Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Әліппе-білім анасы


Әліппе-білім анасы
Тақырыбы: Әліппе – білім анасы!
Мақсаты: 1) Оқушылардың алған білімдерін «Әліппемен қоштасу»
ертеңгілігінде бекіту.
2) Өз өнерлерін ата-аналарға, ұстаздарға көрсету.
3) Адамгершілікке, ұқыптылыққа, ертеңгілік барысында өздерін дұрыс ұстай білуге баулу.
Көрнекілік: оқу, білім жайлы ұлағатты сөздер.
Барысы:
Мұғалім: Шашу шашу шашайық
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойдың,
Бастаңғысын жасайық.
(Қазақтың салтымен шашу шашылады.)

Армысыздар мұғалімдер әз жандар
Білім іздеп инемен құдық қазғандар
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
Би биленіп әнде бүгін шырқалар.

Армысыздар ақ жаулықты аналар
Жүздеріңнен мейірім мен нұр жауар
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

Армысыздар құрметті ата-аналар, ұлағатты ұстаздар, оқушылар! Осыдан төрт ай бұрын мектеп табалдырығын аттаған кішкентай бүлдіршіндер
42 әріпті меңгеріп, өздері жаза алатын оқушы болды. Енді міне сүйікті Әліппелерімен қоштасқалы отыр. Бүгінгі той сіздер мен біздер үшін ортақ салтанатты мереке.
«Әліппе – білім анасы!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Олай болса оқушыларымызды қарсы алайық.
(Күй әуенімен оқушылар ортаға шығады.)

Енді сөзді оқушылардың өздеріне берейік.
1-сынып оқушыларының орындауында
ән «Қошақан»

Сахнаға Әліппе мен Ана тілі кіреді. Сөз кезегі екеуіне беріледі.

Әліппе:
Армысыңдар жас достар
Армысыңдар ата-ана
Болашаққа жол бастар
Әліппеңткелді ортаңа
Мерекеңмен құттықтаймын
Бүлдіршіндер балғындар
Жақсы білім көрімдік
Болсын бізге халайық
не үйреніп не білдік
Қане ортаға салайық

Ана тілі:
Туған елдің тілімін
Ақылы мен танымымын
Түсіндірер бәріне
Ана тілі пәнімін
Ана тілің – арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте

Әліппе
Енді мен сендермен қоштасайын
Кір шалмасын беттерін
Таза болсын оқулық пен дәптерің
Оқығандарын есте болсын
Күнделіктерің 5-ке толсын!

Мұғалім:
Оқушылардың «Әліппе» туралы жаттап келген
өлең шумақтарын тамашалаңыздар!

Жайнагүл
Бар кітапқа бас болған,
Әліппе – ғылым анасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.

Александр
Мынау менің Әліппем,
Көгілдір тудың түсіндей.
Ақылшы жақын досымдай,
Қымбатты маған кісімдей.

Арай
Әліппенің А тұрады басында
Әрқашанда Ә тұрады қасында
Байқадың ба Б тұрады үшінші
Ал осының сыры неде түсінші.

Даниял
А деген ол – аналар ардақты,
Ә деген ол – әкелер салмақты.
Б дегенің ол – балалар ғой әдемі
Біздің елде үшеуі де кәделі.

Саша
Әліппе білім анасы
Әліппе кітап данасы
Әліппе бетін ашпаған
Адамның бар ма баласы

Ильяс
Білімге жолды бастаған
Әліппем саған мығ алғыс
Оқы деп ұран тастаған
Әліппем саған мың алғыс.

Арай
Енді біз оқи аламыз
Әріпті қосып әріпке
Риза боп саған жүреміз,
Сүйікті біздің Әліппе.

Даниял
Үйретті бізді Әліппе
Қырық екі әріпке
Сөз, сөйлем құрап әріптен
Лайық болдық әріпке

Ильяс
«Ол не?» деген сұраққа
«Бұл не?» деген сұраққа
Жауап табу үшін мен
Үйрендім сенен, Әліппем!

Жайнагүл
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға Ана тілін аламыз.
Ата-ана, қуанышқа ортақ бол
Сауатты боп шықты міне балағыз.

Мұғалім:
Жарайсыңдар балалар, олай болса
«Әліппе» туралы әнімізді айтайық.

Көрініс: «Қожанасырдың мысығы»

Ал, халайық тұрмайық
Әндетейік, жырлайық
Ортамызды ашайық
Думандатып би – билеп
Інжу маржан шашайық.
Ойын: ата-аналармен

Мұғалім:
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билейді енді тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде.
Үнді биі:

Көрініс: «Бестік баға»

Қабыл алшы өнерлерін балғындардың
Тілектері орындалсын балалардың
Кең даламда шарықтасын әуені
Әнші жұлдыз жас өнерпаз дананың
Ән: «Мұғалім ол біздің»

Көрініс: «Қожанасырдың құмырасы»

Мұғалім:
Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар
Балалардың есімі әулеттерге таралар
Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен баршаға шашу шашпақ аналар.

Балаларға тілек айтып, жылы лебізін білдіруге ортаға оқу ісінің орынбасары Макенова Баян Рахимжановнаға сөз беріледі.

Тәрбие ісінің орынбасары Сатыбалдиева Айнур Ахниетовнаға сөз кезегі беріледі.

Ата-аналарға сөз беріледі.

Мұғалім:
Алалық келер сәтті ойға түйіп,
Қалар бір шапағаты көпке тиіп.
Қол жайып періштенің пейіліне
Бәріміз бір ауыздан «Әумин» дейік.
Балаларға ақ батасын беруге Арайдың әжесін ортаға шақырайық.

Мұғалім:
Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың
Тойларыңыз құтты болсын ата-ана,
Тойларыңыз тойға ұлассын ағайын!

Осымен біздің «Әліппе – білім анасы» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Келіп тамашалағандарыңызға көптен көп рахмет.
Мен өз бүлдіршіндеріме «Ақ тілек» әнін тарту еткім келеді.

Мұғалім:
«Ақ тілек» әні
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қош бол сүйікті, Әліппем!
Қош бол, сүйікті әліппе!
Әліппеге рахмет!
«Әліппе деген алтын жол, апарар сені алысқа»
Қош бол, Әліппе!
Қош бол, Әліппе!
Әліппемен қоштасу
Қош, сүйікті Әліппем!
Қош бол сүйікті Әліппе
Әліппеге Рахмет
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 3584 | Қосты: Жангужина Салтанат Муратбековна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык