Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Есептің мәнді белгісі.


Есептің мәнді белгісі.

 Есептің мәнді белгісі.

Тақырыбы: Есептің мәнді белгісі.  («Артық» және «кем» ұғымдарымен байланысты мәтіндерді салыстыру, оның біреуі есеп)

Мақсаты: 1. Бірнеше бірлікке кем және артық санды табуға арналған есеп

жайлы оқушылардың білімін жетілдіру. Есептеу дағдыларын тиянақтау.

2. Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру. Ой-өрісін, тіл байлығын дамыту

                   3. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.Достық қарым-қатынасқа баулу.

Көрнекілік:  Дымбілместің суреті, лабиринт т.с.с.

Барысы:

                   І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Психологиялық дайындық

-Үй жұмысын тексеру

                   ІІ. Негізгі бөлім.

1.Ауызша санау:   Ойын: «Адасқан сандар»

0 ден 10-ға дейін сандар тақтада орындары ауыстырылып ілінеді.

-Балалар, мына сандар адасып қалыпты. Қане бұларды өз орындарына қояйық. Ол үшін 10 бала керек. Әр бала бір сан алып өз орынын табу керек.

0, 1, 2, 3..... 10.

- 10 санын таңбалау үшін неше цифр керек? (екеу)

- Оны қалай атаймыз?   (екі таңбалы сан         )

-Ал, 1, 2, 5 сандарын қалай атауға болады? (бір таңбалы сан)

2. Дәптермен жұмыс:

а) бүгінгі күнді жазу.

ә) көркем жазу минуты.

3. Ойындық ситуация:

-Бүгін бізге қонаққа Дымбілмес келді. Ол сендерден көмек сұрауға келіпті. Көмектесеміз ба?

-Дымбілмес мектепке барғысы келеді. Бірақ жол бойы бірнеше кедергі бар екен. Біз бұларды өтуге көмектесейік. Солай ма?

Тақтада лабиринт ілініп тұр. Бір баланы шығарып маркермен бірінші кедергіге дейін сызады.

1 тапсырма: Есепте:

6+2;            5+4;            6+4;            7-2;             5+1;

8-5;             7-4;             6+3;            2+5;            10-5;

1-2 баланы тақтаға шығарып, есептету.

2 тапсырма: 76 бет, № 1 шығару.

-Бірден екі есеп оқылады. Есептерді салыстыру:

-Айырмашылығы неде?  Қайсысы есеп? Неліктен? (Сол жақтағы есеп емес, себебі онда сұрақ жоқ) Оң жақтағы есепті шығару:

Қой – 10

Ешкі - ? 4-еуі кем

Ш: 10-4=6 (е.)

Ж: Қорада 6 ешкі бар.

                                            4. Серігіту сәті

Алдымнан жел еседі,

Ағаштар тербеледі,

Кішкентай ағаштар,

Үлкен болып өседі.

5.Ойынды жалғастыру.

3. тапсырма: 3 қатарды жарыстыру. Тақтаға 3 дөңгелек ілу. Оның ішінде 0-10 дейін сандар жазылған. Фломастармен сандарды өсу ретімен жалғастыру. Қай қатар бірінші бітіреді.

4 тапсырма:Есеп шығар: 

Арманда 6 кітап бар. Әлияда 3 кітап бар. Барлығы қанша кітап бар? (Бір баланы тақтаға шығарамын)

Арманда – 6 к.

Әлияда – 3 к.

Барлығы – ?

Ш: 6+3=9 (к.)

Ж: Барлығы 9 кітап.

- Өте жақсы. Біз ақырғы кедергіден өттік. Енді Дымбілмес мектепте оқитын болды. Ол сендерге көп рахмет айтып тұр.

                  

                   ІІІ. Қорытынды.

-Біз бүгін сабақта не істедік?

-Сендерге не ұнады?

-Қай тапсырма қиын болды?

-Үйге 76 бет № 2

-Бағалау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Үш таңбалы сандарды оқу, жазу, және салыстыру.
Ондықтан аттап жазбаша қосу және азайту.
32+5,47-5
Геометриялық фигуралар.
Екі амалдан тұратын есептер.
Ондықтарды салыстыру.
0- 7 сандары
0- 7 сандары
9 санын қосу және азайту
Геометриялық фигуралар
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 3185 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык