Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Біріккен сөздер.


Біріккен сөздер.

Біріккен сөздер.

Сабақтың тақырыбы:    Біріккен сөздер.

Сабақтың мақсаты:

                                   Білімділік:  кейбір сөздер бірнеше түбірлерден құралып,

          бірігіп жазылатын, жер – су аттарын білдіретін          

          біріккен сөздердегі қатар келген екі дауысты дыбыс 

         сақталып жазылатынын екі сөзден тұратын кісі

         аттарындағы қатар келген екі дауысты дыбыстың бірі

        түсіріліп жазылатынын түсіндіру. .

                                   Тәрбиелік:  оқушыларды ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа,

         жинақылыққа, әрі көркем жазуға тәрбиелеу.

                                   Дамытушылық:  оқушылардың ауызша және жазбаша тілдерін

        дамыту, сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуін, 

        шығармашылық қабілетін арттыру.

Сабақтың түрі:  аралас сабақ.

Сабақтың әдіс – тәсілі:  түсіндіру, сұрақ – жауап, ассасация, топтау, көрнекілік

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, сызбалар, суреттер

Пәнаралық байланыс:  дүниетану, ана тілі, математика

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру бөлімі.

а)  Оқушылармен амандасу, түгендеу.

ә)  Назарларын сабаққа аудару.

б)  Сыныпты  топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру .

 225 – жаттығуды тексеру.

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.

  1. Күрделі сөздер дегеніміз не?
  2. Күрделі сөздер нешеге бөлінеді?

ІV. Жаңа сабақ.

-          Балалар, жаңа сабағымызды бастамас бұрын бәріміз ертегі тыңдайық.

Ерте, ерте, ертеде «Сөзстан» деген елде бір ақсақал өмір сүріпті. Ол ақақалдың үш ұлы болыпты. Біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз. Соның ішінде біріккен сөздің Айна деген қызы болады. Оның өмірі көңілсіз, әрі жалғызсырап жүреді. Өмірден қатты түңіліп келе жатқанда, оның алдынан жайқалған әдемі Гүл шығады.

Гүл: Айна, айна, сен неге сонша көңілсізсің?

Айна: Жалғыздықтан жалықтым, өзіме лайық дос іздеп келемін.

Гүл: Мені елдің бәрі көркем, әдемі дейді. Бірақ өзімнің әдемілігімде ешқашан көрген емеспін, көргім келеді, менімен дос болшы.

Айна: Алақай, алақай, мен өзіме дос таптым.

Осыдан екеуі дос болып бірігеді. Содан бері қазақта Айнагүл есімді қыз бала атын қоя бастапты. Сонымен Айнагүл деген есім екі түбірден Айна + Гүл сөздерінің бірігуінен жасалған біріккен сөз. Олай болса, бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы біріккен сөз. Біріккен сөз дегеніміз екі немесе одан да көп сөздердің бірігуі арқылы жасалған күрделі сөздер.

      Біріккен сөздердің айтылуы мен жазылу ерекшелігіне тоқталсақ, жер – су аттарын білдіретін біріккен сөздердегі қатар келген екі дауысты дыбыс сақталып жазылады.

Мысалы: Сары + Арқа – Сарыарқа.

        Екі сөзден тұратын кісі аттарынындағы қатар келген дауысты дыбыстың бірі түсіріліп жазылады. Мысалы: Мырза + Ахмет – Мырзахмет.

Оқулықпен жұмыс.

226 – жаттығу. ( ауызша )

Әр сөз неше түбірден құралған.?

Айнабұлақ, қосаяқ, Тескенсу, итмұрын, Алакөл, Ботагөз, Талдықорған, Есдәулет, аққу, ақбөкен, шаңсорғыш, балмұздақ.

Дәптермен жұмыс.

227 – жаттығу.

Біріккен сөздердің арасына қосу ( + ) белгісін салу.

                  Қос + құдық                               Ақ + қу

                  Қара + жал                                  Бір + жан

                  Ақ + теңіз                                    Көк + жиек

                  Ақ + төс                                       Саңырау + құлақ

Сергіту сәті.

         Бүгін теледидардан қандай бағдарлама болатынын естеріңізге саламыз.

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған № 69 орта мектептің мұғалімі. Сіздердің назарларыңызға төмендегі бағдарламамызды ұсынамыз.

            8.00 Жаңалықтар                               15. 10. Жетісаз

            8.20 Тілашар                                       15.45. Жансусар

            9.15 Аңсар                                          18.40. Баспасөз – 2009

            10.10 Көзайым                                   19.40. Қалаймақан

            11.20 Бағдаршам                                20.00 Ақжүніс

  21.05. Көркем фильм «Ботагөз»

Тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет. ( оқушылар біріккен сөздерді тауып түбірлерін қол соғу арқылы білдіреді.

Шығармашылық жұмыс.

І топ. Аңдардың атын жазу.

ІІ топ. Құстардың атын жазу.

ІІІ топ. Жәндіктердің атын жазу.

Дәптермен жұмыс.

228 – жаттығу.

Біріккен сөздер қай есімнен жасалғандығын түсіндіру.

                        Ақ маңдай Алатаудың асқарынан,

                        Түрленген Тарбағатай тауларынан

                        Дәрі үшін даярлайды шипа шөпті,

                        Бурабай, Баянауыл бастарынан.

«Кім шапшаң?» ойыны

І топ. Сыңарын тауып, сөйлем құра.

            Сары

Саңырау

Кемпір

ІІ топ. Сыңарын тауып, сөйлем құра.

            Кітап

            Ала

            Айна

ІІІ топ. Сыңарын тауып, сөйлем құра.

            Ақыл

            Қара

            Ақ

Дамытушылық тапсырма.

1 – тапсырма.

І топ: Таудың суретін салу.

ІІ топ. Шөптің суретін салу.

ІІІ топ. Балықтың суретін салу.

2 – тапсырма.

Салған суретке ат жазу.

V. Жаңа сабақты бекіту.

Сонымен бүгін біз қандай тақырыппен таныстық? Не үйрендік?

                                                         VІ. Үйге тапсырма.

Үйден 230 – жаттығуды орындап келу.

VІІ. Бағалау.

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау. 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер.
Біріккен сөздер .
Біріккен сөз
Біріккен сөздер 38-43 жаттығу
Біріккен сөздер
Біріккен сөздердің емлесі
Біріккен сөздер
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 2443 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык