|
|
Сабақтың тақырыбы: Бесік жасау ағаштан
Зерттеу кезеңдері: а) Мақсат қою
ә) Жоспар құру
б) Жұмыс кезеңдерінің уақытын белгілеу
в) Керекті ғылыми әдебиеттерді іріктеу
г) Бұқаралық ақпараттардан нақтылы деректер жинақтау.
ғ) Жинақталған материалдарды жүйелеу.
Тәжірибенің әдістемесі: Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру. Болашақта ғылыми болжамды іске асыру мүмкіншілігі бар әр түрлі дәрежедегі ұсыныстар жасауға үйрету.
Тұжырымдау қасиетін арттыру арқылы жұмыстың маңыздылығы мен қажеттілігін аңғарту.
Өз бетімен ойлау, есте сақтау, қиялдау, сипаттау қабілеттерін арттыру:
Таңдаған бағытының этномәдениеттегі орнына, құрылысына, маңызына тоқталу және оған талдау жасай білгізу.
Өзіміздің Швейцариямыздың төрінде қарағаймен қоса қайыңдар да орын алған. Қайың – жылдың төрт маусымында да өзінің сұлулығын жоғалтпайды. Көктемде өзінің жасыл жапырағын жайып, бойжеткендей құлпырады. Туған жерімізде қайың өспейтін жер жоқ. Қалың көпшілік қайыңды бағзы заманнан-ақ жоғары бағалап, ағаштың басқа түрінен артық көрген. Ауыл қыздары мереке күндері қайыңның гүлді бүршігін бұрымына қосып өретін болған – егер осы бүршік уақытынан бұрын солып, қурап қалмаса, бойжеткенні арман-тілегі сөзсіз орындалады екен.
Тал –биіктігі 30-40 м ағаш, бұта не шала бұта түрінде кездеседі. Жапырағы қысқа сағақты. Діңі жеңіл, жұмсақ, солқылдақ, иілмелі, шорт сынбайды, құрт түспейді, жат иісі болмайды, бірақ
тез шіриді. Кейбір бұта түрлерінің ( ақ тал, сары тал, көк тал) шыбықтары себет тоқуға, діңі жиһаз жасауға пайдаланылады. Жапырақты бұтақтары мал азығы, дің қабығы тері илеуде, дәрі дайындауда пайдаланылады. Қазақстанда 46 түрі ( көк тал, сары тал, шілік, ақ шілік ешкі тал, әулие тал, т.б) кездеседі.
Осы ағаштардың ерекшелігімен танысқаннан кейін мен олардың физикалық құрылымын, механикалық көрсеткіштерін, жиһаз жасаудағы төзімділігін салыстырмалы түрде қарастырдым.
Ағаштың физикалық құрылымы
Ағаштың түрі Көлемі кг/ м3 Кептіру Ағаш түсі
Қарағай 540 0,52 0, 19 0,32 Қызғылт, күңгірт қызыл
Қайың 640 0, 64 0, 27 0, 30 Ақ
Тал 150 0,30 0,17 0,26 Көк , сары , ақ
8
Қылқанжапырақты және жапырақ текті ағаштардың орташа есеппен алғандағы механикалық көрсеткіштері (15% ылғалдылықтағы)
Ағаш түрі Көлемдіксалмағы, кг/м3 Беріктігі
Талшық бойымен қысу Иілгіштігі Талшық бойы созғандығы Көлденең бағытта Тік бағытта
Қарағай 530 44 79 115 7 7,5
Қайың 640 45 100 120 8,5 11
Тал 150 50 180 195 9,3 12,5
Жиһаз жасаудағы ағаштардың төзімділігі
Ағаш түрі Емен төзімділігімен салыстырғандағы пайдалану төзімділігі
Ауада Тұщы суда
Қарағай 0,4- 0,67 0,5
Қайың 0,15-0,4 Қолданылмайды
Тал 0,3 Қолданылмайды
Осы келтірілген кестелерден көріп отырғандарыңыздай мен бесік жасауға қарағай, қайың мен тал ағаштарының ішінен қарағай ағашының жоғары көрсеткіштер: кептірілуіне, 15% ылғалдылықта берік сақталуына және ауа мен тұщы судағы төзімділігіне байланысты жиналмалы «Болашақтың бесігін» қарағай ағашынан жасау керек деген шешімге келіп тоқталдым.
. Жоба бойынша жасалатын бесігім жиналмалы болатындықтан, мен ендігі кезекте жиналмалы, құрастырмалы жиһаздардың жасалу жолдарын қарастырдым. Жалпы үй жиһаздарын жасауда қылқанжапырақты және жапырақтекті ағаштарды қолданады.
Жиналмалы-құрастырмалы жиһазға қабырғаға жапсарластырылып,
көлденең орналастырылатын шкафтар, құрастырылмалы үстелдер,
кереуеттер т.б жатады. Жиналмалы-құрастырылмалы жиһазды бөлсе, бөліктері конструкциялық тұрғыда байланыстырылады және соған бекітіледі. Жиһазды негізінен ағаштан және ағаш материалдардан жасайды. Сондай-ақ пластмасса мен темір материалдар да қолданылады. Қаптама жабынды ретінде табиғи және синтетикалық шыбықтарды, ламинирленген қабыршақтарды т.б пайдаланады. Жиһаз жасауда жұмыр ағаш және кесілмелі ағаш түрлері қолданылады.
Жұмыр ағашқа құрылыс бөренелері (диаметрі 12см-ден, ұзындығы 4…9м) , араланған (диамерті 14 см, ұзындығы 4…7,5м) және жұмыр ағаштар қолданылады.
Кесілмелі ағаштарға: ағаш білеулер, тақтайлар және тақтайшалар т.б жатады.
Ағаш білеулер – жуандығы 13… 25 см, ені жуандығының екі есесіндей.
Тақтай – қалыңдығы 8 см, ені 8…25 см;
Тақтайша (рейка) – қалыңдығы 3,5 см, ені 7 см.
Желімделінген ағаш құрылымдары
Ағаш бөлшектерін құрастыруда желімдеу тәсілі де қолданылады. Желім түрлері: сүйекті желім, казейн, шайыр және арнайы желімдер.
Жай қарапайым жасалған ағаш құрылымдарынан желімделген ағаш құрылымдары аз салмағымен, беріктігімен, суға төзімділігімен ерекшелінеді.
Желімдеу үшін желімдейтін ағаш құрғақ болуы керек. Желімдейтін бөліктерді бір-бірімен беттестіріп, тегістеп дайындайды. Содан кейін желімді оның бір бетіне ғана жұқалап жағып, ол бөлшектерді ұстағышпен қысып қояды.
Ағаш бөліктерін сына, бұрандама, шеге арқылы қосу ережелері.
- Диаметрі 6мм-ден асатын шегені қылқанжапырақты және 4мм-ден асатын шегені қатты ағаш (емен) түрлеріне қағуға болмайды;
- Шегелер суырылып қалатын болмау үшін әр бағытта 150 бұрыш жасап қағу керек;
- Шегелердің ара қашықтығы 15…25 диаметрлік шеге көлемдерінен кем болмауға тиіс.
Бұрғылауда дөңгелек пішінді ойықтар жасалынып, оған бұрандама, сыналар қағуға пайдаланады. Тек жасалатын ойықтың диамерті сына, бұрандама диаметрінен 1мм-ге дейін кем болуын ескеру қажет.
Ағаштан жасалған бұйымдарды әрлеу
Ағашты әрлеу деп оның бетін, сыртқы көрінісін жақсартуға және қоршаған орта әсерінен қорғау үшін жасалған өңдеуді атайды.
Көркемдік өңдеу бұйымға әдемілік пен көзтартарлық әсер береді. Ағаш бұйымның сырт көрінісін жақсарту үшін сол ағаштың өзін өңдеу: өрнектеу
күйдіру, қашау арқылы және де әр түрлі әрлеу қаптамалық материал-дарымен, текстуралық қағазбен, полимерлі материалмен, матамен, фольгамен безендіруге де болады.
Ағашты жанудан қорғау
Ағаштың құрылыста, бұйым жасаудағы ең бір нашар қасиеті – тез тұтанғыштығы. Ол үшін алдымен қолданатын шаралар – ағаш бұйым-дарын қыздыратын ток көздерінен алыста қою, отқа қарсы материалдармен қаптау, отқа қарсы бояу түрлерін қолдану.
Бесіктің құрылысы
1.Алдыңғы бас(Бөген) 2.Артқы бас 3.Бел ағаш(арқалық, арыс) 4.Жақтау 5.Жорға(табан)
6.Сабау 7.Тақтай 8.Түбек 9.Шабақ 10.Шүмек
Енді өзімнің алдыма қойған мақсатым қолданысқа ыңғайлы жиналмалы бесік жасау болғандықтан, оның сызба үлгісін сызуға кірістім. Бұл кезеңде мен ата-бабамыздың бесігінің үлгісін бұзбауға, сол қалпында жас ұрпаққа жеткізуді ойластырдым. Бесіктің бас жағы әр аймақта әр түрлі болып келуімен ерекшеленеді. Мысалы, солтүстік және батыс Қазақсан аймақтарында (Қостанай, Маңғыстау, Торғай, Ақтауда) бесіктің бас жақтауын тік бұрышты немесе үшбүрыш тәрізді жасаған. Ал мен өз бесігімнің басын доға түрде жасауды ұйғарып, ішкі жағынан екі топсамен ұстастыра отырып, оның жабылып, ашылатындығын көздей отырып бөгеннің сызбасын сыздым.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |