Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Математика |
Көрсетілім: 2017 |
|
|
|
0- 7 сандары
Сабақтың тақырыбы: 0- 7 сандары
Сабақтың мақсаты: заттарды санау, салыстыру, есептеу сияқты мәселелерді шешу. Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру. Шапшаңдыққа, ептілікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Түрі: сайыс
Көрнекілігі: 0 - ден 7-ге дейінгі сандар, кеспе қағаздары
Сабақтың барысы:
Тәрбиеші: Бүгінгі сабағымызға қонақ апайлар қатысып отыр. Математикадан білімдерімізді көрсетейік. Ендеше қазір біз әр түрлі, қызықты тапсырмалар орындаймыз. үш топқа бөлініп алайық: 1 топ: дөңгелек
2 топ: үшбұрыш
3 топ: төртбұрыш
Психологиялық дайындық
Армысың, асыл күн,
Армысың, асыл жер.
Армысың, жан досым,
Армысың, көк аспан
Жылуыма жылу қос
Болайықшы жақсы дос
Тәрбиеші: Бүгінгі сайысымыздың кезеңдерімен таныс болсақ:
1. Кім шапшаң?
2. Қандай сан жетіспейді?
3. Логикалық есептер
4. Келіңдер, есептейік
5. Кім жылдам?
1. Кім шапшаң.
0-ден 7-ге дейінгі сандар шашылып жатады. Сандарды рет – ретімен, қай саннан кейін қай сан тұратының қарап, жазып шығу.( 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7.)
2. Қандай сан жетіспейді?
Сандар қатарындағы жоқ санды тауып, жазу. 0, 1,..., 3, 4,..., 6,....
Логикалық есептер.
Айгүлде үш мысық, Айнұрда екі мысық Қосқанда барлығын Болады неше мысық? (3+2=5)
Жүзіп жүр 4 аққу
Ұшып жүр 2 аққу
Қосқанда екеуін
Болады қанша аққу? (4+2=6)
Алма ағашта 5 алма
Қандай тәтті жесе алма
Бесеуінде жеп қойсам
Қалады онда неше алма? (5 - 5=0)
Сергіту сәті. Сұр қоян
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы – қырлы жерлермен
Ытқып – ытқып жүгірді.
Қара еді артына
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің
3. Келіңдер, есептейік.
Үш топқа үш түрлі есеп беріледі. Есептің шешуін қатесіз, шапшаң шығару.
1 – тапсырма
2 – тапсырма:
Ақша санауды үйренеміз. Сол жақтағы ақшаларды санап, оң жақтағы дөңгелектің ішіне цифрмен жаз
3 тапсырма «Тез есепте»
(үй жануарлары суреті)
3+1
2+2
1+3
4. Кім жылдам?
- Сана да жаз.(суреттер беріледі)
- 5 санының құрамын анықта
3 қызыл машина
2 көк машина
Барлығы: 5 машина
3+2=5
- Аққаладан неше дөңгелек, жұлдызша, сопақша бар екенін тап.
1 дөңгелек, 1 жұлдызша, 1сопақша
Тәрбиеші: Сайысымыздың кезеңдері аяқталды. Сөз кезегін әділ – қазы алқаларына береміз. Топтарды марапаттау
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |