Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Бір атаның балалары


Бір атаның балалары

Бір атаның балалары

Сабақтың мақсаты :

Білімділік – оқушыларды шығарма мазмұнымен таныстыра отырып білімдерін кеңейту , идеясын ашу , қазақ отбасындағы ер баланың орнын ұғындыру;

Дамытушылық – жазушының жанр шеберлігінде  жеткен жетістіктерін таныту , ізденімпаздық қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік – ынтымақтастыққа , адамгершілікке , достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : «Мәтін бөліктері» оқыта үйрету

Көрнекілігі :мәтін бөліктері жазылған парақшалар , түйінді сөздер , әңгіме кестесі ;

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі . Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Жаңа сабақ . – Балалар , бүгінгі  сабақта Мұхтар Мағауиннің « Бір атаның балалары » атты повесімен танысуды бастаймыз . Нақтылап айтсақ , алғашқы «Бастау» атты бөлімін «Мәтін бөліктері» оқыта үйрену арқылы білімдеріңді сынайтын  сәт келді.Алдын ала сыныпты 4 топқа бөлдім.

Психологиялық дайындық :

Біз қандай республикада тұрамыз ?
Қазақ халқына тән қасиеттерді атаңдар.

Сұрақтарға жауап алынып болған соң, Мұхтар Мағауиннің өмірбаянымен таныстырамын . Содан кейін әр топқа өз тапсырмаларын таратып беремін.Оқып мазмұндауды тапсырамын.

І.«Мәтін бөліктері» оқытып  үйрету.

І топқа - «Бастау» әңгімесінен «Кіріспе» бөлігі ( «Басеке , сөз өзіңіздікі» сөйлеміне дейін).

ІІ топқа - осы әңгімеден «Негізгі ой » бөлігі («- Сөз дейтін не сөз бар»сөйлемінен бастап «Апаң күтіп отыр.Жұрттың сөзін ұрғаның бар ма , жүр үйге» сөйлеміне дейін) .

ІІІ топқа - осы әңгімеден «Қорытынды»бөлігі (Жоғарыда көрсетілген сөйлемнен кейін басталып , «Сол сөзді медеу қып қалғаны да тарқасты»сөйлеміне дейін.)

ІV топқа мәтін түгел беріледі.

Әрбір топтан бір оқушыдан шығып , өздеріне берілген бөліктің мазмұнын айтып береді. Бұл «Толықтыру» тобындағылар әрбір топтан кейін сөз алады. Соңында тапсырманы нақты айтқан топ жеңіске жетеді.

ІІ. «Мені түсін» оқыта үйрету ойыны . Әрбір бөлім бойынша түйінді сөздерді жазады.Соңында өзім даярлаған түйінді сөздермен салыстырып жеңімпаз топты хабарлаймын.

Мысалы : І топ  «Кіріспе» бөлігі бойынша : Басқарма , 54 бала , 6 бала , қалқабастар , Дәренбек , Нартай , Ертай , Рәшит , Яков , тегі жаман неміс.

ІІ топ «Негізгі ой» бөлігі бойынша : 43 азамат , Берден , Дәуренбек , Ахмет , Берден , етбауырымыз , үш ұя , Зигфрид Вольфганг Вагнер , Айналайын.

ІІІ топ «Қорытынды» бөлігібойынша : Ақ сұр шал , Тоқжан , жирен қасқа , қара шаңырақ , екеуі де сыйды , күнә , әйелдер , еркектер , басу айтты , бауы берік болсын.

ІV топ  «Толықтыру» тобы бойынша : Үкімет , бәйбіше , шолақ қолының кеміс шынашағы, қыз бала мылқау , ләббай , ызбармен ,баламның , медеу қып , атын айт.

ІІІ. Тақтаға «Әңгіме кестесін» көрсетіп , жауап аламын.

Әңгіменің аты

Бір атаның балалары

Әңгіменің авторы

Мұхтар Мағауин.

Кейіпкерлері

Ахмет, Берден , Дәренбек , Берден , Дәренбек ,т.б

Қай кезеңде суреттейді ?

Соғыс кезеңіндегі ауыл тұрмысы , панасыз балаларды суреттейді.

Әңгіме немен аяқталды ?

Зигфридті Ахмет ақсақалдың өзіне бала етіп алуымен аяқталады.

Не үйретті?

Ер баланың қазақ отбасындағы  ерекше орны , мейірімділікті , батылдықты , бауырмалдықты үйретті.

 

Сабақты қортындылаймын .Сабақты тест арқылы қорытындылау

Мұхтар Мағауин «Бір атаның балалары »

«Ал ағайын , тегіс жиналсаң сөзіме құлақ сал» кімнің сөзі ?

а/ есепші     ә/ басқарма    б/ Дәуренбек    в/ Ахмет

Балаларды ауылға не үшін алып келеді ?

а/жұмыс күші үшін                       ә/соғыс болғандықтан   

б/жетім қалғандықтан                  в/ баласы болмағандықтан

Ахмет қария қай баланы таңдады ?

а/Нартайды     ә/Яковты   б/Ертайды    в/ Зигфридтті

Сол ауылдан соғысқа қанша адам қатысты ?

а/43    ә/39   б/52    в/ 28

Нартайды кім алады ?

а/бригадир Берден     ә/орақшы Тілеубай    б/Ахмет в/ Жақан молда

Кеште айтылған әндер ?

а/ Маңмаңгер     ә/ Ақбосаға    б/Жетіароал жерім-ай    в/ Қоғалы – ай

Көкпар тартайық деген кім ?

а/ бригадир Берден         ә/ орақшы Тілеубай       

б/ Дәуренбек                    в/белгісіз біреу

Зигфридттің қасиеттері ?

а/кекшіл     ә/қорқақ    б/жайдары , пысық в/ бұзық

Зигфрид Вагнердің фамилиясы қалай өзгертілді ?

а /Ахметов    ә/Бегімов    б/ Тілеубаев  в/ Берденов

Зигфрид қай дыбыстарды дұрыс айта алмады?

а/а , б, в              ә/ғ , ұ , ә             б/ т , д            в/  р, ш

Зекен атқа мінуге үйренеді ме ?

а/иә      ә/жоқ         б/сәл ғана           в/ мал қарайтынға жарайтындай

Зекен сиырларды егінге түсіріп жібергенде Ахметпен жанжалдасқан кім?

а/басқарма  ә/бәйбішесі б/Дәуренбек  в/ ауыл адамы

Аудандағы дөкейлердің бірі Ахметтің қай баласымен бірге оқыпты ?

а/Келімбет     ә/Нарымбет        б/Жолымбет         в/ Дәулетбек.

Ахмет қай ауылға көшті ?

а/Қызыл ту  ә/Балдырған  б/Ауыл тұрмысы в/ Қайрат

Оқушыларды бағалаймын.

Үй тапсырмасы : кейіпкерлерге сипаттама беру.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Мәтіннің құрылымы
«Жас Мұхтар» Ахмет Әуезов
М. Мағауин." Бір атаның балалары"
Ахмет Иассауи хикметтері
Абай Құнанбайұлы Ғылым таппай мақтанба
Ахмет Байтұрсынұлы «Егіннің бастары»
Ахмет Байтұрсынұлы «Егіннің бастары»
Ахмет Байтұрсынұлы «Егіннің бастары»
: А.Байтұрсынов. Аққу, шортан һәм шаян
Абай Құнанбайұлы
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 9771 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык