Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Ц» дыбысы мен әрпі.


«Ц» дыбысы мен әрпі.

«Ц» дыбысы мен әрпі.

Сабақтың тақырыбы: «Ц» дыбысы мен әрпі.

Мақсаты:

Оқушыларға ц дыбысы мен әрпін таныстыру. Ц –дыбысынан келетін сөздер ретін оқыту және басқа дыбыстармен салыстыру.

Міндеттері:

  1. Текше лақтыру арқылы үй тапсырмасын сұрауда қаншалықты меңгергендіктерін байқау, слайдтан Астананы көрсете отырып, Целиногард пен таныстыру.
  2. Мәтінді және өлеңді оқытуда оқушылардың тілін, ауызша сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
  3. Отанын сүюге, кезкелген мамандық иелерін сыйлай білуге тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ

Көрнекілік: экран, теледидар, кеспе сөздер, теңге, ц-әрпі, ц-дан келетін сөздер, Астана клипі, кластер, т\б

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, салыстыру, көрнекілік, байқау.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі;

А) Оқушыларды отырғызу;

Ә) Сабаққа көңілдерін аудару;

Б) Сәттілік тілеу:

Мұғалім: - кәне, балалар күнімізге сәттілік тілейік!

Оқушылар: -Күніміз сәтті болсын,

                        Алар біліміміз мол болсын!

                        Сәттілік! Сәттілік! Сәттілік!

В) Жыл мезгіліне сипаттама:

  • Қазір қай мезгіл?
  • Қысқы табиғатқа қысқаша мінездеме беріп өтіңдер.
  • Қыс қандай?
  • Бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Себебі өздерің білесіңдер.
  • Еліміздің тәуелсіздігіне неше жыл толғалы отыр?
  • Ендеше біз осы сабағымызда Тәуелсіз еліміз секілді 20 шыңға шықпақпыз.
  • Сендер мына сандар жазылған қағазды көрдіңдер ме? Сол қағаздағы сандарды өз білімдерің арқылы көрсетесіңдер. Егер сабаққа жақсы қатысып, мұғалімнің айтқанын тыңдап, сұрақтарға жауап беріп отырсаңдар. Мен мына сандарды (5, 10, 15, 20) бірте-бірте ашамын. Сосын мына сандардың артындағы суретті табамыз.
  • Ол не екенін білгілерің келе ме?
  • 16 жетоқсанда қандай мереке бар?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  • Үйге не берілді?
  • Щ-қандай дыбыс?
  • Суретте не берілген?
  • Щетка-сөзінде неше дыбыс неше әріп бар?

(оқушыларға үйге берілген сөздерді текше лақтыру арқылы оқыту текшені лақтырғанда мысалы «сөз» деп жазылса, онда оқушы кітаптан сөздер оқиды, егер «сөйлем» десе онда мәтінді оқиды, «өлең» десе онда өлеңді жатқа айтады)

  • Үй тапсырмасына жақсы дайындалып келіпсіңдер?
  • Ендеше мен мына сандардың ішіндегі 5-ті ашамын.

ІІІ. Жаңа сабақ:

(экраннан цирк суреттері шығады)

  • Ненің суреттері?
  • Мынау кім? (сайқымазақ)
  • Сайқымазақ қайда болады?
  • Сонымен бүгінгі өтетін дыбысымыз бен әрпіміз Цц.

(қайталатын айтқызу, экранда Ц-Ц-Ц шығады)

Ц –Ц –Ц –Ц

Ц-қандай дыбыс? Неліктен?

Ц-дауыссыз

  • Ауыздан шықса ол не? Дыбыс.

Ц- дыбыс

А)  Дауыстылар елін аралау.

  1. Кәне, балалар біз сендермен дабыстылар еліне шығайық.

(тақтада дауысты дыбыстар үйшік –үйшікте болады)

Оқиық: ЦА-ЦА-ЦА

                             ЦО-ЦО-ЦО

                             ЦЕ-ЦЕ-ЦЕ

                             ЦУ-ЦУ-ЦУ

                             ЦИ-ЦИ-ЦИ

  • Қандай шешім шығаруға болады?

Ә) Кітаппен жұмыс:

  • Дыбыс көк пен қызыл түсті дөңгелек, егер бос дөңгелеке болса, ол –әріп деген сөз.
  • Циркуль –сөзінде неше дыбыс неше әріп бар? (6 дыбыс,7әріп)
  • Неше дауысты дыбыс?
  • Неше дауыссыз?
  • Тізбектеп оқыту;
  • Қатармен оқыту;

ІҮ. Сергіту сәті:

Аю отыр партада,

Екі қолы қалтада.

А-дейді, б-дейді,

Р-ға тілі келмейді.

Ұят-ай, ұят-ай (2рет)

Б) Мәтінмен жұмыс:

(оқушылар мәтінді оқиды, сол мәтінге сәйкес суреттер іліп отырады)

  • Мәтін қалай аталады?

Цирк

(тақтаға цирктің суреті ілінеді)

Апам екеуіміз циркке бардық. Циркте үйретілген хайуанаттар көп. Біз олардың ойындарын көрдік. Аюлар биледі. Иттер футбол ойнады.

  • Жақсы оқып, мені қуантқандарың үшін мен неше санын ашамын. (10)

В) Дәптермен жұмыс:

Дәптерді көлбеу қоямыз,

Қолға қалам аламыз.

Суретпенен жазуларды,

Әдемілеп саламыз.

Ауада жазу:

  • Солдан оңға қарай жарты көлбеу сызық, жоғарыдан төмен қарай көлбеу таяқша оңға бұра, жоғарыға қарай көлбеу сызық, жоғарыдан төмен қарай тік ілмек)

Ц          Ц        Ц

ц           ц           ц

Кластерге әріп деген сөзді ілу.

(оқушылардың отыру ережелерін қадағалау)

Ү. Сергіту сәті:

Саусақты бүк және аш,

Алға қарай соза түс,

Кәне, шашу шаш. (2рет қайталату)

  • Кәне, дәптерге орындаймыз.
  • Біз не жаздық?
  • Ц- сонда не?
  • Әдемі жазып, өз ойларыңды ашқандарың үшін мен қай санды ашамын. (15)

ҮІ. Ой ашар:

  • Жазып болсақ мен сендерге бір құпия айтайын.
  • Бәріміз назарымызды слайдқа бұрайық.
  • Қазақстан Республикасының астанасы қай қала кім айтады?
  • Астана деген ат Астана қаласына кейіннен берілген.
  • Астананың бұрынғы аты-Целиноград.
  • Еуразияның жүрегіне айналған қазақ жеріндегі керемет, ертегілер қаласы –Астана.
  • Қай дыбыстан басталады?
  • Ц-дыбысынан.
  • Мен сендерге қима қағаздар таратып беремін, сендер сол қағаздағы сөздерден дауысты, дауыссыз дыбыстардың астын сызып бересіңдер. Ол үшін қолдарыңа көк, қызыл қарындаш алыңдар.

ҮІІ. «Тауып көр» ойыны

Шарты: оқышалар тақтадағы сөздердегі әріптерді оқып, қай әріптің түсіп қалғанын табады. Тапқан оқушы тақтаға шығып дереу жазады. (маркермен)

Берілетін сөздер:

.

И

Р

К

 

О

Ф

И 

.

Е

Р

 

.

И

Ф 

Р

 

К

В 

А 

Р

.

 

М

А

Р 

Г

Н

Е

.

  • Сонда ц-дыбысы сөздің басында, ортасында, аяғында келіп тұр. Олай болса ц-дыбысын не дейміз –әмбебап.
  • Осындай керемет білімдеріңе қарай ең соңғы ұяшықты ашамын. (20)
  • Қандай сурет шықты?
  • 20 саны нені білдіреді?

ҮІІІ. Қорытынды:

Цифр да бар,

Қол да жоқ.

Цирк те бар,

Бор да жоқ.

  • Қандай әріп? (ц)
  • Сонымен бүгін біз қандай дыбыс өттік?
  • Ендеше бүгінгі сабағымызды қорытындылайық. (тақтаға бір оқушыны шығарып, кластер бойынша сөйлету)

ІХ. Үйге тапсырма беру:

  • Осы ц-дыбысы бар бетті оқып, суретке ауызша әңгіме құру.
  • Дәптердегі сөздерді аяқтап келу.

Х. Рефлексия:

  1. Сонымен сабақ ұнады ма?
  2. Не білдіңдер?
  3. Сендерге сабақта әсіресе не ұнады?
  4. Ал сендерге бүгінгі сабақта осылай қатысқандарың үшін рақмет айтамын.
  5. Сол себепті осындай Тәуелсіздіктің 20 жылдығындағы керемет сабақты үнемі еске алып жүрсін деп сендерге мынандай сыйлық тарту етпекпін. Еліміздің қорғаны, панасы да данасы әрі сеніп жүрер ақылдысы болыңдар. Білімді ұрпақ болыңдар. 
  6. Сабақ аяталды.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қ дыбысы мен әрпі
"Пп"дыбысы мен әрпі
Қ дыбысы және әрпі
Ц дыбысы мен әрпі
Үү дыбысы мен әрпі
А а дыбысы мен әрпі
Х дыбысы мен әрпі
Г г дыбысы мен әрпі
С с дыбысы мен әріп таңбасы
Н н дыбысы мен әріп таңбасы.
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 37687 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык