 4 «к» сынып ұлдары мен қыздары  ұстаздар мен ата-аналарымыздың алдында бұдан былай да мейірімді, тәртіпті, шыншыл болуға, бүгінге дейін алған білімімді одан әрі толықтыруға, өзімізге білім берген ұстаздарымызды ұмытпауға,  өз Отанымызды сүюге

АНТ ЕТЕМІЗ! АНТ ЕТЕМІЗ! АНТ ЕТЕМІЗ (барлығы бірге айтады)

"Достық биі"

 Мұғалім сөзі Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі той тағы да қайырлы, құтты болсын. Балалар әркез биіктен көрініп барлығымызды қуанта берсін

 

Жұлдызай: Ән ұстазым

 

         Мұғалім: Бастауыш мектеппен қоштасу салтанатын аяқтай келе, 4 сыныпты сапалы білімдерімен аяқтаған оқушыларыма жоғары сыныпқа барғанда да осы сапалық құрамын сақтап, үнемі жақсы оқуымызбен,  болашақ Тәуелсіз еліміздің тірегі болар азамат боп өсіңдер деп тілек білдіремін.

 

         Ал ата-аналарға айтарым: қырандарыңыздың білім қанаттары талмасын. Тек биікке самғасын дегім келеді.

 

Алдарыңда ұзақ жолың бар,

Оқумен өсіп толыңдар.

Қиындыққа мойымай,

Аман есен болыңдар,- деп бастауышпен қоштасу ертеңгілігін аяқтаймыз.

"Қош бол ұстазым"- әні


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Әліппе-білім анасы
Қош бол, Әліппе!
Қош бол, Әліппе!
Бастауышпен қоштасу.
Қош бол, бастауыш
Бастауышым балбұлақ, Лаулап жансын шамшырақ
«Бала шақтан – болашаққа!» бастауыш класпен қоштасу кеші
Әліппеге Рахмет
«Бала шақтан – болашаққа!» бастауыш класпен қоштасу
Қош бастауыш.
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 10535 | Қосты: Ока77 | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык