Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Біріккен сөз


Біріккен сөз

Біріккен сөз

Сабақ тақырыбы:  Біріккен сөз

Сабақ мақсаты:    1. Біріккен сөз туралы ұғыммен таныстыра отырып, жаттығулар жұмысын жүргізу.

2. Оқушыларды шығармашылыққа баули отырып, ойлану қабілеттерін және сөздік қорын молайту.

3. Топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу. Адамгершілік, ізгі қасиеттерді бойларына сіңіру.

Сабақ түрі:   Дәстүрлі

Сабақ типі:  аралас

Сабақ әдісі:  түсіндіру, сұрақ- жауап

Сабақ барысы :    І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару, түгендеу. Психологиялық дайындық. Мұғалім оқушымен келісім шартқа отыру керек, шуламаймыз, бір- бірімізді сыйлаймыз кедергі жасамаймыз, пікірін тындаймыз деп.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге қандай тапсырма берілді?

-         Ережені сұрау

-         Жаттығу жұмысы оқылады.

Сұрақ жауап

  1. Сөз дегеніміз не?
  2. Бір- біріне қарама- қарсы сөздер туралы не білеміз?

 Дәптерлерін жинап, тарату.

ІІІ. Жаңа сабақ бойынша істелінетін жұмыс.

Балалар енді шағын көріністі тамашалайық.

Автор: «Ертеде Айна өмір сүріпті. Бірақ оның өмірі көңілсіз, әрі жалғызсырап жүріпті. Өмірден қатты түңіліп келе жатқанда оның алдынан жайқалған гүл шығады.

Гүл: Айна, айна  сен неге сонша көңілсізсің?

Айна: жалғыздықтан жалықтым, өзіме лайықты дос іздеп келемін.

Гүл: Мені елдің бәрі көркем, әдемі дейді, бірақ өзімнің әдемілігімді ешқашан көрген емеспін. Кқргім келеді. Менімен дос болшы.

Айна: Алақай, алақай мен өзіме лайық дос таптым, деп қуанады.

 Автор: содан бері қазақтар Айнагүл есімді қыз баланың атын қоя бастапты.

Суретпен жұмыс. Айна мен гүлдің суреттері көрсетіледі.

Мынау айна

Мынау гүл.

Неше түбірден жасалған?(2)

Ендеше 2 түбірден Айна+ Гүл сөздерінің бірігуінен  жасалған  біріккен сөз деп аталады.

Ережені оқу.

Ендеше бүгінгі сабағымыз.

          Желтоқсанның алтысы

               Класс жұмысы

                 Біріккен сөз.

Ережені оқу.

Айнагүл сендерге бос келмепті, қоржынмен келіпті. Бұл қоржында сендерге арналған тапсырмалар мен ойындар бар. Ендеше осы тапсырмаларды орындайық деп классты 3 топқа бөлемін.

1 парта                          2 парта                     3 парта

1 топ                             2 топ                         3 топ

Тақтадан көрсетіледі

1 топқа тапсырма

Ешкім көрмеген шымылдық

Көкжиекте көлбейді

Бүктеуіне көнбейді

Сипауға да келмейді- жұмбақты оқып, шешіп. Біріккен сөз құрамына талда.

2 топқа тапсырма.

Өтірік өлеңді оқып, біріккен сөзді тап, сөз құрамына талда.

Су жағасында емделген

Тасбақаны қарсы алдым,

Көмірменен жемделген

Қара атқа ер салдым.

3 топқа тапсырма.

Жаңылтпашты жатқа айт. Біріккен сөзді тап.

Бақбақ батпақта ма?

Бақбақ бақта ма?

Мұғалім: йнагүл, сендердің жауаптарына риза болып отыр.

Оқулықпен жұмыс.

Суретпен жұмыс. Сөз құрау, неше түбірден жасалған?

32- жаттығу

Әр сөз неше түбірден жасалған? Оқыған сқзді сөз құрамына талда.

Айнабұлақ.

34- жаттығу.

Өлеңді оқып, жатқа жаз.

       Кемпірқосақ

Күн күрүіреп, себелепғ

Жаңбыр жауып, басылды.

Көкжиекте керемет,

Кемпірқосақ асылды.

 

Терме диктант

Сөздер берілген, ішінен біріккен сөздерді теріп жаз.

Парта, саты, арман, баспасөз, қара торғай, алтыбақан, арба, өнеркісіп.

Көркем жазу.

Тақтадан көрсетіледі. Ержан мәтінді тез оқыды. Балалар ертең зауытқа барады. Мектепте кездесу болады.

Ойын. Өз орныңды тап!

Сөздер берілген, соны өз орнына қою керек.

Біріккен сөз

Қос сөздер

Тіркескен сөздер

 

 

 

 

Түйме жапырақ, ата- ана, Нұргүл, қора-қора, ақсақал, сары май, отыз- қырық, қызыл- қоңыр.

«Кім бірінші» ойыны.

Топқа 3 қатар жарысады.

1-   қатарға- Адамдар есімі

2-   қатарға – Жер- су аттары

3-   қатарға өсімдік аттары.

 Ребус шешу. Бұл қандай сөздер?

Аты оның 2-3 заттан құралады,

Ұят қой бұл қаланың білмегенің.

Ол берген көмірмен, жылуымен

Сан ала өндіріспен нұранады.

Сөз құрау ойыны.

Екі түбірден сөз құрау.

Тас, көк, шаң,талды, ала,сорғыш, көл, бақа, құтан, қорған.

Сұрақ – жауап.

Тест жұмыстары.

1.Екі немесе одан көп сөзден жасалған сөздер.

а) дара сөздер

ә) күрделі сөздер

б) туынды сөздер

2. Бірге жазылатын сөзді тап.

а) көк (бие)

ә) көк (түтін)

б) көк (жиек)

3. байқоңыр қандай сөзге жатады?

а) тіркескен сөз

ә) біріккен сөз

б) қос сөз

4. Дұрыс жазылған сөзді тап.

а) Темірқазық

ә) темір қазық

б) Темірғазық

5. « қас пен көздің арасында» қандай сөз?

а) туынды сөз

ә) тұрақты сөз тіркестері

б) күрделі сөздер

Айнагүл:сендерден алда қандай үлкен мереке келе жатқанын білгісі келеді. Кәне айтайықшы...

16- желтоқсан Қазақстан мемлекетінің тәуелсіздік алған күні.

Желтоқсанға байланысты өлең білеміз бе? Білсек айтайық. Өлең айтылады, біріккен сөзді табамыз.

 

Бекіту. Қандай сөзбен таныстын? Бірікен сөз қалай жасалады? Психолгиялық дайындықты орындадық па? Ендеше хормен:

Біріккен сөз- әрқашан бізбен бірге.

Үйге тапсырма: ереже, жаттығу.

Бағалау: бағаларын күнделікке қою


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер.
Біріккен сөздер.
Бірігу арқылы жасалған туынды сөздер
Біріккен сөзді тап
Біріккен сөздер
Қазақ тілінен тест
Біріккен сөздер
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 2445 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык