Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Әліппеге Рахмет


Әліппеге Рахмет

«Әліппеге Рахмет!» (музыкалы, сахналы әдеби кеш).

 
Мұгалімнің кіріспе сөзі: Армысыздар кұрметті қонақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап,бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі әліппені бітіру тойына қош келіпсіздер дей отырып, ертеңгілігімізді бастайық. 
І-жүргізуші:
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар, 
Білім іздеп, инемен кұдық қазғандар, 
Кұшақ жая қарсы аламыз сіздерді, 
Би биленіп, әнде бүгін шырқалар. 
ІІ-жүргізші:
Көз салып қараңызшы бойымызға 
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға. 
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар, 
Әліппемен қоштасу тойымызға.
Мұғалім:  - Балалар, естеріңдеме, ең алғаш мектеп табалдырығын жасқана аттаған күндерің?
Хормен: 1-қыркүйек 
Мирас: 
Күмбір күмбір қоңырау,
Соғылғын ай-қыркүйек.
Қалам ұстап қолыма
Жазылған ай-қыркүйек 
Хор: «Мектебім аяулы мектебім»
Мұғалім: Мұнан соң қолымызға алып, қызықтаған кітабымыз туралы не айтып ем?
Рахат: 
Көлге айналған бұлақтың
Қайнар көзін көріп пе ең?
Том-том қалың кітаптың
Басы болар Әліппең!.. 
Мұғалім: Балалар мектеп туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер? 
Алихан: Мектеп кеме, білім теңіз.
Аружан: Мектеп-білім ордасы.
Мұғалім: 
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл-ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларын!
-Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.
Іші толы әріпке, 
Білімдегі жарық не? 
Хормен:
Болашаққа жол ашар-
Ол сүйікті - Әліппе! 
Мұғалім: - Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық. 
Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе! 
Әліппе: 
Армысыздар жас достар!
Армысыңдар ата-ана.
Болашаққа жол бастар,
«Әліппең» келді ортаға.
Білімдеген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Таудай болсын талабың,
Айтары көп әріптің.
Қуанышы баланың
Қуанышы ананың
Жақсы білім көрімдік
Болсын сізге халайық!
Не үйреніп, не білідік
Қане, ортаға салайық!
Азамат:
Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік эріпте,
Оқимыз қазір ертекте,
Үйреткен оны Әліппе!
Азима:   
Ыстық әрбір беттерің
Жазуыңды жазамын
Ақыл бердің Әліппе
Ақылды сен мұғалім
Алдаберген:    
Бар кітапқа бас болған,
Әліппе ғылым атасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.
Жансерік: 
Әліппем менің әліппем 
Сені қолға алып мен,
Есігін аштым білімнің
Ертеңгі күнді жарықпен.
Мөлдір:      
Әліппе, әліппе,
Алғашқы әріппен
«Ана» деп қазір біз,
Жазуға әзірміз.
Асыл:   
Әліппе, әліппе,
Екінші әріппен,
«Бала» деп қазір біз,
Жазуға әзірміз.
Ақниет: 
Алфавиттің А тұрады басында
Әрқашан да Ә тұрады қасында
Байқадың ба, Б тұрады үшінші
Ал осының сыры неде, түсінші?
Әділет: 
А деген ол - аналар ғой ардақты,
Ә деген ол - әкелер ғой салмақты,
Б деген ол - балалар ғой әдемі.
Біздің елде үшеуі де кәделі. 
Ән: «Ойыншықтар »
Мүғалім: - Иә, сендер 4 ай ішінде әріптердің сырына да қанық болдыңдар. Әріптер қандай сыр шертеді екен? Олай болса, әріптерге кезек берейік. Отан, Әліппе сөздері шығатындай 
Аяулым: 
О - Отан - менің ата-анам, 
Отан - досым, бауырым.
Отан - өлкем, астанам,
Отан -туған ауылым!
Ануар: 
Т - Тәртіпті бала - сүйініш,
    Төбең бір көкке жетеді.
    Тәртіпсіз бала - күйініш
    Төмендеп басың кетеді. 
Диана: 
А - Ата-ананың тілегі
    Адам болып өскенің
    Адамдықтың тірегі
    Адал болып өскенің. 
Нұрасыл: Н - Назарбаев Нұрсұлтан,
Қазақ үшін тер төкті
Қай әріптен басталған,
Президенттің есімі? 
Рахат:    Ә - әлемді 
Ақниет:  Л - легімен 
Алихан:  I - ізгілік 
Мөлдір:  П - парасатпен 
Дарья:   П - паш 
Азима:   Е - етеміз. 
Ән:  «Әліппе»
1-жүргізуші: Балалар, сендер Әліппемен ғана достасып қана қойған жоқсыңцар. Сонымен бірге математика оқулығымен де таныстыңдар. 
2-жүргізуші:Балалар, математикадан осы уақытқа дейін не үйрендіңдер? Ендеше, сандарды сөйлетіп көрейік. Диана:
Бір дегенім - білім, 
Білім - жарық күнің. 
Бекарыс:
Екі дегенім - еңбек, 
Еңбек бәрін жеңбек. 
Жанарыс: 
Үш дегенім - үміт, 
Үмітсіз жоқ жігіт. 
Анель:
Төрт дегенім талап, 
Талмайтұғын қанат.
Анвар:
Бес дегенің бірлік,
Бірліксіз жоқ тірлік.
Алихан:
Алты дегенің арман,
Атар таңың алдан.
Асыл:
Жеті дегенің жігер,
Жеңер жолын білер.
Аяулым:
Сегіз дегенің - сенім,
Сүйенішің сенің.
Серік:
Тоғыз дегенің талғам
Тура жолға салган.
Мөлдір:
Он дегенің - Отан,
Отанды сүй ботам.
Би: «Шөжелерім»
1-жүргізуші: 
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, - деп
2-жүргізуші: Абай атамыз айтқандай 42 эріпті үйретіп, білімге жетелеген алғашқы ұстазымызға алғысымызды айтып, өлеңімізді арнаймыз.
Анель: Үйретіп бізге алғаш Әліппені Ұстазым гылымға жол салып берді Адамның ой-арманы, мақсаттары Оқудың сэулесімен жарық көрді.
Аружан: Жүзің жылы қүшағың кең
Сенен тілеп үшамын есен
Өзің берген біліміңмен
Биіктерге шыгамын мен.
Жасұлан:Ақылшым асыл үстазым,                                     
           Өзіңе мен де үқсармын
          Жеткенше қайрат күш элемі
           Биікке самгап үшамын.
Ойын: Шыршаны безендіреміз.
Көрініс: Не тәтті?
Мұғалім: Балалар, осы көріністе көргеніңіздей сіздерге ең аяулы, жақын адам
анаңыз екен, ендігі әнді аналарымызға арнайық.
Ән: «Ана»
I жүргізуші:- Иә, бүгін біздің қуанышымызда да шек жоқ. Өйткені біз түңғыш     
сауатымызды ашқан «Әліппені» бітірдік:
ІІ-жүргізуші: Қош бол, құтты әліппем,
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
Әліппе: Балалар, сендер мені жақсы игеріпсіндер. Мен сендерге ризамын.
Болашақта да осылай оқыңдар. Білім жолында жолдарың болсын. Сау болыңдар.       
Хор: «Рахмет саған әліппе»
ІІ-жүргізуші: Ал енді балалар ортаға ана тілін шақырайық.
Ана тілінің сөзі:
-Сәлеметсіздер ме, балалар? Енді сендердің сүйіп оқитын оқулықтарың Ана тілі
болмақпын.
Туған елдің тілімін,
Ақылы мен танымын.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі пәнімін.
Ана тілім ұраным
Ана тілім құралым
Ана тілім болмаса
Мықты болмас тұрағым.
І-жүргізуші: Достар Ана тіліне арналған өлеңдерің барма?
ІІ-жүргізуші: Кәне ортаға салайық.
Диана:
Адамдықты үйретер,
Жамандықтан жиренер.
Тілімізді ширатар,
Ана тала-данамыз.
Жанбота:
Ана тілін білмеген,
Ақылы жоқ желікбас,
Ана тілін сүймеген,
Халқын сүйіп жарытпас.
Дарья:
Ана тілі- ұраным
Ана тілден аламын
Ана тілім ардақты
Ақ сүтіндей анамның.
Би: «Тұлпарым»
Мүғалім: Қымбатты балалар! Мектептегі алғашқы жеткен жемістеріңмен
құлтықтаймын. Әліппе сендерді тек әріптермен таныстырып қойған жоқ, сендерді
бір бірімен достыққа, мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті оқушылар болуға да
үйретті. Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын. Осымен
ертенгілігіміз аяқталды, уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет!

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Әліппе-білім анасы
Қош бол сүйікті, Әліппем!
Қош бол, Әліппе!
Қош бол, Әліппе!
Әліппемен қоштасу
Әліппе, саған мың алғыс
Әліппемен аштық білім есігін, Тербетеміз Тәуелсіз ел бесігін.
Қош бол, құтты Әліппем
Қош бол сүйікті Әліппе
Әліппемен аштық білім есігін. Тербетеміз тәуелсіз ел бесігін.
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 3601 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык