Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Білімді мыңды жығар


Білімді мыңды жығар

Білімді мыңды жығар

Тақырыбы: «Білімді мыңды жығар»

Мақсаты: 1. Дүниетанудан алған білімдерін көрсете білуге үйрету.

                  2.Нақты ойлау қабілетін, логикалық ойлауын анықтау, дамыту.

                  3.Топпен жұмыс істей білуге машықтандыру.

Көрнекілігі: суреттер, қиықшалар,

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

- құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі «Білімді мыңды жығар» атты сабағымызға қош келіпсіздер. Бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтпек. Сайысқа қатысушыларды қарсы алыңыздар. І топ «Бүркіт» 1 – сынып оқушылары, ІІ топ «Сұңқар» 3 – сынып оқушылары, ІІІ топ «Қыран» 4 – сынып оқушылары.

Әділқазы болды бүгін

Мектептің ұстаздары.

Әділдікпен бағаласын

Өнер, білім сайысын.- деп әділ – қазы алқаларымен танысайық.

1-    оқу ісінің меңгерушісі: Ибақова Самал

2-    тәрбие ісінің меңгерушісі: Мананбаева Ақмарал

3-    Биология пәнінің мұғалімі: Карментаева Марфуға

Жарысқа қатысатын оқушылармен және жарысты бағалайтын әділ – қазымен таныстық дайын болсақ сайысымызды бастайық.1- сайыс сұрақ – жауап. әр сыныпқа өз деңгейіне қарай сұрақтар қойылады. Дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.

Біліп айтқн сөзге құн жетпейді,

Тауып айтқан сөзге шын жетпейді – дей келе сұрақ – жауап бөлімін бастаймыз.

ІІ. Сұрақ – жауап.

                  1 – сынып.

1. Тірі табиғатты ата.

2. Ауа температурасын немен өлшейді?

3. Жыл мезгілдерін ата.

4. Қосмекенділерге нелер жатады?

5. Өсімдік топтарын ата.

 

                3 – сынып

  1. Адамның денесі неше бөліктен тұрады? Оларды ата.

2. Адам денесінде қанша сүйек бар?          200

3. Желдің күші мен бағытын немен анықтайды?

4.Шарбы бұлт қандай биіктікте пайда болады?             6км

5. Көздің қорғанышы не?                    Кірпік, қабақ, қас

            4 – сынып

1. Кенге жатпайтын пайдалы қазбаларды ата

2. Жазық деп нені атайды?

3.Күн жүйесіінде неше планета бар?

4.Үгілу деген не?

5.Адам қайдан, қалай пайда болды?

 

ІІІ. Жұмбақ шешу.

Жұмбаққа дұрыс жауап берген топқа 1 ұпай беріледі.

  1. Тоңғақты таниды, беті – қолын қариды. (Аяз)
  2. Шеңбер жасап өседі, желмен бірге көшеді   (Қаңбақ)
  3. Қоймасын қыс ақтарып, жерді жапты ақ мамық. (қар)
  4. Жүрген жерін жалмайды, тілінен жарық тарайды. (От)
  5. Тал басында түндіксіз отау  (Ұя)
  6. Қыс болса құрып өрмегін, салды небір өрнегін (Қырау)
  7. Шайқайды тауды, жаралған долы боп. (Боран)
  8. Көзі жасты, тұра қашты. (Бұлт)
  9. Басында айдары, иекте сақалы. (Әтеш)
  10. Ұшқаны қызық жалпылдап, өзі сондай қарқылдақ. (Қарға)
  11. Үстіне ақ камзолын киіп алып, жүреді қанаттарын жиып алып. (Сауысқан)
  12. Паналайды үңгірді, іздемейді тасаны. (Аю)
  13. Тоқыған ауы – шыбынның жауы (Өрмекші)
  14. Мүйізінен таралған, жанға шипа дәрі алған. (Марал)
  15. Терісі – сары, еті – дәрі. (Лимон)

 

ІҮ. Қиықшамен жұмыс.

Жақша ішіндегі сөздерді оқып, жақша сыртындағы сөзге ең жақын ұғымның астын сызу керек.Әр топқа 5 тапсырмадан.Әр тапсырма 1 ұпаймен бағаланады.

                        1 - сынып

  1. Өзен (жаға, балық, балықшы, тас, су)
  2. Оқу (көз, кітап, мәтін, көзілдірік, сөз)
  3. Орман (жер, саңырауқұлақ, бақшы, ағаш, қасқыр)
  4. Қала (автокөлік, ғимарат, көше, велосипед, өсімдік)
  5. Бақша (өсімдіктер, бақшы, ит, қоршау, жер)

жауаптар:1.Жаға, су.    2.Көз, сөз   3.Жер,ағаш   4.Ғимарат, көше  5.Өсімдіктер,жер

                          

                        3 – сынып

1. Өзен (қамыс, тас, бақа, ши, тасқын)

2. Оқу (кітап, мәтін, әріп, қалам, сөйлем)

3. Орман (тал, жидек, қоян, аң, гүл )

4. Қала (самакат, цирк, ғимарат, кинотеатр, көше,)

5. Бақша (қияр, көкөністер, қоршау, жер, су)

1.Қамыс,бақа   2.Әріп,сөйлем   3.Тал,аң   4.Ғимарат,көше   5.Көкөністер,жер

 

                              4-сынып

1. Өзен (жаға, ши, балық, қамыс, жаға)

2. Оқу (кітап, мәтін,сөз, дыбыс, сөйлем)

3. Орман ( Ағаш, гүл, жидек, жер, түлкі)

4. Қала ( Көлік, цирк, көше, балмұздақ, бағдаршам)

5. Бақша (ит, қоршау, жер, күзетші, көкөністер.)

1.Қамыс,жаға   2.Сөз,сөйлем     3.Ағаш,жер      4.Көше,бағдаршам   5.Жер,көкөністер

Сергіту сәті.

Ал, балалар бір ауық,

Дұрыс бұрысты ұғалық.

Дұрыс болса отырып,

Бұрыс болса, тұралық.

- Аңдар ұшады тұр

- Суды ішеміз отыр

- Қыста кемпірқосақ шығады тұр

- Жазда гүл болады  отыр

- Суда қамыс болады тұр

Ү. Керектісін тап.

Бұл бөлімде әр топқа әріптер тізбегі беріледі. Сол тізбектен сөздерді тауып алу керек. Әр тізбектен 3 сөзден шығады. Әр сыныпқа 3 тізбектен.

 

                        1 - сынып

1. Тплогүленсқойұеркөзает

2. Аымайдженаншивсүтаре

3. Феқдопеавжолцчсменюэ

 

                             3 – сынып

    1. Трлқалаыеуарпацфемензц

    2. Стбалықючяпілқөхкерікпвс

    3. Яютжағайфцтасвьткөшеэжъ

                            

                               4-сынып

   1 Йчуқазақпришешенфцуорысяч

   2. Прсбақшавычағашчвукесефхъ

   3. Кенұрагшөзенвпрзайсанптлө

 

ҮІ. Көрермендермен ойын

Оқушылар топпен тапсырмаларын орындап отырғанда, көрермендерге сұрақ қойылады.

  1. Теңізден қандай тастар табылмайды? Құрғақ
  2. Қандай жолмен адам жүрмейді? Құс
  3. Ең кішкентай құс   Калибри
  4. Ұсақ жәндіктердің ішінде баяу ұшатыны   Шыбынъ
  5. Амеба қанша өмір сүреді?      1-2күн
  6. Ақ аю итбалықтың иісін қанша жерден сезеді? 30 шақырым
  7. Ең жылдам ұшатын жәндік     қаракүйе
  8. Жер жүзіндегі ең ірі құс           Түйеқұс
  9. Түлкінің баласын қалай атайды?  Мыршай

10 Сөз тізбектен аңдардың атын тап.

 

Т

Ү

Л

К

І

П

О

Б

Х

А

Қ

Қ

М

Ы

Р

Ш

О

К

Р

А

А

Ю

С

И

А

Р

Ө

Ы

Р

С

А

Қ

А

Й

С

Ж

С

Қ

Қ

Ф

О

Я

Н

Ы

Е

Т

О

Ы

Э

Д

У

Т

Қ

К

А

Н

Р

Ж

О

Л

Б

А

Р

Н

Ж

Ы

Қ

Л

Е

З

Р

Ы

С

І

Л

Е

У

С

І

Н

С

 

ҮІІ.Суретті құра

 

Әр топқа сурет беремін. Сурет жартылай салынған, сол суретті аяқтап, бояулары керек.

Көрермендерге де сурет беріледі. Суретті аяқтап бояйды.

ҮІІІ. Кім шапшаң?

 

Сары                                           қосақ

Саңырау                                     қазық

Кемпір                                        құлақ

Темір                                          гүл

Бибі                                            су

 

Түйе                                                     арқа

Жез                                                тау   

Темір                                             бай

Бура                                               қазған

Сары                                              құс

 

Ала                                       орда

Қара                                      тау

Қызыл                                   ағаш

Жеті                                      бақан

Алты                                     қарақшы

 

ІХ. Марапаттау.

 

Осымен сайсымыз аяқталды. Құрметті әділ – қазы алқасы топтардың жалпы ұпайын шығарып, жеңімпаз топты атасаңыздар. Топтар марапатталады.

Жеңген топты құттықтаймыз. Сабағымыз аяқталды келіп тамашалағандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Математика- ақыл ой гимнастикасы
Тапқыр болсаң,талас жоқ.
Қызықты математика
Тапқыр болсаң,талас жоқ
Білімді мыңды жығар
Білімді мыңды жығар
Ойлы болсаң, озып көр
Ойлы болсаң, озып көр
Өнерлі өрге жүзер
Өздік жұмыс
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 3125 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык